Практикум жұмыстарын дайындау мен рәсімдеуге арналған әдістемелік нұсқаулар


Уланғанда және күйгенде көрсетілетін алғашқы көмек шаралары



бет3/3
Дата28.11.2022
өлшемі115.82 Kb.
#465905
түріПрактикум
1   2   3
Зертханалық практикум жұмыстарын дайындау мен рәсімдеуге арналған әдістемелік нұсқаулар

Уланғанда және күйгенде көрсетілетін алғашқы көмек шаралары



  • Термиялық күйікте теріні спиртпен жуып, сонан соң күйгенге арналған майды жағу қажет.

  • Теріге қышқыл немесе сілті тигенде күйген жерді сумен шайып, содан кейін қышқылмен күйгенде 3% - тік ас содасының ерітіндісімен, ал сілтімен күйгенде 1% - тік бор қышқылы ерітіндісімен жуады.

  • Реактив көзге тигенде ағып тұрған сумен жуып, дәрігердің көмегіне сүйену қажет.

  • Газбен уланғанда зақымдалушыға таза ауаның келуін қамтамасыз ету қажет.



1.3 Зертханалық практикумда пайдаланылатын
химиялық ыдыстар және құралдар

Химиялық зертханаларда тәжірибелер жүргізу үшін арнайы химиялық ыдыстар мен құралдарды қолданады. Химиялық ыдыс химиялық әрекеттесулерге инертті және температураға тұрақты болуы тиіс, ол шыныдан немесе фарфордан жасалады.



Химиялық ыдыс шартты түрде үш топқа бөлінеді:



  • Жалпы тағайындалған – сынауықтар, воронкалар, стақандар, колбалар (1- ші сурет).

  • алшеуга тағайындалған – цилиндрлар, пипеткалар, мензуркалар, өлшегіш колбалар, бюреткалар (2- ші сурет).

  • арнайы тағайындалған - эксикаторлар, тамызғыштар, бюкстер.

Осы зертханалық практикумда келесі құралдар пайдаланылады (4-8 суреттер):



  • қыздырғыш электр плиталары, су моншасы.

  • өлшеу үшін – техникалық және аналитикалық таразылар.

  • электрөлшеуіштер – гальванометр, калориметр, иономер.

  • арнайы – электролизер, ареометр, заттардың эквивалентін және молекулалық массасын анықтауға арналған әр түрлі қондырғылар (№2 зертх. жұмысты қараңыз), электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігін анықтауға арналған қондырғы (№11 зертх. жұмысты қараңыз), ЭДС анықтау үшін (№15 зертх. жұмысты қараңыз) және т.б.





1 2 3 4 5 6 7 8



1- сурет. Шыны ыдыстар: 1а – сынауықтар, 1б – Вюрц сынауығы; 2 – стакандар; 3 – түбі жайпақ колбалар; 4 – түбі дөңгелек колбалар; 5 – Вюрц колбасы; 6 – конусты колбалар; 7 – соруға арналған шыны сауыт; 8 – воронкалар (құйғыш)




1 2 3 4 5



2 - сурет. Өлшеуіш ыдыстар: 1- өлешуіш колба; 2 – пипеткалар; 3 – бюреткалар; 4 – өлшеуіш цилиндр; 5 – өлшеуіш мензурка

а б

3 - сурет. Техникалық (а) және аналитикалық (б) таразылар









4 - сурет. Гальванометр

5 - сурет. Электролизге арналған құрылғы









6- сурет. Калориметр:
1 – сыртқы стакан;
2 – реакцияласатын стакан;
3 – тұғырық;
4 – қақпақ;
5 – бұлғауыш;
6 – сүзгі;
7 – термометр

7- сурет. Ареометр






8 - сурет. Гальваникалық элемент: 1, 5 – бірінші текті электродтар; 3 – электролитті (тұз) көпір; 2, 4 – электролит ерітінділері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет