Представлены



бет3/4
Дата10.12.2023
өлшемі367.4 Kb.
#486097
1   2   3   4
alt-chtenia-11-02-22-1 465-468

Abstract


As part of the updated content of education, innovative technologies should be used in the context of
teaching natural-mathematical subjects in three languages. Innovative technologies put the personality of the
child in the main place of the education system, creating comfortable, safe, favorable conditions for its


4


65





development and ensuring the realization of natural potential. ICTs provide the possibility of distance,
individual learning, provide access to various educational information (reference books, encyclopedias,
textbooks, etc.).


Keywords: innovative technologies, computer science in English, distance learning, updated education.


Қазіргі заман талаптарына сай білім беру жүйесі де жетіліп, жаңа қырларын ашуда. Демек, бұл
орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған
оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді,
жүзеге асыруды және оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін қолдануды
талап етеді.
Білім беру саласындағы оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсатын
жүзеге асыруға бағытталған, қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімді пайда-
ланудың методологиясын, технологиясын және практикасын жасауды қамтамасыз ететін, адамға
ыңғайлы процесті сипаттайтын педагогика ғылымының саласын білім беруді ақпараттандыру деп
аталады. [4]
Біз, қазір ақпараттық технологиялар кезеңінде өмір сүріп жатырмыз, сондықтан заманымызға
қарай әр бір адамның қоғам, болмыс, табиғат және ғылым және т.б. салаларында жеткен жетістік-
терінің сансыздығына байланысты оқу үдерісінің мазмұны да жаңарып, оқытудың әдіс-тәсілдері де
жаңартуды қажет етеді. Сондай әдіс-тәсілдердің бірі ретінде қазіргі уақытта білім беру жүйесінде
болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап
етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оқушылардың психологиялық жас
ерекшеліктеріне қарай орынды қолданудың мәні ерекше.
Қазір Республика оқу орындары мен педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқа-
лыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды.
Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негіздел-
ген жаңа идеялар мен жаңа технологиялар бар [1].


Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы дидактика – оқыту нәтижелерін өңдеу процесін
автоматтандыруды, білім беруді, оның ішінде оқудағы ілгерілеуін қаматамасыз ететін, индивидтің
мүмкіндіктері мен қабілеттерінің дамуына жағдай жасайтын, оқушының жеке тұлғалығын дамыту
процесі жайындағы білімдер жүйесі ретінде қарастырылатын білім беру мен оқыту теориясы. [2, 4]
Педагогикалық процеске инновацияны енгізу - шығармашылықтың нәтижесі болып табылады.
Инновацияның бірнеше деңгейлері бар:


1. педагогикалық шындықты өзгерте алатын идеяларды растайтын жаңалық;
2. педагогикалық технологиялардың жаңа элементтерін ойлап табу, әзірлеу және енгізу;
3. педагогикалық рационализаторлық-модернизациялауға және бейімделуге байланысты жетіл-
дірулер


4. тәрбие мен оқытудың қолданыстағы әдістері мен құралдарының нақты жағдайларына. [3]


Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контекстінде Қазақстандағы ең маңызды тіл –


ағылшын тілі болып саналады, сондықтан да оқытудың негізін ағылшын тілі сабақтары алады. Ағыл-
шын тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу – ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның
психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған.
Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп мұғалімдері үшін, орта
білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде, заманауи CLIL әдісін, АКТ техно-
логиясын, жобалық іс-әрекет әдісін белсенді қолдану өте тиімді.
CLIL әдісі – тілді және мазмұнды интегралды түрде оқыту. Кіріктіріп оқытуда жиі қолданылатын
әдіс. CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді – бұл дегеніміз шет тілдің
басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді. CLIL әдісін қолданудың барысында мақсаты
пәнді басқа тіл арқылы оқу. Ғалымдар әдістің ерекшелігі тілді екінші тіл ретінде мақсатсыз оқудан гөрі
белгілі ақпаратты игеру мақсатында оқу айтарлықтай нәтиже беретіндігін дәлелдеген. Бұл үйренушіге
мақсаттылық және мотивация, ақпаратты игеруге қызығушылық береді. Осындай жағдайларда CLIL
әдісі оқушының ағылшын тілін меңгеруіне көмектеседі. CLIL әдісін қолдану ұстаздан тіл және контентті
меңгерту мақсатында алдын ала дайындықты талап етеді. Осы орайда CLIL арқылы сабақ өткізетін
ұстаз қандай болу керек деген сұрақ туындайды. Сабақ өткізу тілін игерген, яғни ағылшын тілінде
өткізетін болса, ағылшын тілінде еркін сөйлеп оқушылармен қарым-қатынас жасай алатын кәсіби
маман.


Ұстаз барлығын идеалды түрде білуге, басқа тілдің қыр-сырын ана тілімен тең деңгейде білуге
міндетті болып есептелмейді. Өз тәжірибемде көргендей, оқушыға түсінікті, қиын емес сөйлемдер мен
сөз тіркестерін ұтымды қолданып пәнді оқыту маңызды. CLIL әдісін сабақта пайдалануда ұстаз үшін
де, оқушылар үшін де бірқатар кедергілер кездеседі:








Ағылшын тілінде сөйлеу кезінде қиындық тудыруы;
Ағылшын тілін тыңдаудағы қиындығы;
Оқушылардың ағылшын тілін білу деңгейлерінің әр түрлілігі;
Ойын жеткізуде толық сөйлемдерді қолдана алмауы;


4


66








Жоғарыдағы кедергілерді жеңу үшін сыныпта қолайлы атмосфера жасай білу қажет,
конфликтті немесе өте қатал жағдайда тілдік қиындықтар тереңдей береді.


Сондықтан ұстаздың оқушылармен бірге білім алушы ролі мен бағыттаушы ролін қатар


меңгеруі маңызды. Тыңдау және түсіну, жеңу оқушылар мен ұстаздан ұзақ уақытты талап етеді. Кейбір
оқушыларда түсіну мен сөйлеу процестері қатар жүрмейді, оқушы сөйлей алуы мүмкін де тыңдаған
уақытта ештеңе түсінбейді. Бұл кедергілерді жеңу үшін мұғалім мәтінді аудио арқылы тыңдатуына
болады. Бұл үрдістер оқушылардың индивидуалдық ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты
болғанмен ұстаздың көмегінсіз кедергілерді жою қиынға түседі. Өз ойын толық жеткізе алмайтын
оқушылардың сөздік қорын толықтыру мен аудитория алдында сөйлеу қорқыныш сезімдері болуы
мүмкін, оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу еркіндігі біртіндеп байқалады. Тәжірибе жүзінде
оқушылардың жас ерекшелігі мен жеке қызығушылықтарына мән беру оқушының мотивациясына әсер
етеді. CLIL- әдісін қолдануда оң нәтижеге жету үшін ағылшын тілін аз мөлшерде пайдаланудан бастау
оқушылардың психологиялық дайындығын арттырады. Жазу арқылы және көру арқылы есте
сақтайтын визуалды сөздік және дәптерді кеңінен пайдалануға бағыттау қажет. Олар мұғалім сөйлеу
барысында тақтаға жазып монитордан көрсетіп отыруды қажет етеді. Күнделікті сабақта қолда-
нылатын сөйлемдерді оқушы есту арқылы есте сақтайды, оқушыға бүгін қандай күн т.б терминдерді
қолданып ағылшын тілінде айту олардың есту арқылы есте сақтауын дамытады. Әдісті пайдалануда
қатып қалған қағида жоқ, өйткені оқушылар әр түрлі дамиды, мұғалім бір немесе үш ай аралығында
сабақты толық ағылшын тілінде өткізуге ауыса алады. Алғашқы сабақтарды бастамас бұрын
оқушыларды психологиялық дайындықтан өткізудің қажеттілігі бар, мінезі байсалды емес оқушылар
әр түрлі себептерді айтып мұғалімнің тапсырмаларына селсоқ қарауы мүмкін, ол үшін алдымен сынып
жетекші және ата-анасына қажеттіліктерді түсіндіріп айтудың маңызы бар. Оқуда қиыншылықтары
бар, ерекше назарды қажет ететін оқушылары бар сыныптарда ата-анасына ескерту мен қосымша
жұмыстар жасау қажет етіледі. Демек, оқушылардың ерекше қабілеттерін пайдалана білудің маңызы
бар.
CLIL-әдісін қолданып сабақ өткізу кезінде аударма сөздік, translator, сөздіктер қолдануға рұқсат
етіледі. Оқушының мәтінді аударуына электронды нұсқадағы сөздіктерді қолдануына болады.
Мысалы, алғашқы сабақтарда 5-7 минут тақырыпқа байланысты ағылшын тіліндегі видео ақпаратты
тыңдатудан бастаған тиімді, өйткені оқушы тыңдап және көру арқылы өтетін сабақтардан кейін
дағдарысқа түсу мүмкіндігі азаяды. Үй тапсырмасына тақырыпқа байланысты жаңа сөздер жазып
келуге берілсе, келесі сабақта жаңа сөздерді пайдалануға тапсырмалар беріледі.
CLIL әдісін қолдануда қарапайым диалог құрастыру, қысқа сөздік жазғызу, суретті әңгімелеу,
ойындар ойнату, тиімді нәтиже береді. Сабақтың құрылымы бастапқыда қайталанбалы болса, оқушы
тәртіпке үйренеді, әдістерді де өте қарапайымнан күрделіге қарай ауыстыруға болады. Өйткені белгілі
бір қайталанбалы сабақты оқушы меңгергенге дейін сол сабақта қолданылатын қарапайым сөз
тіркестері мен сөйлемдерге құлақтары үйренеді. Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, сабақта белгілі
дәрежеде қиындықтардың да болуы мүмкін. Сонымен қатар уақыттың жетіспей қалуы, мұғалімнің
жоспарының толыққанды жүзеге аспауы мүмкіндіктері болуы. CLIL сабақтары барысында қалыпты деп
есептеледі. Оқушыларда барлық тіл үйренушілерге қатысты қателіктер кездеседі, жазу мен сөйлем
мүшелерінің орындарының ауысуы, айту кезіндегі қателіктер, орфографиялық, синтаксистік қателер
көп жіберіледі. Бастапқыда сөйлеу кедергісі бар оқушылар сабақта белсенділік таныта бастаған кезде
олардың қателіктерін сөзін бөлмей сабақтың соңына қарай барып түсіндірген жөн, өйткені ең бастысы
сөйлеу кедергілерін жою мақсатында жұмыс жасау деңгейінде бұл қателіктерге аса назар аудармаған
жөн.


CLIL технологиясының ерекшеліктері: Input


Input дегеніміз не? Сабақтағы кіріспе «оқушыларға идеяларды түсінуге және оның мағынасын
түсінуге көмектесетін ақпарат» деп анықтауға болады. Input - әр сабақтың негізі болып табылады. Ол
бейнеден, кітаптағы мәтіннен, граф немесе фотосуреттен тұруы мүмкін. Оқушылар тыңдайды,
қарайды, енгізуді оқиды, олар кірісті ақпаратты алады, оны сабақты аяқтауға да пайдалануға болады.
Мысалы, видеоны қарап, кейін жаттығу орындауға болады. (слайд)
Сөздікпен жұмыс (вокабуляр) үш түрі бар: жалпы сөздер, пәндік терминология және академия-
лық сөздер. Мұғалімдер оқушыларға әр түрлі контексте жаңа сөздерді қолдануға көмектесуі керек.
Оқушылар сөздермен қаншалықты көп жұмыс жасаса, оларды есте сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары
болады. Оларды сабақ барысында тапсырмаларды орындау кезінде қолданамыз.
Тыңдау дағдыларын дамытудың стратегиялары: Есту барысында пайда болатын сөздерді
немесе грамматикалық құрылымдарды қайталаңыз, семантикалық карталарды құрастырыңыз, мәтін-
нің мазмұнын болжау, тыңдаңыз және кесте толтырыңыз, тыңдаңыз және белгілі бір ақпарат бойынша
(күндер, сандар, уақыт) ескертулер жасаңыз, ақпаратты тыңдаңыз және бос жерлерді толтырып
қойыңыз.
АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері ағылшын тілінде оқытудағы тиімділігін арттыратынын
атап өту керек. АКТ қашықтықтан, жеке оқытуға мүмкіндік береді, әртүрлі білім беру ақпараттарына
(анықтамалық, энциклопедия, оқулықтар және т.б.) қолжетімділікті қамтамасыз етеді, бірақ жоғарыда


4


67





аталған АКТ-лардан басқа білім беру процесінде жаңа технологияларды пайдалануға мүмкіндік
береді. Оқушылардың қызығушылықтарын тудыратын келесі тәсілдер жиынтығын жатқызуға болады:
PEAR DECK: Интерактивті презентацияларға арналған қарапайым және «көрнекі» қосымша
NEARPOD: Мобильді телефондағы сабақ


SOCRATIVE: оқушыларға арналған викторина
KAHOOT: бес минут ішіндегі викторина
Padlet : Интерактивті мультимедиалық қабырға
CANVA: тегіс графикалық дизайн
VIALOGUES: деректер видео бойынша онлайн-дауларды ұйымдастыратын қызмет
QUIZIZZ: онлайн тестілеу бағдарламасы.


WebQuest – ақпараттық ресурс ретінде Интернет қолданылатын, рөлдік ойынның элементтері
бар мәселелік тапсырмалар. Мектепте веб-квесттерді пайдаланудың келесі себептері бар:


1. Бұл технология – оқу үрдісіне интернетті енгізудің оңай жолы. Оқушы мен мұғалім үшін арнайы
техникалық білім талап етілмейді.


2


. Веб-квестті жеке орындауға болады, бірақ ол топта ең жақсы түрде орындалады. Сонымен
қатар білім берудің екі негізгі мақсаты: коммуникация және ақпарат алмасу жүреді.
Мұғалім тапсырманы құра отырып, ақпаратты Ғаламтордан іріктеп алады да оқушыларға


өздеріне қажетті мәліметті алуды оңайлату үшін гиперсілтеме беріп отырады. WebQuest- тің келесідей
құрылымдары бар:


1
2
3
4
5
6
7


. Introduction (Кіріспе)
. Task(Тапсырма)
. Process (Орындау)
. Evaluation (Бағалау)


. Сonclusion (Қорытындылау)


. Credits (Қолданылған Пайдаланған әдебиеттер)
. TeacherPage (Оқытушыға арналған пікірлер).
Жобалық әдіс – оқытудың қазіргі кездегі инновациялық әдістердің бірі. Жеке тұлғалық


бағдарлы тәсіл – білім беру жүйесінің басты орнына баланың тұлғасын, оны дамытудағы ыңғайлы,
қауіпсіз, қолайлы жағдайларын құрып, табиғи әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз етуін қояды.
Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда тақырыпқа сай терминдерді видеолар мен
мультфильмдер, оңай кинолар арқылы есте сақтауға үйретуге, мәтіндік тапсырмалар, түртіп алу
әдістерін пайдалану арқылы оқытуға болады. Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру –
жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу - біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады.
Ол – жаһанданудың кепілі. Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын
тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде.
Сондықтан тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқыту нәтижеге жеткізеді.


Осыған орай ұлы педагог-ғалым К.Д.Ушинскийдің тамаша сөздері бар «Мұғалім – өзінің білімін
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»





деген. Нағыз ұстаз сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр


сабақты түрлендіріп отыру шарт. Жоғары жетістіктерге жету үшін тек бір технологиямен шектеліп
қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет