1.2.4. «Бірэлектронды атомдық жүйелер» тақырыбы бойынша бақылау жұмыстары үшін есептер
І
Литий атомының валенттік электронының 2S және 2P күйлердегі байланыс энергиясы тиісінше, 5,39 және 3,54 эВ-қа тең. Осы атомның S және P термдері үшін кванттық ақауларды есептеңіз.
Электроны бас кванттық саны n = 4 күйде тұрған сутегі атомының термдерінің спектрлік белгіленулерін жазыңыз.
Калийдің резонанстық сызығы – дублет, оның құраушыларының толқын ұзындықтары – 769,898 және 766,491 нм. Осы деректер бойынша калий атомының 4P деңгейінің жіктелуін (эВ-та) табыңыз.
ІІ
Литий атомы: а) 4S; ә) 4P күйден негізгі күйге кванттық ауысқанда сұрыптау ережелері рұқсат ететін қанша спектрлік сызық пайда болады?
Натрий атомының негізгі 3S термінің және 3P термінің кванттық ақаулары тиісінше 1,37 және 0,88-ге тең. Осы атомның иондану потенциалын және бірінші қоздыру потенциалын анықтаңыз.
Li++ иондарының2P→1S сызығының дублеттік құраушылары толқын ұзындықтарының айырымын анықтаңыз.
ІІІ
Ве+ ионының бас сериясы сызығының және оның қысқа толқынды шекарасының толқын ұзындықтары – 321,0 және 68,3нм. Осы деректер бойынша Ве+ ионы үшін S-және P-термдерінің кванттық ақауларын және айқын серияның бас сызығы толқын ұзындығын есептеңіз.
Сутегі атомында 2P-күйде тұрған электронның Е толық энергиясын, Le орбиталық моментін және µL магниттік моментін есептеңіз.
Цезий атомы айқын сериясының бас сызығы (7S→6P)-дублет, оның құраушыларының толқын ұзындықтары – 1469,5 және 1358,8нм. 6P-термінің жіктелу шамасын (эВ-та) анықтаңыз.
IV
Литий атомы валенттік электронының негізгі күйдегі байланыс энергиясы – 5,39 эВ, бірінші қоздыру потенциалы 1,85 В және диффузиялық серияның бас сызығының толқын ұзындығы – 610 нм. Осы атомның S-, P- және D – термдерінің кванттық ақауларын есептеңіз.
Сутегі атомындағы электронның орбиталдық импульс моментін 1,83·10-34Джс-қа тең деп есептеп, электронның орбиталық магниттік моментін анықтаңыз.
Не+ ионы үшін бас кванттық саны n = 2 деңгейінің нәзік түзілісі құраушыларының аралығын (см-1-де) есептеңіз.
V
1. Сутегі атомы үшін Бальмер сериясының бас сызығы нәзік түзілісінің құраушылары санын және шеткі құраушыларының аралығын (см-1) анықтаңыз.
2. Негізгі күйде тұрған сутегі атомы энергиясы 10,2 эВ жарық квантын жұтады. Қоздырылған атомдағы электрон P-күйде болады. Электронның орбиталық импульс моментінің өзгерісін анықтаңыз.
3. Натрий атомының бас сериясының қысқа толқынды шекарасына λ = 243 нм толқын ұзындығы сәйкес келеді. Атомның иондану потенциалын және ΔS кванттық ақауын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |