45
Үнемі
душ қабылдаңыз, тамақ алдында қолыңызды жақсылап
жуыңыз, аузыңызды ас содасының аз мөлшеріндегі су ерітіндісімен
шайыңыз;
Консервілердегі немесе жабық қоймаларда сақталған тамақты ғана
жеңіз.
Эвакуация кезіндегі әрекеттер:
Нұсқаулықты, əсіресе, уақыты мен жиналу орнын анықтап естіп
алыңыз;
Көршілеріңізге
хабарлаңыз, мүмкін біреуіне көмек керек болар;
жаныңыздағы көрші қартайған жандарға, мүгедектерге,
балалары
бар отбасыларға көңіл бөліңіз;
Су, газды жабыңыз, электр қуатын сөндіріңіз;
Жеке қорғану құралын киіңіз;
Өзіңізбен керекті заттар салынған дорбаны (рюкзак) алыңыз; дорба
полиэтиленді пленкамен ораңыз;
Есік сыртына «№... пəтерінде ешкім жоқ» деген хабарлама жазып
кетіңіз;
Колонна қалыптасқанда немесе тасымалдау құралына отырғанда
ТЖМ өкіліне тіркеліңіз;
Қауіпсіз аймаққа келгенде,өздігіңізше
немесе тағайындалған
орындарда, радиоактивті тозаңды құрту үшін барлық киіміңізді, аяқ
киміңізді шешу арқылы қатерсіздендіру жасаңыз;
Бетіңізді, қолыңызды күшті жуғыш заттармен мұқият жуыңыз.
Одан кейін де аяқ киіміңіз бен киімдеріңізді полиэтиленді пакетке
орап, қолданбағаныңыз абзал;
Ересектің жəне балалардың қалқанша безін радиоактивті йодтың
изотопынан сақтау үшін апаттың алғашқы кезеңінде йодты алдын ала
емдеу жүргізіледі. Йодты калийді төмендегідей дозада қабылдайды:
ересектер мен 2 жастан жоғары балалар үшін 0,125 г., 2 жасқа дейінгі
балалар үшін 0,04 г. тамақтан кейін 1 рет 7 тəулік қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: