Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет40/57
Дата25.09.2024
өлшемі2.08 Mb.
#504010
түріПрактикум
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57
Жұманов Атомдық физика

Зееман эффекті
6. Әлсіз магнит өрісінде а) 2F5/2 және ә) 4D1/2 термдері қанша деңгейшеге жіктеледі?
Шешімі: Бұл (1.4.7) формуласындағы әр түрлі mJ санына тәуелді болады, ал оның 2J+1-ге тең болғандығы белгілі. Бірақ бұл әрқашан осылай бола бермейді. Өйткені (1.4.7) магниттік моменттің проекциясы тек mJ -дан емес g-ге де тәуелді. g = 0 болуы да мүмкін. Сондықтан тексеру керек.
а) жағдайында g = 6/7, сондықтан берілген терм 2J + 1 = 6 дең­гейшеге жіктеледі.
ә) жағдайында g = 0, сондықтан , яғни 4D1/2 термі тіпті жіктелмейді.
7. 2S1/2-күйге ауысудан пайда болатын қайсыбір спектрлік сызық әлсіз магнит өрісінде алты құраушыға жіктеледі. Бастапқы термінің спектрлік белгіленуін анықтаңыз.
Шешімі: және сұрыптау ережелеріне сәйкес кванттық ауысу 2PJ2S1/2 болады. Мұнда тек J кванттық саны анықталмаған. J үшін сұрыптау ережесінен J = 1/2 немесе 3/2 екі мән қабылдай алатындығы келіп шығады. J = 1/2 болғанда төрт құраушы, ал J = 3/2 болғанда алты құраушы пайда болады. Еске алатын нәрсе, екінші жағдайда үш құраушы емес, алты құраушы алынады. Бұл 2P3/2 және 2S1/2 термдері үшін g мәні әр түрлі (1/3 және 2) болуы салдарынан. Сонымен, бастапқы терм: 2P3/2.
8. Әлсіз магнит өрісінде стронцийдің і = 467,8 нм (101F371D2) және 2 496,2 нм (3D263Р2) сызықтарының жіктелуін қарастырыңыз. а) термдердің магнит өрісінде жіктелуін, осы термдер арасында мүмкін болатын кванттық ауысуларды графикке кескіндеп көрсетіңіз; ә) магниттік индукциясы В = 3Тл өрісте - және -құраушыларының арақашықтығы (толқындық сандармен) қандай болатынын есептеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет