136
9.4-
сурет. Каллистова əдісі;
а – дем алу; б – дем шығару.
Каллистов əдісі (9.4-сурет.). Зардап шегушіні екпепінен қолын
алға созып жатқызады. Бетіне жұмсақ киімдерінің бірін қояды.
Құтқарушы зардап шегушінің басы жағында тұрады,
ұзын белбеуді
алып жауырына ілу арқылы иығын байлайды. Сосын құтқарушы
белбеудің екінші тұсын алып еңкейіп тұрады. Тыныс алу үшін
құтқарушы бойын тіктейді. Оның нəтижесінде зардап шегушінің
кеудесі көтеріледі. Ол белбеуге ілініп тұрады. Тыныс шығару үшін
құтқарушы оны жерге жібереді (бетін
жерге ұрылмауын байқау
керек). Минутта 12-14 тыныс алынады.
9.5-
сурет. Нильсен əдісі
137
Нильсен əдісі (9.5-сурет). Зардап шегушіні екпетінен қолын алға
созып жатқызады. Құтқарушы бір аяғын бүгіп, екіншісін жерге тіреп
тұрады.
«Бір» дегенде құқарушы алақанын зардап шегушінің арқасын
қояды, «екі» дегенінде
иықтарын жерге тірейді, «үш, төрт»
алақанымен кеуде тұсын басады, «бес» оны иығын көтереді,
жауырындары
бір-біріне жақындап, иық байланыстырушы бұлшық
еттер кеуде жасушаларын көтереді, солай кеңейеді.
Тыныс алу
болады.
«
Кеудені қатты басу + бір қолын көтеру» әдісі. зардап шегушіні
бір жанынан жатқызады, бетін жерге қаратып.
Көмек беруші оның
артына жатып, қолтығынының астынан қолын көтереді.
Көмек беруші бір қолымен зардап шегушінің кеудесін қысып,
екінші қолымен оның қолын жоғары көтереді. Тыныс алу «бір, екі,
үш» дегенде болады, ал тыныс шығару «бір, екі» дегенде болады.
Тыныс алу əрекеті минутына 12-14 рет.
Бейбіт уақытта қолмен жасау əдісі
тиімділігінің жеткіліксіз
болуына байланысты кеңінен қолданылмайды, оның үстіне оларды
жасау өте қиын. Зардап шегуші арқасымен жатпаған кездегі жасанды
дем берудің қолмен жасау əдістері бір уақытта жасанды дем беру мен
массаж жасауға мүмкіндік бермейді. Жасанды тыныс берудің 120-дан
астам қолмен жасау əдісі бар екендігінің
өзі олардың тиімділігінің
жоғары еместігін көрсетеді.
Егер зардап шегуші естен танып, ешқандай белгілері болмаса, онда
қабағын ашып қарашығы жарыққа əсер ететінін немесе əсер
етпейтінін тексеру керек (жарық түскенде жиырылады). Сосын үлкен
артерияының соғысын тексеру керек (мойынның жоғарғы жағы).
Шатаспас үшін тамыр соғысын тексеру 10 с кем болмау керек.
Егер зардап шегушіде тамыр соғысы болмаса, арқасына жатқызып
жүрек-өкпе жансақтауын жасау қажет. Кеуде тұсын босатады.
Уақытты жоғалтпас үшін киімдерін мойынға қарай ысырады.
Ерлердің галстугін шешу керек. шалбар мен белдемшелердегі
белдіктерді босату. Кеуде тұсында медальондар, алқалар жоқтығына
көз жеткізу керек.
Жарақаттанбау үшін екі саусақпен семсер тəрізді өсіндіні жабады.
Ол төменгі
қабырға орналасқан жерде, кеуденің төменгі тұсында
болады жəне қатты соққыдан сынып бауырға зиянын тигізуі мүмкін.