Правила технической эксплуатации жилищного фонда


Терминдер мен анықтамалар



бет4/28
Дата09.06.2016
өлшемі1.83 Mb.
#124608
түріПравила
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

4 Терминдер мен анықтамалар



Апаттық жағдай - ғимараттың және имараттың бүтіндей, немесе құрылыс конструкцияларының техникалық жағдайын, ақауларын және бұзылуларын сипаттайтын, көтергіш қабілеттілігін және қауіп - қатердің (шұғыл апатқа қарсы шараларды өткізу қажеттілігі) болуын дәлелдейтін категория.

Ақау - белгіленген жобамен немесе нормативтік құжаттармен (ҚНжЕ, МемСТ, ТШ, ҚН және т.б.) жекелеген конструкциялардың қандай да бір параметрлерінің сәйкессіздігі.

Тұрғын ғимаратты күрделі жөндеу - ғимаратты қалпына келтіру мақсатында оның қорларын, қажет болғанда конструктивтік элементтерін және инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстырумен жөндеу, сонымен қатар пайдалану көрсеткіштерін жақсарту.

Тұрғын ғимараттар мониторингі - ғимараттардың көтергіш конструкцияларының және іргетастарының, негіздерінің жағдайын және инфрақұрылым нысандарын бақылау кешені.

Көтергіш құралымдар - ғимараттың кеңістікте тұрақтылығын қамтамасыз ететін және пайдалану жүктемесі мен әсер етуіне бөгет болатын құрылыс құралымдары.

Тексеру - анықтайтын және бақыланатын параметрлердің нақты мәндерін бағалау бойынша пайдалану жағдайын, нысандардың жарамдылығын және тексеру нысандарының жұмысқа қабілеттілігін және олардың пайдалану немесе қалпына келтіру және күшейту мүмкіншілігін сипаттайтын шаралардың кешені.

Техникалық жағдайды бағалау - ғимараттардың және имараттардың бүтіндей немесе зақымдалу дәрежелерін құру және құрылыс құралымдарының техникалық жағдайларының категорияларын жобамен немесе нормативтік құжатпен белгіленген нақты мәндерді қою негізінде сандық мәндерін бағаланатын белгілермен салыстыру.

Бұзылу алынған құралымдардың дайындау, тасымалдау, монтаждау немесе пайдалану барысында бұзылуы.

Тұрғын үйді қайта құралымдау – шығарылатын өнімнің көлемін және қызмет номенклатурасын жақсарту мақсатын жүзеге асыруда жүйелердің тағайындалуын, құрылымдық және көлемдік - жопарлау шешімдерін, негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін өзгертуге байланысты құрылыс жұмыстарының және ұйымдастыру –техникалық шараларының кешені.

Тұрғын ғимараттарды ағымдағы жөндеу – конструкцияларды және инженерлік жабдықтау жүйелерінің дұрыстығын (жұмысқа қабілеттілігін), сонымен қатар пайдалану көрсеткіштерін қалпына келтіру мақсатында ғимараттарды жөндеу.

Тұрғын ғимараттарға техникалық қызмет көрсету – ғимараттардың элементтерінің және берілген параметрлерінің ақаулық жағдайын, сонымен қатар оның техникалық құрылғыларының жұмыс режимін сақтау бойынша жұмыстардың кешені.

Ғимараттарды пайдалану көрсеткіштері – ғимараттың пайдалану сапасына себепші болатын техникалық, көлемді - жоспарлық, санитарлық - гигиеналық, экономикалық және эстетикалық сипаттамалардың жиынтығы.

Тұрғын ғимаратты эксперттік тексеру – жүйелерінің бүтіндей және оның элементтерінің техникалық жағдайын анықтауға, олардың пайдалану сенімділігін бағалауға, олардың элементтері және қабысуларын жөндеуді, күшейтуді немесе ауыстыруды талап ететін шарттардың анықтамасын, тәртіптерін және қауіпсіз пайдалану мерзімін анықтауға бағытталған жұмыстардың кешені. Техникалық тексеруден айырмашылығы анықтамамен (бағалаумен) қалған қорларын немесе қауіпсіз пайдалану мерзімін бағалау.

Ғимараттың энергоаудиты (энергоаудит) - энергетикалық қорларды тұтынудың экономикалық тиімділігін оңтайландыру мүмкіндігіне бағытталған техникалық, ұйымдық экономикалық және басқа да шаралардың өзара байланысқан кешені.

Аспаптық тексеру - энергияны тұтыну жүйелерінің параметрлерін стационарлық және ықшам аспаптардың көмегімен тіркеу және өлшеу
5 Тұрғын үй қорларын басқару нысаны және күтіп ұстауды қамтамасыз ету
5.1 Тұрғын үй қорларын басқару нысаны Қазақстан Республиканың тұрғын үй заңдарына сәйкес белгiленедi.

5.2 Тұрғын үйлердi (тұрғын ғимараттарды, тұрғын кешенiн) басқару нысанын:

- мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорында – жергiлiктi атқарушы органдар;

- мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорларында – кәсiпорын әкімшілігі;

- жеке тұрғын үй қорларында – меншiк иелерi (азаматтар, мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiз­делген заңды тұлғалар) белгiлейдi.

5.3 Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi басқару меншiк иелерiнiң өздерi немесе олар құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар, сондай-ақ меншiк иелерiнiң сенiм берiлген тұлғалары арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғын үйлерде екi немесе одан көп меншiк иелерiнiң қарамағындағы (кондоминимум объектiлерiнде) бiрлесiп басқару нысаны меншiк иелерi – кондоминиум қатысушылары арасындағы келiсiм негiзiнде белгiленедi.

5.4 Тұрғын үй қоры адамдардың өмiр сүруге сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн, олардың жеке мүлiкерiнiң және ортақ мүлiктiң сақтығын қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн жағдайда күтiп ұсталуы тиiс.

Осы мақсаттарда меншiк иелерi немесе олар­дың мүддесiн бiлдiретiн бiрлесiп басқару органдары, сайланбалы (тағайындалатын) тұлғалар қызмет түрлерiн лицензиялау талаптарын, сондай-ақ, осы нор­ма­ларды ескере отырып, басқа да мiндеттi нормалар мен ережелердi, лифтілердi және газ шаруашылығын қоспағанда, тұрғын үйдi (тұрғын үй­дiң бiр бөлiгiн) күту, оған ағымдағы және күрделi жөндеу жұмыс­та­рын өздерi (жұмыстардың орын­далуын басқаларға тапсыруға) жүргiзуге құқылы.

5.5 Меншiк иелерi-кондоминимум қатысушылары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiне сәйкес, үйдi күтiп ұстау сапасын, тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн ағымдағы (күрделi) жөндеу мен қайта құрылымдаудан кейiн қабылдап алуға бақылау жүргiзу құқығын, сондай-ақ орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметке белгiленген тәртiппен ақы төлеу құқығын бiрлесiп басқару органына болмаса сайланған (тағайындалған) органға немесе тұлғаға бере алады.

5.6 Тұрғын үйге (ғимаратқа) қосымша салынған тұрғылықты емес (қосымша-жапсарластырыла салынған) бөлмелердiң меншiк иелердiң құқықтары мен мiндет­терi Қазақстан Республикасы тұрғын үй заңдарына сәйкес белгiленедi.

5.7 Үйдің техникалық сипаттамалары және оның жағдайы тұрғын үйдің техникалық төлқұжатында көрсетіледі.

5.8 Тұрғын үйде немесе пәтерде тұрақты тұру үшін пайдалану туралы мәселесі оның техникалық жағдайын бағалау негізінде шешіледі.

Бұл жағдайда ҚР ҚЖҚ 1.04-07-2002. қолдану ұсынылады.

5.9 Белгіленген нормалармен немесе нақты қажеттіліктер бойынша (коммуналдық қызметтердің есептеу құралдарының көрсеткіштерімен, алдын-ала қарастырылған келісім-шарттағы сапа деңгейімен) тұрғын үйді (пәтерді) жобалау және құрылысын салу барысында тұрғындар коммуналдық қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыздандырылған болуы тиіс.

5.10 Тұрғын үй қорларына (ғимараттың), оның жеке бөліктерінің ақаусыз жағдайына және ақаулы жағдайдың себебі оларға қатысты болмаған жағдайда, азаматтардың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету жауапкершілігі меншік иелеріне жүктеледі.

5.11 Меншік иелері (жалдаушылар) пәтер - үйді (кісі тұратын бөлмені) пайдалануда немесе оның тағайындалған қосалқы бөліктерін қиратуға немесе оны жарамсыз етуге, басқа тұрғындардың өмір сүру шарттарын бұзуға , қоршаған ортаға зиян келтіруге тиісті емес.

5.12 Тұрғын үйлердің жанындағы жер алаңдарын пайдалану Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен қаулысының тәртібімен және шарттарымен, заңдық күші бар «Жер туралы» кодексте белгіленген осы мәселелерді реттейтін осы ережемен және басқа нормативтік актілермен жүзеге асырылады.

5.13 Кісі тұратын пәтерлердің меншік иелері (жалдаушылар) және қосымша жапсарластыра салынған қосалқы бөлмелерде меншік иелері (жалдаушылар) міндетті :

- конструкция элементтерінің жағдайын күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарына қатысты тексеру жүргізетін, инженерлік жүйелер және жабдықтау, апаттық жағдайларды жою немесе оқшаулау немесе басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен, апаттық немесе басқа төтенше жағдайларды қадағалаумен айналысатын тұлға тәулік бойына қолайлы уақытта кісі тұратын және қосалқы бөлмелерге кіру рұқсатына берілген жазбаша хабарландыру қағазымен қамсыздандыру;

- басқа азаматтардың құқықтарын бұзуға қатысты жіберілген зардаптарды және олардың салдарын жою;

- тұрғын үйге және оларды жабдықтауға байланысты кісі тұратын пәтерлердің меншік иелерінің (жалға алушы) және қосалқы бөлмелердің меншік иелерінің (жалға алушы) кесірінен болған бұзылған жерлерді белгіленген заң шығару тәртібі бойынша зиян келтіру шығындарын төлету;

- сол мекенжайда тұратын, басқа пәтерде тұратын тұлғалардың көлікпен шығуын, жөндеу-қалпына келтіру және апаттарды жою жұмыстарын орындайтын пайдалану қызметкерлерінің кіру мүмкіндіктерін, сонымен қатар мүлікті сақтау жауапкершілігін белгіленген заң шығаруға сәйкес қамсыздандыру.

5.14 Тұрғын үйлерді тұтастай немесе оның бөліктерін қайтадан жабдықтау, қайта жоспарлау және жеке бөлмелерді қайта құрылымдау белгіленген заң шығару тәртібіне сәйкес жоба бойынша жүзеге асырылады. Басқа тұрғындардың өмір сүру шарттарын нашарлатуға, конструкциялардың беріктігін төмендетуге, инженерлік жүйелердің жұмыс істеу қауіпсіздігін бұзуға апаратын жағдайда қайта жабдықтау, қайта жоспарлау немесе қайта құрылымдау жұмыстарына тыйым салынады.

5.15 Бөлмені немесе жаңадан жабдықтау мақсаттарына байланысты қайта жабдықтау, қайта жоспарлау немесе қайта құрылымдау жобасын жергілікті атқарушы мекемелермен, өртке қарсы сақтық, санитарлық және экологиялық қызмет орындарымен келісім жасау және мемлекеттік сараптамадан өткізу қажет. Келісім өткізу қажеттілігі жобаны жүзеге асыруға рұқсат беуші мекемемен анықталады.

5.16 Тұрғын үйді (ғимаратты) қайта жоспарлауға немесе қайта құрылымдауға рұқсат етілетін тәртіптер Қазақстан Республикасының Үкіметі шығарған шешімдеріне сәйкес белгіленеді.

5.17 Ғимарат бөлімдерін не бөлмені қайта жабдықтау, қайта жоспарлау немесе қайта құрылымдау жұмыстарына басқа меншік иелері араласқан жағдайда, олардан алдын ала жазбаша келісім қағазы талап етіледі.

6 Тұрғын үй қорының нысандарын пайдалануға қабылдау тәртiбi
6.1 Тұрғын үй кешендерін және жеке ғимараттарды пайдалануға қабылдау Қазақстан Республиканың заңдарына сәйкес жүргізіледі.

6.2 Тұрғын үй қорының құрылысы аяқталған нысандарын пайдалануға қабылдау барлық құрылыс – монтаждау жұмыстары, аумақты көркейту аяқталғаннан кейін, бекітілген жобаға сәйкес нысандарды толығымен мүіктермен және жабдықтаумен қамтамасыз еткеннен кейін, сонымен қатар бітпей қалған жұмыстар жойылғаннан кейін қабылдау комиссияларымен жүргізіледі.



7 Тұрғын ғимараттардың техникалық жағдайына және пайдалануына қойылатын талаптар
7.1 Ғимараттың құрылыстық конструкцияларын пайдалануға және техникалық жағдайына қойылатын талаптар
7.1.1 Іргетастар және үйасты қабаты бөлмелерінің қабырғалары

Іргетастарды және үйасты қабаты бөлмелерінің қабырғаларын келесі талаптарды қатаң сақтаумен пайдалану керек:

- ғимаратқа қосылған аланда жер беті суларын алып кететін құбырлар болуы керек;

- су әкететін астаулар қоқыстардан тазартылып кем дегенде 0,005 еңісте болуы керек;

- үйасты қабаты қабырғаларында орнатылатын терезелер тротуарлар деңгейінен 15 см биік орналасуы тиіс;

- үйасты қабаты бөлмелері мен іргетастар арқылы өтетеін инженерлі коммуникациялар герметизирленуі және жылытылуы тиіс;

- үйасты қабаты бөлмелерінде орналасқан құбырлардан ағып кеткен сулар сол мезеттте құрғатылуы тиіс.

Пайдалану процесінде тиым салынады:

- іргетастар мен үйасты қабаты бөлмелерінің қабырғаларының тік және көлденең гиидроизоляциясы бұзылуы кезінде;

- талаптан тыс ағаштар мен өсімдіктер отырғызу;

- шөгулер пайда болған жағдайда;

- инженерлі құралдардың бұзылуы кезінде үйасты қабатын су алса;

- құралдардың астына қосымша іргетастар орнату керек, бекітілген жобадан тыс бөлмелердің биіктігін едендердің белгісін төмендету арқылы ұзарту;

- қазаңшұңқырлар, орлар қазу және басқа да ғимаратқа жақын (10 м дейін) арнайы жер жұмыстарын рұқсатсыз орындау;

- 10-15 см дейін биіктегіш орнатылған ғимараттың жанына топырақ себу;

- үйасты қабаты мен техникалық бөлмелерді арнайы келісімсіз тұрғындармен қолдану.

Тұрғын қорына қызмет көрсетуді ұйымдастыру келесі жағдайларды қамтуы тиіс:

- үйасты қабаты және техникалық бөлмелердің температура-ылғалдылық режимін, ол жер беті қоршау конструкцияларының конденсатының түсуіне әкеледі;

- үйасты қабаты және техникалық бөлмелердің қабырғаларында пайда болған жарықшақтарды жою, олардың дамуына жол бермеу;

- үйасты қабаты және техникалық бөлмелердің конструкцияларындағы дымқылды және топырақтардың сулануын жою;

- үйдің ішкі және сыртқы дренаждарының жұмыс істеуін қадағалау;

- үйасты қабаты және техникалық бөлмелерге кіру жерлерді таза ұстау;

Үйасты қабаты және техникалық бөлмелер жыл мезгілінде вентиляционды құбырлар, терезелер, және басқа да ауа жібергіш заттар көмегімен желдетіліп отыруы тиіс.

Үрлегіштер ауданы шамамен 1/600 жертөле және техникалық бөлмелердің ауданы сияқты болады; үрлегіштер желдеткіштер орналасқан қабырғаларға қарама-қарсы орналастырылады (ғимараттың әр секциясына кемінде 2 үрлегіш келеді); үрлегіштерді торлы бетпен жапқан жөн болады. Цокольды ғимаратарда үрлегіштер ашық болуы керек. Үйасты қабаты бөлмелерді жылы күндері желдеткен жөн.

Үйасты қабаты бөлмелер құрғақ, таза және жарық болуы керек.

Ауа температурасы +5 °С төмен болмауы керек, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 60% көп емес.

Үйасты қабаты қабырғалары тротуарлар деңгейінен 15 см биік орналасуы тиіс; жертөле қабырғасы мен үйдің қабырғасы түйіскен жерде жапсарлар болмауы керек; қоқыстан тазарту 1 айда кемінде бір рет жүргізілуі тиіс; жертөлені судан тазарту үшін оның еденінің еңісін 0,03 етіп жобалау қажет, бұрыш қабырғада су айдағыш құрал болуы керек (құбыр); жаңбырдан қорғау үшін жобалау кезінде сәулетшімен келісіп жапқыштар орнатуға болады.

Тротуарлар мен ірге табандар ғимарат қабырғасынан тік еңістерге ие болып, 0,03 тең болуы керек. Ірге табандар беті, жүретін жолдардан 15см шамасына көтреіліп жатуы тиіс. Ірге табандар еңі жобалау кезінде орнығады (құмды ірге табандарды бетонды ірге табандармен ғана алмастыруға болады).

Ғимараттың іргетастарында, үйасты қабырғаларында немесе негіздерінде (қабырғаларда жарылулар, қалау қатарларының немесе горизонтальды жапсарлардың майысуы, қабырғаларда кездесетін бұзылулар, үйасты қабырғаларының беттеріне немесе үйдің цокольдық бөлімдерінде және т.б. дымқыл дақтың) ақаулардың болуын көрсететін белгілер болса, онда осы конструкцияларды мұқият қарап шығу және лайықты шаралар қабылдау қажет.

Тасты іргетастарда және үйасты қабырғаларында (шойтас, ірі блокты және т.б.) жоюды талап ететін келесі негізгі ақауларды кездестіруге болады: тік және қиғаш жарықшақтар, жергілікті шөгінділер, қалаудың қабаттануы және шойтасты іргетастарда бөлек тастардың құлауы, қыртыстану немесе темірбетонды панельдердің немесе сылақтың қорғау қабаттарының бұзылуы, үйасты қабырғасының ішкі беттерінің дымқылдануы. Іргетастардың зақымдануы немесе бұзылуының себептері негіздердің топырақ суымен шайылуы, топырақтың сумен қанығуы, конструкцияларға жабысып тұратын, жерасты сулардың агрессиялық әсері, гидроизоляцияның зақымдалуы.

Топырақтардың, іргетас конструкцияларының және үйасты қабырғаларының жағдайын зерттеу шурф жасау әдісімен жүргізу ұсынылады. Іргетастарды тексеру үшін лайықты мамандандырылған ұйымдардың мамандарын шақыру ұсынылады.
7.1.2 Сыртқы қабырғалар

Қабырғалардың жұмыс қабілеттілігін анықтау үшін алдымен сыртқы қабырғалардың бұрыштарын, сыртқы қабырғалардың ішкі қабырғалармен, жабындармен, жабындылармен түйіскен жерлерін, терезе блоктарының қабырғаға жапысқан жерлерін, үйасты қабаты бөлмелерінің дымқылдығын, астынғы қабаттардың температурасын қарап шығуы керек.

Қабырғаларды жөндеу кезінде бөлек бұйымдар көмегімен келесі жұмыстарды атқаруға болады:

- түсіп қалған кірпіштерді, тастарды қатайтып қалап, оларды жаңасымен ауыстыру;

- терезе және есік ойыстарын қатайту; ғимарат қасбетін ертіндімен сырлау қажет.

Толық жиналған ғимараттарды тексергенде үйдің ішкі қабырғаларына, сыртқы қабырғалардың тік және көлденең түйіскен жерлеріне, терезе арасындағы жапсарларға, шатыр асты жабындармен, қабырғаларына, сонымен бірге қаңқалардың қоршалған конструкциялармен түйіскен жерлеріне көп көңіл бөледі.

Ірі панельді және ірі блокты ғимараттардың негізгі айтарлықтай кемістіктері болып, түйісулердің көп ауа жібергіштігі мен су өтушілігі, салмалы бөлшектердің тоттылыққа ұшырауы, сыртқы темірбетонды қабат арматураларының дұрыс қорғалмағаны болып табылды.

Ірі панельді және ірі блокты қабырғаларда жұмыстарды уақытында жүргізу керек:

- панельдерде жарықтарды жабу (жарылыстар, тесіктер);

- түйісулер мен жіктерде ауа өткізгіш жерлерді герметизациялау;

- мұзданған панельдерді жылыту;

- сыртқа шығып тұрған арматураларды тоттылықтан қорғау.

Панель арасындағы ауа өткізгіш жіктерді сырт жағынан арнайы герметикалық материалдармен тығыздау қажет, осыдан кейін қорғаныс қабатын төсеу қажет.

Жіктерді герметизациялауды арнайы осындай жұмыс атқаратын мекемелерге тапсырған жөн, немесе қасбетті әрлеу жұмыстары кезінде жүргізу керек.

Аз жылу алатын қабырғаларды жылыту қажет.

Салынғыш болат бөлшектерін арнайы тексертуден өткізген жөн.

Жағымды жағдайда ғимаратты тексерістен құрылысы 10 жыл өткенен кейін ғана өткізуге болады. Ал арнайы тандалмалы тексерістер 3 жыл сайын жүргізіліп отыруы тиіс.

Тексеру жұмыстарын арнайы ұйымдарды жалдау арқылы жүргізген жөн.

Біріншіден тексерулерді салмалы бөлшектерге өткізген жөн, олардың әрқашан да температурасы мен ылғалдылығы өзгерісте болып отырғандықтан, әртүрлі жағымсыз жақтарға ие болады.

Ашылған жерлерді тексерген кезде олардың дәнекерленген сапасы көрінеді, арматурасының коррозиясы көрінеді. Бұзылған элементтің ені жерді әбден коррозиядан тазалағанан кейін ғана өлшенеді.

Егер бөлшектің қимасы бойынша 30% астам жері коррозияға ұшыраған болса, онда сол бөлшекке ұқсас басқа жерлерді де тексерістен өткізу керек.

Тексеріс жүргізілгенен кейін ашылған жерді тұтастап алып цементті ертіндімен сырлап, жауып тастау қажет. Бұзылған бөлшектерді коррозиядан тазартып, коррозияға қарсы ертінділермен майлап жауып тастау керек.

Қабырға беттерінде, панельдерде бұзылған жерлер көрінсе, қабырғаның тік беттен ауытқуы көрінсе, міндетті түрде ғимараттың деформациясын тексерген жөн болады. Егер деформация жоғарылай берсе, 10.2.3. п. көрсетілген сілтемелерді орындаған жөн.

Орныққан жарықтар бұрын жабылған материалға ұқсас материалдармен жабылады.

Егер беріктілікті, төзімділікті, тоңдануды, жылушылықты бұзатын ақауларды жоба бойынша алдын алу керек.

Ағаш қабырғаларды тексерген кезде астынғы және үстінгі бөренелердің жағдайын қарау керек, сыртқы бұрыштарды, терезе асты бөлшектерді тексерістен өткізк керек.

Ағаш үйлерді пайдалану кезінде келесі ақаулар пайда болуы мүмкін: ағаштың жәндіктермен желініп, шіруі, қабырғалардың тоңазуы, жоғары ауа өткізгіштік, бұрыштардың түсуі, сылақтың бұзылуы мен түсуі.

Осындай ақаулар көрінген жағдайда арнайы бөлімді қараған жөн «Ғимаратты техникалық пайдалану бойынша арнайы шаралар».

Қабырғалардың тоңазыған учаскелерін (сыртқы бұрыштары, сыртқы қабырға мен ішкі қабырға қиылысқан жерлерін, жабынды деңгейін) жылуды шығармайтын тиімді материалмен сыртынан көмкеру арқылы жылыту қажет.

Пайдалану барысында ағаштан салынған үйлердің қабырғаларында жоюды қажет ететін келесі ақаулар болуы мүмкін: құрт-құмырсқалардан ағаштың зақымдануы, қабырғалардың тоңазуы, қалқандардың, қырланған кеспе (бөренелердің) және қаңқалы үйлердің тоғысқан жерлеріндегі саңылаулар, бұрыштардың шөгуі, ішкі қабырғалармен сыртқы қабырғаларда кездесетін сылақтың және қаптаманың қирауы немесе бұзылуы, қаңқалы қабырғаларда құюдың шөгуі, кіші еңістер, судан оқшаулау қасиеттерінің жоғалуы.

Ағаш қабырғаларында зақымдалған белгілері табылған жағдайда 7 тарау нұсқауларын негізге алу қажет.

Қабырғалардың тоңазыған учаскелері (сыртқы бұрыштары, сыртқы қабырға мен ішкі қабырғалардың қиылысқан жерлерінде, аражабындар деңгейінде) тиімді жылуоқшаулайтын материалдармен сыртқы жағынан қаптау қажет.

Жоғарғы ауаөткізгіш, сонымен қатар қабырғалардың тоңазуына және дымқылдануына байланысты қалқандардың, қырланған кеспе (бөренелердің) және қаңқалы үйлердің тоғысқан жерлеріндегі сағылаулары мен жарықшақтары жойылған болуы тиіс.
7.1.3 Арақабырғалар

Арақабырғаларды тексерген жағдайда, олардың қабырғаға, жабындыға түйіскен жерлеріне, сонымен бірге жылу панелдерімен құбырларды жатқызуға көп көңіл бөлген жөн.

Тұрғын үйлердің арақабырғалар әсерінен пайда болатын көп дамыған ақауларға: қалтылдақ, конструкциялардағы жарықтар, жіктердегі жарықтар, арақабырғаларда пайда болатын тесіктер, құбырлармен арақабырғалар арасындағы дұрыс тығыздалмаушылық, әрлеу тақталарының түсуі, сылақтың жарылып түсуі, құбырлар орналасқан жерлердің дымдануы, жоғары дыбыс естушілік.

Қалтылдақты конструкцияға қосымша қысқыштар орнату арқылы жоюға болады.

Егер арақабырғалар ұсақ элементтерден тұрып ауқымды еңіс берсе, ал көлденең жіктерде жарықтар пайда болса, оларды жаңа элементтермен ауыстырған жөн.

Арақабырғалардағы, сонымен қатар тығыздалмаған арақабырға периметрлері бойынша тесіп өткен жарықшақтар пайда болса, онда олардың көршілес конструкциялармен байланысқан жерлерін кеңейту және герметикалық материалдармен немесе гипстік ерітіндіге былғанған қалдық талшықпен мұқият нығыздау қажет, содан соң екі жағынан ізбесті – гипсті ерітіндімен бітеу керек.

Орталықтандырылған жылыту жүйесінің құбырымен гильза арасындағы кеңістікті және жылыту панелдерінің периметрлері бойынша пайда болған жарықшақтарды асбесттен жасалған сыммен тығындау қажет, 10-15% асбест түйіршігін қосумен ізбес - гипстік ерітіндімен сүртіп тастау қажет.

Қабырғалармен арақабырғалар байланысқан жерлерде жарықшақтар қайтадан болған жағдайда, онда бір-бірімен олардың бұрыштарын металл тор арқылы сылау қажет.

Беттің сылағы түсірілген, тазаланған және жаңадан сол ерітіндімен сылақталған болуы тиіс.

Қаптау арақабырғамен ұстасуын жоғалтқан жағдайда, қаптауды бөлек алу керек, содан соң жаңадан жасау керек. Қыртысталған қаптаудың ауданын дүрсілдетіп қағу әдісімен анықтайды.

Ағаштан жасалған арақабырғаларда мыналар болады: қаңқалы конструкцияларда үйінділердің шөгуі, құрғақ сылақпен ұстасқан қаптаудың зақымдануы, жөнге келмейтін құбырлар және сумен жабдықтау және канализация құралдары орналасқан жерлерде, сонымен қатар жуынатын бөлмелерде және бөлменің дымқыл режимдерінде санитарлық түйіндерде ағаштың шіруі.

Егер құрғақ сылақпен ұстасқан қаптама едәуір аудандарда зақымдалған болса, онда арақабырғаның қаптама беттерін ағашты-талшықты тақталармен ауыстырған жөн.

Егер асбоцементті арақабырғаларға қабырға жабдықтарын бекітуге арнайы құрылғылар қарастырылған болмаса, бекітуге, сейсмикалық аймақтарда салмақ түсірмейтін арақабырғаларда арка құрылғыларына тиым салынады.
7.1.4 Қасбеттер

Ғимаратты пайдалану кезінде келесі талаптарды сақтаған жөн:

- ғимараттың цоколды топырақ суларының ылғалдануынан қорғалуы тиіс;

- ғимараттың карнизі жұмыс істейтін жағдайда болуы тиіс;

- қасбеттің барлық шығып тұратын элементтері (белдеушелер, шығынқылар, парапеттер, терезелер мен қылқилар) цинкті темір жабыннан болуы керек және қабырғадан 50мм дейін шығып тұруы керек. Темір жабын өте мықты бекітілуі керек, коррозиядан сақталуы және боялуы тиіс;

- су ағатын құбырлардың деңгейі тротуардың деңгейінен 20–60см биік жатуы керек;

- су айдағыш құбырлар барлық талаптарға сай орнатылуы тиіс.

Тұрғын үйлердің қасбеттерінде пайда болатын негізгі ақауларға: бұзылу, сәулеттік бөлшектердің бұзылуы мен түсуі (карниздер, қылқилар, кронштейндер және т.б.), қабаттасу, әрлеу, сырлау, бояу қабаттарының түсуі мен бұзылуы, сырлауда түсу жарықтары, әрлеу жіктерінде бояу беттерінің түсуі, герметизация түйістерінің бұзылуы, тот дақтары, шығынқы қабырғалардағы темір конструкцияларының бұзылуы мен тоттануы, су айдағыш құбырлардың бұзылуы, сонымен бірге жалпы беттің ластануы жатады.

Әрлеу тақталарымен сәулеттік бөлшектер бұзылған жағдайда, оларды ауыстыру қажет. Қасбеттің бұзылған жерлерін қайта қалпына келтіру керек. Жөндеу жұмыстарына дейін қорғаныс жұмыстарын 10.2.3 п. сілтемелеріне сай орындау керек.

Ғимараттың қасбетін әрқашанда шаңнан тазартып, жуып, материалына сәйкес бояп отыру керек.

Бұзылудан және түсуден сақтау үшін оны құмды әдіспен тазарту тиым салынады.

Кірпішті және керамикалық тақталар мен жабылған беттерді сулы құмды әдісі жолымен тазалауға болады.

Ғимараттың қасбетін, перхлорвинилды боялған беттерді 2-3 жыл сайын сумен жуып отыру керек.

Глазурленген тақталармен жабылған қасбет беттерін тазалағанда химиялық қоспаларды қолдануға болады.

Қасбетті жөндеген кезде әрлеу материалдарын, перхлорвинилді, силикатты және басқа да атмосфераға төзімді бояуларды қолданған жөн.

Ағаш және сырланбаған беттердің қасбеттерін міндетті түрде майлы немесе сулы эмульсиялы синтетикалық бояулармен бояу керек.

Қасбетті әрлеу тек қала сәулетшісі келісімімен жүргізу керек.

Бекітудің болат бөлшектерінің (өрт сөндіру сатыларының тіреуіштері және жалауұстағыш, су ағатын құбырлардың және т.б.) қабырғаларының ластануын және тот басқан дақтарын болдырмау үшін қабырғадан еңістікпен жайғастыруға болады. Қабырғаға еңістікпен орнатылған бөлшектерде қабырғадан 5-10см арақашықтықта мырышпен болатпен қапталған манжетті тығыздап жабыстыруға болады. Барлық қабырғаға бекітілген болат элементтерді уақытылы бояу қажет.

Қасбеттің темір элементтерін әр-3-6 жыл сайын бояп отыру керек.

Тиым салынады:

- қала сәулетшісі келісімісіз ғимараттың сәулетін өзгертуге (мейрамдатуға, жаңа сәулет бөлшектерін қою немесе ескісін ауыстыру, ойыстарды жабу немесе бекіту, терезі пішіндерін өзгертуге);

- қала сәулетшісі келісімісіз ғимараттың қасбетіне, не төбесіне жарнамалар плакаттарын ілуге;

- арнайы ұйымдардың келісімісіз бекітілмеген нөмірлі белгілерді қолдануға.

Балкондарды, күнқағарларды, лоджияларды және эркерлерді байқау барысында салмақ көтеретін элементтердің техникалық жағдайларын мұқият анықтау және пайдалану процесінде конструкцияларда пайда болған ақаулардың болуын тексеру тиіс.

Оларға мыналар жатады: консольды арқалықтар мен тақталардың бұзылуы, консоль астындағы тіреу алаңдарының қыртысталуы, қабаттану, едендердің, қылқималардың және лоджиялардың бұзылуы және қарсы еңістік (ғимаратқа), суоқшаулағыш қабатты жабындардың дұрыс төселмеуі немесе болмауы, қылқима тақталарының төменгі беттерінде судың ағуы, қылқима тақталарындағы және күқағарлардағы жарықшақтар, қылқиманың қоршаушы конструкцияларының, лоджиялардың және өрт сөндіру сатыларының зақымдалуы және әлсіз бекітілуі, гүл отырғызатын жәшіктерді сенімсіз бекіту. Сонымен қатар, ағашты конструкцияларда элементтердің шіріп кетуі көп таралған.

Консолды арқалықтардың және салмақ көтеретін конструкциялардың зақымданған белгілері орын алған жағдайда олардың бітелген жерлерін ашып, конструкцияларын беріктікке тексеру қажет. Бұзылудың алдын-алу үшін тіреу алаңдарында тірек астындағы қалауды уақытша бекіту құрылғысынан кейін ашуға болады.

Бетондалған (сылақталған) болат арқалықтарда бетонның (ерітіндінің) металмен ұстасу беріктігін тексеру қажет. Қыртысталған бетонды немесе ерітіндіні жою керек. Қорғау қабатын қайтадан қалпына келтіру тиіс.

Қылқималардың, лоджиялардың және эркерлердің апаттық жағдайлары орын алған жағдайда, 10.2.3.п негіздеу қажет. Гүлдерге арналған жәшіктердің бояуына және формасына қасбеттің сәулеттік шешімдері жауап беруі тиіс; жәшіктерді арнайы тіреуіштермен бекіту керек.

Ғимараттың қабырғаларының ластануын болдырмау үшін және қылқимадан төменде орналасқан жәшіктер табандықтарда қабырғадан 50 мм кем емес саңылаумен қондырылған болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет