Правила технической эксплуатации жилищного фонда


Қабаттар арасындағы аражабындар



бет5/28
Дата09.06.2016
өлшемі1.83 Mb.
#124608
түріПравила
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

7.1.5 Қабаттар арасындағы аражабындар

Қабаттар арасындағы аражабындарды пайдалану барысында олардың көтергіштік қабілеттілігін тексеру қажет. Нормативті талаптардың асып кеткен жарылулар мен майысулар рұқсат етілмейді.

Пайдалану барысында темірбетонды жабындарда пайда болатын негізгі ақауларға: нормативтен жоғары майысулар, тоңдану, қабырғалармен байланысқан жерлердегі жарылулар, жабын панелдері арасындағы жарылулар жатады.

Жабыннның көтергіштік қабілеті төмендейтін жабындарда жарылулар мен майысулар табылған жағдайда 10.2.3. п. көрсетілген сілтемелер орындалуы тиіс.

Сыртқы қабырғалардың аймағында аражабындар мен тонданған кезде келесіні жүзеге асыру қажет.

Шатыр жабынында жылуоқшаулағыш қабатын есептік мәніне жеткізу керек. Сыртқы қабырғалардың аймағында полюста 1 м еңімен жылу изоляциясын 15-20% жоғарлату керек.

Сыртқы қабырғалармен жанасқан қабаттар арасындағы арақабырғаларды жылыту үшін сол орындарды жылу изоляцияларын орнату, кірпіш қабырғалардың ішкі беттерін сылау, панель қабырғаларының түйіскен жерлерін нығыздау қажет.

Тоңданған жағдайда үйбеті қабаты жабынында орналасқан баспалдақтар мен желдеткіштерді үйасты қабаты жағынан жылытқан жөн болады. Темірбетонды және темір арқалықтарды шатыр бөлмелері жағынан жылытқан жөн.

Шатырдың жабындысындағы сусымалы жылытқыштарының жойылмауы үшін олардың үстіңгі жағынан ізбес - құм қабықты төгу керек.

Үстінгі қабаттарда орналасқан тұрғын пәтерлерде жоғары дымқылдық, газдалғандық және ерекше иістер анықталған жағдайда, жоба бойынша жабын герметизациясымен қажетті жұмыстарды орындау қажет.

Ағаш жабындысын байқаудан өткізген кезде оның едендерінде орналасқан желдеткіштерінің күйіне, сыртқы қабырғаларға түйісу орындарына, олардың құбырларға қалай қиылысқанына, жылытқыш материалдардың күй-жағдайына және шатыр жабындыларының темір арқалықтарының жылытуына, едендердің түсуі мен төбелер сылақтарының жарылуларына көңіл бөлу қажет.

Ағаш жабындыларын пайдаланған кездегі пайда болатын негізгі ақауларға келесілер жатады: үй саңырауқұлақтары және ағаш жегіш жәндіктердің болуы, қаттылықтың (қалтылдақтық) жеткіліксіздігі және контрукция беріктігінің шамадан артық кетуі немесе оның көтергіштік элементтерінің әлсіреуі, темір арқалықтардың орналасқан жерлерінде шатырдың тондануы және жылытқыш қабаты еңінің жеткіліксіздігі, жабындардың құбырлармен түйіскен жерлерінің дымдануы және т.б.

Егер ағаш жабындарында жанама (ерекше иіс, еденнің түсуі, қалтылдақтық, сулану және т.б.) немесе тура (ағаштың шіруі, бетте саңырауқұлақтардың пайда болуы және т.б.) белгілері көрінсе 7 бөлім нұсқауларын негізге алу қажет.

Майысулар мен қатты қалтылдақтық көрінсе, 10.2.3. п. сілтемелерін орындау керек.

Жабындар арқылы өтетін жылу жіберуші құбыры мен ыстық сумен қамту құбыры арасындағы түйіскен жерлерде жарықтар көрінген жағдайда, олардың арасындағы кеңістікке гильзалар орнату қажет.

Кірпішті күмбездермен, жарылулар және бөлек кірпіштердің құлауы кезінде 10.2.3.п. көрсетілген шараларды қабылдау керек.


7.1.6 Едендер

Едендерді пайдалану кезінде келесі талаптарды сақтау керек:

- цоколь жылуоқшаулауы мен техникалық еденасты техникалық түзу жағдайда болу керек (үй саңырауқұлақтардан құтылу үшін);

- еден тақтайларында табиғи желдету желдеткіш торлар немесе ірге бастырғылар жарықтары арқылы қамтылуы керек;

- едендердің конструкциясына ұзақ әсер ететін ылғалды жою шаралары қабылдануы тиіс;

- еденнің қорғау - әрлеу жабындары қалпына келтіріліп отыруы керек.

Пайдалану барысында пайда болатын ағаш едендердің негізгі ақауларына келесілер жатады: уатылу, кебу және бырысу, аймақтық шөгу, сықыр, қалтылдақтық, беттің тегіс болмауы, тақтай және паркетті едендердің шіруі, жабын негізінің қыртысталуы, бояу қабаттың бұзылуы.

Барлық зақымдалған паркеттің жабыстырғыштары жаңасына ауыстырылуы керек.

Жаңадан қаланған жабыстырғыштар тұрған еденнің деңгейінен 0,5-1,0мм жоғары жатуы керек. Жөндеу жұмыстары біткенен кейін жаңа жабыстырғыштар тізіліп, еденге жаппай циклевка жайылады.

Паркетті едендерді екі айда бір рет мастикамен қашау керек немесе арнайы тозуға төтеп беретін лакпен бояу қажет. Егер паркет жабыстырғышы негізгі битумді мастикамен жабыстырылса, еденді скипидарлы мастикамен қашау тиым салынады, себебі ол битумді ерітіп жібереді де, паркетті қарайтады. Мұндай едендерге тек сулы мастикаларын ғана қолдану керек.

Еден тақтайларын механикалық тозудан, ылғалдың зиянды әсерлерінен сақтау үшін оларды үш жылда бір рет майлы бояулармен бояған жөн болады.

Жаңа еден тақтайлары қатты кеуіп қалған кезде, оларды қорытып, бояу керек.

Қатты тозған немесе зақымдалған бөлек тақтайларды жаңасына үш жағынан ауыстыру керек. Жөндеу жұмыстары біткеннен соң жаңа тақтайларды грунттайды, сылап екі рет бояп шығады.

Линолеумнан және синтетикалық материалдардан жасалған едендердің пайдалану барысында міндетті түрде жоятын негізгі ақауларына келесілер жатады: жарылулар, қабарулар, қирату, негіздің қыртысталуы, отырғызу процесстері.

Цементті-құмды қабатпен жабылған едендегі тозған линолеумді ауыстыру кезінде, еден астын цементті ертіндісімен тегістеп, жөндеуден өткізу қажет, содан кейін линолеум төсеу керек. Еден астындағы негіз қатты, тығыз, жақсы бетпен тегістелуі керек. Басқа жағдайларда тегістеу үшін қалау материалдарын – жартылай қатты ағаш тақтайларын және басқа да материалдарды қолдануға болады.

Линолеум жабынындағы жергілікті қабынуларды тесу және жүк салу арқылы жоюға болады.

Ксилолитті едендердің бөлек бөліктері бұзылған жағдайда, сол бөліктер алынып, орнына ксилолитті масса жағылады. Басқа жағдайларда ксилолитті еденді басқа материалдардан жасалған жабындардың төсем қабаты ретінде қолдануға болады.

Ксилолиті едендерді пайдалану және жөндеу кезінде тиым салынады:

- едендерді жиі және мол сулауға (жоғары электр өткізгіштікке ие болып едендер жарамсыз болып қалады);

- негізді тегістеу кезінде ізбес, цементті-әкті ерітінділерін, күйінді цементтерді қолдануға.

Керамикалық тақталардан жасалған едендердің негізгі ақауларына қыртысталу және жабындардың бұзылуы, жергілікті түсу, шұңқырлар, жарылулар және уатылулар жатады.

Бетонды негіздіктен қалған керамикалық тақталар ерітіндіден тазартылып, сумен жуылады. Тақталардың бекітуін цемент ерітіндісімен жүргіземіз, сонымен қатар ауыстырылатын тақтаны коллоидты-цемент, эпоксидты немесе желімнің көмегімен ауыстырамыз.

Цементті едендердің бұзылған орындарын бітеу кезінде оларды сондай материалмен жабу керек. Негіздіктің беті берік, кесілген, шаңнан тазаланған және ылғалды болу керек.

Цементті едендердің жөнделген орындарын екі күннен кейін цементпен қатырып тастау керек.


7.1.7 Төбе және шатыр

Төбені тексеру кезінде конструкциялардың көтергіштігіне, шатырдың бүтіндігіне, оның қорғаныс қабаттарының жағдайына көңіл бөлуі керек.

Төбе конструкцияларының пайдалану барысында пайда болатын, жөндеуді талап ететін негізгі ақауларына келесілер жатады:

а) ағашты – итарқа түйісуінің бұзылуы, гидроизоляцияның бұзылуы, тас контрукциялардан мауэрлат бөлуші, итарқа астарының майысуы, мауэрлаттардың шіруі;

б) темірбетонды - бұйымдардың беттеріне бетонның бұзылуы, арматура қорғау қабатының жоқ болуы, арматура коррозиясы, жарылулар, шұңқырлар, қабаттану және т.б.

Шатырдың негізгі ақаулары:

а) болат тарақтардың және фальцтердің түйісулерінің әлсіреуі, су ағатын құрылғылардағы біртекті фальцтер, коррозия, тесіктер және құрт жеген тесіктер, бояудың қорғаныс мырыш қабатының бұзылуы;

б) бір элементтерден тұратын шатыр (асбестоцементті тақталар, беттер, черепицалар және т.б.) бөлек элементтердің бұзылуы мен орынауысуы, түсудің болмауы, шатыр үстіндегі шығыңқы конструкциялары мен құрылғылары түйіскен жерлеріндегі тығыздықсыздығы, тор көзге шатыр элементтердің бекітуінің әлсіздігі;

в) оралмалы шатырлар - қабарулар, жарылулар және тесіктер, жергілікті түсулер, тігістерде қабаттану, оралмалы төсемнің қабаттануы, жамылғы және қорғау қабаттарының жарылу және қирауы.

Ағаш көтергіш конструкцияларын пайдалану кезінде болттарды, қамыттар мен басқа металл бекітулерді тартып, қажет болған жағдайда ауыстыру керек.

Шатырдың темірбетонды көтергіштік элементтерінде арматураны жарыққа шығарған жарылулар мен шұңқырлар көрінсе, осы жердегі әлсіз бетонды алып тастап, бетті сумен жуып, цементті ертіндімен жауып тастау керек.

Шатырдың техникалық жағдайы (болатты және біртекті бұйымдардан жасалған) сырттан және шатыр жақтан «жарыққа» тексерілуі керек. Басқа жағдайларда шатырдың тығыздықсыздығын шатыр жылытқышында пайда болған ылғал дақтардың санымен анықтауға болады. Шатырды байқаудан өткізу алдында оны қоқымнан, жапырақтан, шаңнан тазартады.

Шатырды байқау, тазалау және жөндеу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерінің шаралары орындалуы керек. Асбестоцементті шатырлы төбелерде жұмыс істеген кезде жылжымалы баспалдақтармен қолдану керек.

Науаларда және су ағатын құбырлардың шұңқырларында қоқымның жиналуы су ағынына кедергі болып, шатырдың жылдам тозуына әкеледі.

Көктемде су ағарларды, ішкі су ағарларды тазалау керек.

Қара болаттан жасалған шатырдың қорғаныс бояуы6 жылда бір рет майлы бояумен немесе антикоррозиялық қорғаныс бояуларымен 3-6 жылда кемінде бір рет боялуға тиісті. Шатырда және мырышты болаттан жасалған су ағар құрылғылар коррозияға ұшыраған жағдайда, оларды майлы немесе антикоррозиялық құрамдармен бояу керек.

Жабынды беті тозған немесе желге қақтырылған жұмсақ шатырлар қорғаныс қабаттарымен жабылуы тиіс: үш жылда бір рет ірі дәнді өзен құммен қаңыққан мастикамен немесе 6 жылда бір рет құрамында алюминий бар бояулармен.

Оңтүстік аймақтарда қиыршық таспен қаңыққан битумді мастика қорғаныс қабаты рұқсат етіледі.

Шатыр бөлмелерінде орналасқан болат бөлшектердің антикоррозиялық жабындары жаңарып отыруы тиіс (3-6 жыл сайын).

Оралмалы шатырлардың бөлек жерлерін жөндеу шатыр бетін тегістеуге, қабаруларды жоюға, қыртысталған жерлерді түзеуге, қорғаныс қабатын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қабырғамен түйіскен оралмалы шатырды желдеткіш шахталармен мырышты болаттан жасалған фартукпен қорғау қажет, ал радио және теле антенамен түйіскен жерлерге болтатан гильзалар орнатады.

Шатырды ауыстыру жұмыстарын ғимараттың жабындысының атмосфералық жауын-шашын әсерінен ылғалданбауына сәйкес ұйымдастыру керек.

Тұрғын үйлерде үш қабатқа және жоғары шатыр жабындысы периметрі бойынша темір қорғаныс торларын орнату керек. Ерекше жағдайларда қорғаныс құрылғыларын орнату қиындық туғызса, құрылыс конструкцияларына, шатырды жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшылардың қорғаныс белдіктерін ілетін болат ілгектерін қағу керек.

Тиым салынады: жобасыз шатырдың көтергіштік элементтеріне өзгертулер еңгізуге, төбелерге транспаранттар, жарық жарнамалар және басқа құрылғылар орнатуға. Бұл жұмыстар бекітілген жобалар бойынша жүргізіледі.

Шатырастысы жоқ шатырларды байқау кезінде төбе беттерінде ылғал және қара дақтардың барысына, шығыңқы конструкциялармен шатыр төсемінің түйісу жерлеріне, су ағызатын құрылғыларға, қорғаныс қабатына, төсемнің жағдайына көңіл аудару керек. Ақаулар табылған жағдайда, олардың пайда болған себебін анықтап, жою үшін шаралар қолдану керек.

техника - экономикалық жағдайға сәйкес жартылай желдеткіш шатырасты шатырлар (шатырдың нәтижелі желдетуі және төбелерді ыңғайлы қадағалау үшін) орнатуға болады. Шатырға шығу қауіпсіз болуы керек.

Салмалы болат бөлшектерінің жағдайын анықтау үшін тандаулы жолмен түйіндерді тандап, коррозия жанама әсерлерін анықтау қажет.


7.1.8 Терезелер және есіктер

Терезелер және есіктер түзу болуы керек және пайдалану кезінде келесі талаптар орындалуы тиіс:

- герметизирленген тозған және шынылау нығыздағыш материалдарын ауыстырып отыруы керек (алты жылда кемінде 1 бір рет);

- терезелердің ішкі және сыртқы беттері және кіреберіс есіктер 2 жылда кемінде бір рет ластанудан тазартылуы тиіс (көктемде және күзде);

- ағаштан жасалған терезе түптеулері, есік сүлгілері және жарық шамдары алты жылда 1 рет боялуы тиіс.

- кірпішпен және бетон беттерімен жанасқан терезе және есік блоктарын жөндеу және ауыстыру барысындағы ағаш бөлшектері.

Пайдалану кезінде тиым салынады:

- сыртқы есіктен терезе және есіктің саңылаулары 1 мм көп болуы;

- қылқима есіктерінің жұқа тақтайларының тондануы;

- рама ортасындағы кеңістікте конденсант жиналуы (атмосфералық ылғалдың терезе ойықтары арқылы өтуі);

- рама ортасындағы кеңістікте пайда болған конденсатты сыртқа шығаратын терезе қораптарының жоқ болуы немесе ластануы;

- терезе жақтауларын бітемеу немесе еңістің нормативтен төмен болуы.


7.1.9 Пештер

Пештерді пайдалану кезінде тиым салынады: жарылуларға, саңылауларға, кірпіштердің құлауына, тарту күшінің нашарлығына, түтіндіктер мен жағармайлық камералардың бұзылуы мен қызып кетуіне, арматураны қағу және қалау кезінде пайда болатын зиянды әсерлерге, құбырлардың бұзылуына, түтіндік газ құбырларының мұздалуына.

Келесі талаптарды сақтаумен пештерді пайдалану керек:

- жылу маусымы басталар алдында пешерді тексерістен және жөндеуден өткізу керек (жөнделмейтін пештер мен жылу құрылғыларын пайдалануға рұқсат етілмейді);

- пештерді пайдалану (жылу құрылғыларын) жылыту пештері бойынша өрт сөндіру қауіпсіздігі нормалары талаптарын орындау кезінде ғана рұқсат етіледі;

- өртке қарсы талаптарды бұзатын, жөндеуге келмейтін пештерді жұмыстан шығару керек;

- бөлме пештеріндегі түтіндіктердің күйелерін жылыту маусымының алдында және екі ай сайын тазалап отыру керек;

- тарту күшінің барысын тексеру крек.

Тиым салынады:

- бұзылған пештер мен ошақтармен пайдалануға;

- желдету каналдарын түтіндіктер ретінде қолдануға;

- түтіндік құбырларға радиоқабылдағыш және теледидар антеналарын бекітуге;

- шатыр шектерінде түтіндіктерді тазартуға арналған тесіктерді жасауға;

- жылыту құрылғылары үстіне отындарды, көмір және басқа жанатын материалдарды кептіруге, сонымен бірге отын ошақтарын пештердің қасына сақтауға;

- пештерді жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға;

- пешті 3 сағ. көп жағуға ;

- пайдалану ұйымның рұқсатынсыз уақытша пештерді пайдалануға.
7.1.10 Баспалдақтар

Жөндеудің барлық түрлерінде өртке қарсы талаптар орындалуы тиісті, осыған қатар:

- баспалдақтар торына шығатын есіктер ашық кезінде баспалдақ алаңының еңін кемітпеуі керек;

- баспалдақ торларында жанатын сұйықтықтар мен газ құбырларын және де басқа құралдарды орналастыруға рұқсат етілмейді, саты торларда жанатын сұйықтықтармен газ құбырларын және құбырларды орналастыруға рұқсат етілмейді, қоса салынған шкафтар, коммуникацияларға және өрт сөндіру крандарына арналған шкафтардан басқа, электрлік кабельдер және сымдар (дәліздерді және саты торларын жарықтандыруға арналған электр өткізгіштерден басқа), жүк таситын лифтілерден шығатын есіктерді қарастыру.

Баспалдақтарды тексеру барысында баспалдақтар алаңының беттері мен көтергіштік конструкцияларының жағдайын, марштардың бекітілуін, қанаттар мен тұтқалардың, марштардың қабырғаларға түйісулерін тексеру қажет.

Темірбетонды баспалдақтарды пайдалану кезінде жөндеуге жататын негізгі ақауларға келесілер жатады: темірдің коррозиясы, марштардың майысулары, марштардың қабырғаларға тығыз түйіспеуі, баспалдақтар марштардағы жарылулар және шұңқырлар, сатылардың күштің әсерінен уатылуы, қоршалулардың бекітуінің әлсіреуі, баспалдақтар алаңыныңдағы керамикалық тақталардың бұзылуы, қанаттардың бұзылуы.

Темір баспалдақтарды міндетті түрде бояп отыру керек. Коррозияға түскен жерлерді бояудың алдында тоттан тазалау қажет.

Сатылы марштардың майысулары табылған жағдайда деформация динамикасын бақылауды ұйымдастыру керек. Егер деформация ұлғая берген жағдайда 9.2.3. п. сілтеме талаптарын орындау қажет. Сатылардың көтергіштік элементтерін қатайту жоба бойынша орындалуы керек.

Темірбетонды саты конструкцияларында пайда болған жарылуларды, шұңқырларды бітеу жүйелену түрінде орындалуы тиіс, яғни ақау пайда болған кезде оны сол материалмен ауыстырып жауып тастау керек.

Сатылы алаңдарда зақымдалған керамикалық тақталарды ағымда жөндеу жұмыстары кезінде ауыстыру керек.

Саты қоршауларының әлсіреуін темір сымдарын орнату арқылы жоюға болады.

Жарылған және майысқан ағаш тұтқаларды сондай өлшемдегі, пішіндегі жаңа тұтқаларға ауыстырады. Ұсақ зақымдарды (қабыршақтар, тегіс емес бет) бетті тазартумен немесе бөлек бөлшектерді ауыстыру арқылы жояды.

Зақымданған поливинилхлоридті тұтқа учаскелерін кесіп тастайды және сондай пішіндегі, өлшемдегі жаңасына ауыстырады.

Сақтандыратын шарбақтардың, терезе қоршауларын, лифт шахталарын бекіту беріктігін жүйелі түрде тексеру керек, қажет болған жағдайда бекітілуі тиіс.


7.2 Инженерлік жүйелердің техникалық жағдайына және пайдалануға қойылатын талаптар
7.2.1 Жалпы ережелер

Ғимараттарды пайдалану барысында инженерлік жүйелердің техникалық жағдайы ҚР қолданыстағы ғимаратты инженерлік жабдықтау бойынша нормативтік актілердің, сонымен қатар қазіргі нормативтік құжаттың талаптарына сай болуы тиіс.

Ғимараттың инженерлік жүйелерін өзгерту белгіленген тәртіппен бекітілген, өңделген жобалық құжаттама бойынша тиісті рұқсат алғаннан кейін, атқарушы және пайдаланушы құжаттарда келесі өзгертулерді енгізгеннен кейін жүргізіледі.

Ішкі инженерлік жүйелерді пайдалану, жөндеу, сынау, тазарту және т.б. жоспарланған жағдайларды ұйымдастыру бойынша ажырату барысында меншік иелеріне, бөлмені пайдаланушыларға және жалға алушыларға ажырату мерзімін және себебін көрсетумен, сонымен қатар, жұмыстарды орындаушы мердігерлік ұйымға екі тәуліктен кешіктірмей хабарлау тиіс.

Қазақстан Республикасында жылу энергиясын тұтынушылармен және қуатпен жабдықтау ұйымдарымен күзгі-қысқы мезгілдерде қолданыстағы Дайындау ережелеріне сәйкес жылумен жабдықтаудың ішкі жүйелерін пайдалануға байланысты дайындық шараларын жыл сайын жүзеге асыру тиіс.

Тұтынушылардың жылу энергиясының жылумен жабдықтау жүйесіндегі сенімділігін тексеру қолданып жүрген нормаларға сәйкес ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей бекітілген форма бойынша дайындық актісін дайындаумен жүргізіледі.

Күзгі-қысқы мерзімде жұмысқа дайындығын тексеру актісінің негізінде, тұтынушыға Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органында тіркеуге жылу энергиясына қосымша төлқұжат беріледі.


7.2.2 Жылыту

Ғимараттың жылыту жүйесін пайдалануда келесі талаптарды сақтау тиіс:

- бақылау - өлшеу құралдар, реттеуші және тиекті арматуралар ақаусыз жағдайда болуы тиіс;

- жылытылмайтын бөлмелерде құбырлардың жылуоқшаулануы зақымдалмаған болуы тиіс.

Жылу пунктері белгіленген жұмыс тәртібімен жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінде жылу тасымалдағыштардың қажетті шығындарын қамсыздандыруы тиіс.

Жылу пунктерінің бөлмелерінде болуға тиіс:

- пайдалану режимдері бойынша жарықтандыру және температуралық-ылғалдылық параметрлері жобалық құжаттамаға сәйкес;

- біріккен диспетчерлік жүйемен немесе қалалық телефонмен сөйлесуге қолайлы байланыс;

- пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған үстіңгі жағынан торлармен жабылған шұңқырлар;

- техникалық жағдайда қолайлы құйылмалы-сорып алатын желдеткіштер (ол болған жағдайда).

Жылу пунктілері жылу жабдықтау жүйелерінің (ОЖЖП-нен немесе магистралды тораптар) схемаларымен және оларды сынау, толтыру, жылыту жүйесінен суды алу және ағызып жіберу барысындағы қолдану ережелерімен қамсыздандырылған болуы қажет, сонымен қатар қолайлы диспетчерлік байланыс болуы тиіс.

Жылу пунктілер бөтен кісілер кіруге болмайтыны туралы қорғалған болуы тиіс.

Жылумен жабдықтау және жылу пунктері белгіленген тәртіп бойынша аттестацияланған қызметшімен қызмет көрсетуі тиіс.

Қызметшінің қызмет көрсету барысындағы жұмысы жылыту мерзімінде жылу түйіндерінің мәліметтерін журналға тіркеу, жылу энергиясының шамадан тыс немесе жылытылмау себептерін анықтау және жоюдың жолдарын қарастыру арқылы жылыту жүйесінің жұмысын бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Табылған ақауларды жоюдың себептері, олардың уақыты, орындалған жұмыстың түрі және қызметкердің аты-жөні, жүргізілген жөндеу жұмысы ауысым журналында белгіленіп тіркеліп отыруы тиіс.


7.2.3 Ыстық сумен қамтамасыз ету

Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесін пайдалануда келесі талаптар сақталуы тиіс:

- құбырлар және оларға жалғанған қосылыстар, тік құбырлар, арматураға жеткізетін құбырлар герметикалық және ағудан азаю болмау тиіс;

- құбырлар және су бөлетін арматуралар, өрт сөндіру крандары, тиекті-реттеуші арматура жабдықтары техникалық ақаусыз болуы;

- тұтынушыларға берілетін судың сапасы және температурасы жобалық параметрлеріне қойылатын талапқа сай болуы;

- ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінде жұмыстың шуыл деңгейін бекітілген санитарлық нормалармен және ережелердегі шамадан асырмау.

Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінде жұмыстың шуыл деңгейін азайту үшін қажет:

- пайда болған шуылдың себептерін жою (қозғалтқышты, сорғыны теңестіру, клапандар және арматурадағы аралық қабаттарды және т. б. бекітіп қою);

- сорғы агрегаттары, арматуралар (амортизаторларға, иілгіш қоспа, аралық қабат салу жолымен) және олар орнатылған бөлмелерде құбырлардың дірілоқшаулау және дыбысоқшаулауды орындау.

Ыстық сумен қамтамасыз етудің жеке жылу пунктерінде жылу алмастырғыштар бақылау-өлшеу аспаптарымен және жылытылатын су температурасының жоғарылауын болдырмау үшін температураны реттеуші аспаппен міндетті түрде жабдықталған болу тиіс.

Температураны және қысымды автоматты түрде реттегіштердің жұмысын (реттегіштерге басқа заттардың жиі түсуінен жеткізуші құбырларда сүзгілер орнату) айына 1 рет тексеруден өткізу керек
7.2.4 Суық сумен қамтамасыз ету және су әкету

Суық сумен жабдықтау жүйесін пайдалану барысында санитарлық - техникалық аспаптарға, су бөлетін арматураға, технологиялық жабдықтауға, өрт сөндіру крандарына суды үздіксіз беруін қамсыздандыру тиіс. Су сапасы санитарлық норманың ережелеріне және талаптарына сай болуы тиіс.

Суық сумен қамтамасыз ету жүйесін пайдалану барысында шуылдар мен дірілдер нормадан тыс болмауы тиіс.

Суық сумен жабдықтау жүйелерінің құбырлары және олардың қосылыстары конденсациялық ылғалдан қорғалған және тоттанбаған герметикалық болуы тиіс.

Ғимаратта суөлшегіш түйін орналасқан бөлмеде жарықтандыру, температуралық - ылғалдылық режимі және құйылмалы-сорылатын желдеткіш параметрлері жобалық құжаттама сәйкес, сонымен қатар тазалығын сақтау, суөлшегіш көрсеткіштерін көруге және тексеруге қолайлы болғаны дұрыс.

Суөлшегіш түйін орналасқан бөлмеге бөтен адам кіруге болмайды.

Су әкету жүйесін пайдалануда келесі талаптар сақталуы тиіс:

- құбырөткізгіштер және олар жалғанған қосылыстар герметикалық болуы тиіс;

- санитарлық аспапта гидравликалық жапқыш ақаусыз болуы тиіс;

- санитарлық аспаптар, тексеру құрылғысы, тазартқыштар және траптар, арматуралар техникалық ақаусыз болуы тиіс.

Ғимараттың су әкету жүйесін пайдалануға мына жағдайларда рұқсат етілмейді:

- тексеру, тазарту құрылғыларының қақпағы герметикалық емес немесе қақпағы болмаған жағдайда;

- су әкету желілерінде желдеткіштің ақауы бар немесе ақаусыз жағдайда;

- құбырлардың (келтек құбыр) түйіскен жері әлсіз тығыздалғанда;

- құбырөткізгіштерде және гидравликалық жапқышта (сифондарда) тесілген тесік және жарықшақтар болғанда;

- құбырөткізгіштердің еңіске қарсы болуы;

- канализациялық құбырлардың шөгіндері және шығарулардың аула канализациялық ауға ;


  • су әкету құбырларының бетіне конденсаттың пайда болуы;

  • су әкетуде сорып алатын құбыр бастарының қатып қалуы;



7.2.5 Жабынмен ішкі суағар жүйесі

Жабынмен ішкі суағар жүйесі жаңбырлық және еріген сулардың үздіксіз бұруын қамсыздандыруы тиіс. Ішкі суағарлардың жүйелерін қарау кезінде ерекше назар аудару керек:

- ылғалдан сақтайтын төсеніштің су жинағыш шұңқырға тығыз және сапалы жанасуы;

- жабындарды су жинағыш шұңқырларға бекітуді қатайту;

- құбырдың жанасқан жерінің герметикалығы және күйі;

- тік құбыр және бұру құбырлардың (аражабындар мен құбырлардың жанасқан жерінде болат гильза орнатылған болуы тиіс) бекітілу дұрыстығы және сенімділігі;

- ашық шығарылымдағы бұру науалардың және ірге жаппалардың жағдайы.

Су жинағыш шұңқырларға қандайда болмасын жабдықтарды бекітуге тиым салынады.

Су жинағыш шұңқыр аймағында жылуоқшаулағыш ылғал болған жағдайда (шатырсыз төбежабындарда), жылуоқшаулағышты ашу, кептіру немесе жаңадан ауыстыру, ылғалдан сақтайтын төсенішті қалпына келтіру жұмыстарын жасау қажет.

Жабындардың күрделі жөндеуінен кейін немесе жаңа тұрғын үйді ішкі суағар жүйесімен пайдалануға қабылдау барысында су жинағыш шұңқырды ең жоғары деңгейіне дейін сумен толтыру арқылы ішкі суағар желілеріне сынау жүргізу қажет. Сынау ұзақтығы – 10 мин, соныме судың азаюы рұқсат етілмейді, сынау нәтижесі акт бойынша жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет