134
Сурет 9.2. «Ауыздан ауызға» жасанды дем беру
Зардап шегушінің қысатын киімдерін шешу, жағасын ашу,
белдеуін алу,
ауыз қуысындағы көбік, құсық, қанды тазалау,
тротездерін алу керек. Бұны саусақтармен, майлықтармен,
таңғыштармен, шүберектермен жасайды.
Жасанды дем берудің ең тиімді тəсілі болып
«ауыздан ауызға»
(9.2-
сурет) болып табылады. Зардап шегушінің басын максималды
шалқайту керек. Бұл жағдайды сақтау үшін жауырынының астына бір
зат қойыңыз қойыңыз.
Бір қолыңызбен басын ұстап, екінші
қолыңызбен астыңғы жағын аузы жартылай ашу болуы үшін ұстап
тұрыңыз. Сосын терең дем алып, көмек беруші дəке немесе шүберек
қойып ауыздан зардап шегушінің аузына өкпесіндегі ауаны үрлейді.
Сол уақытта басын ұстап тұрған қол саусақтарымен мұрнын жабады.
Зардап шегушінің өкпесі кеңейіп, тыныс алу болады. Көмек беруші
қайтадан
тыныс алып, сау адамның тыныс алу жиілігіне сəйкес ауа
жібереді. Өкпеге ауа үрлеуді арнайы түтікше арқылы да орындауға
болады.
Егер зардап шегушінің жақтары жабылып, ашылмаса, онда ауаны
мұрын
арқылы жібереді («ауыздан мұрынға» тәсілі). Ол үшін бір
қолымен басын ұстап тұрса, екіншісімен аузын жауып тұрады (9.3-
сурет). Сосын терең демалып, орамал арқылы аузымен зардап
шегушінің мұрнына ауа үрлейді. Зардап шегушінің кеуде қуысы
үлкейген кезде, көмек беруші оның мұрнынан аузын жəне
аузынан
қолын алады. Содан кейін тыныс шығару болады.
135
9.3-
сурет. «Ауыздан мұрынға» жасанды дем беруге дайындық: бір
қол зардап шегушінің шеке аймағына қойылады, екіншісі – жақты
көтереді жəне аузын жабады.
Тыныс шығару ауасымен жасанды дем беру əдісінің артықшылығы
төмендегілер кіреді:
оны барлық адам жасай алады;
минутына 12-20 рет үрлеуде 100 1500 мл ауа үріледі, ол
артериядағы қанға толықтай ауа жеткізіледі жəне ағзадан
көмірқышқыл газы шығуына жеткілікті;
оны кез келген тыныс алу бұзылуында қолдануға болады;
оны 30-60 минут барысында бір адам жасауға болады;
Оны жасауда құтқарушы жатуға да болады.
Достарыңызбен бөлісу: