Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар - Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- Бассейндер бөлек тұрған ғимараттарда, қоғамдық ғимараттарға жапсарластыра салынған (ішіне салынған) үй-жайларда орналастырылады. Бассейндер тұрғын ғимараттарда орналастырылған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс.
- Бассейн үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, ваннасы бар зал, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, спорт мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар, әкімшілік үй-жайлар, медициналық персоналға арналған кабинет кіреді.
Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар - Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
-
- Өзіне өзі қызмет көрсету кір жуу орны мен кірді қабылдау-беру пункттерін қоспағанда, кір жуу орындарын тұрғын үйлерде орналастыруға тыйым салынады. Кірді қабылдау-беру пункттері тұрғын ғимараттарда орналасқан жағдайда, олардың үй-жайларының тұрғын бөліктен оқшауланған кіру есігі және кір және таза заттарды қабылдауға, сақтауға және беруге арналған бөлек үй-жайлары болуы тиіс.
- Кір жуу орындарының сәулеттендіру - жоспарлау шешімі технологиялық үдеріс ағындылығының сақталуын көздеуі және таза және кір заттардың жанасуына, қиылысуына жол бермейтіндей болуы тиіс.
- Жылумен қамтамасыз ету, желдету және ауа баптау жүйелері ауа сапасының гигиеналық нормативтерін, шу мен діріл деңгейлерін, сонымен қатар кір жуу үй-жайларының жылу беру маусымындағы жол берілетін микроклимат параметрлерін: ауа температурасының плюс 18-22 Цельсий градус (бұдан әрі – °C), салыстырмалы ылғалдылықтың 30-65 % болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер: - 1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К - “Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы”(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
- 2. Кучма В.Р.- “Гигиена детей и подростков”, Медицина, 2004.,
- 3. Интернет – “www.google.kz”, “www.yandex.ru”
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |