Практикум жұмыстарын дайындау мен рәсімдеуге арналған әдістемелік нұсқаулар


Химиялық зертханада зертханалық практикумды орындаудың



бет2/3
Дата28.11.2022
өлшемі115.82 Kb.
#465905
түріПрактикум
1   2   3
Зертханалық практикум жұмыстарын дайындау мен рәсімдеуге арналған әдістемелік нұсқаулар

2.2 Химиялық зертханада зертханалық практикумды орындаудың
техника қауіпсіздігі ережесі

Химиялық зертханада зертханалық практикумды орындаудың алдында техника қауіпсіздігінің (ТҚ) жалпы ережелерімен, химиялық реактивтерді қолданудың сақтық шараларымен және күйгенде, уланғанда алғашқы көмек көрсетудің шараларымен танысу қажет.




Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері



  • Барлық зертханалық жұмысқа оның барлық кезеңдері белгілі болғанда кірісу қажет.

  • Химиялық зертханада өте ұқыпты жұмыс жасау қажет, жұмыс столында тек қана құралдар мен жұмыс дәптері ғана болуы тиіс.

  • Химиялық реактивтерден киімді қорғау үшін арнайы химиялық халат киіп жұмыс жасау қажет.



Химиялық реактивтерді пайдаланудың сақтық шаралары



  • Улы, ұшқыш және күйдіргіш заттармен жұмыстарды тек тартпа шкафтарда, шкафтың есігінің үштен бірін ашып, жүргізу керек.

  • Этикеткасы жоқ реактивтерді пайдалануға болмайды.

  • Қышқылдың, сілтінің және тез тұтанғыш заттардың қалдықтарын раковинаға төгуге болмайды; оларды тартпа шакфта болатын арнайы кішкентай шыны сауытқа құяды.

  • Концентрлі күкірт қышқылын сұйылтқанда қышқылды суға араластыра отырып, шамалы мөлшерін құю керек, ал керісінше істеуге болмайды.

  • Қосылулы тұрған электр құралдары немесе горелкаға жақын тұрған тез тұтанғыш заттармен жұмыс жасауға тыйым салынады.

  • Пипеткаға концентрлі қышқыл немесе сілтіні сору үшін резеңке грушаны немесе сорғышты пайдалану керек.

  • Ыстық сұйықтықты тек термотұрақты шыны ыдысқа құю керек.

  • Раковинаға әрекеттеспеген металдың қалдығын тастауға болмайды.

  • Химиялық белсенді заттармен (концентрлі қышқылдармен, сілтілермен, сілтілі металдармен, фосфор, бром және т.б.) жұмыс істегенде арнайы көзілдірікті кию керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет