Сумен қамтамасыз етуге, канализация, жылу, желдету және жарықтандыру жүйелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Кір жуатын орындар үшін шаруашылық - ауыз су көзін таңдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге және суды пайдаланатын мәдени-тұрмыстық орындарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы" 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2999 тіркелген, санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің талаптарына сай жүргізілуі керек. Кір жуатын орынның сумен қамтамасыз етілуі, канализация жүйесі қолданыстағы ҚНжЕ-нің талаптарына сай жүргізілуі керек.
Жатақханаларды жобалау және салу кезінде дәлізді жүйедегі тұрғын бөлмелер 10 бөлмеден аспайтын және пәтерлі жүйедегі 3 бөлмеден аспайтын блоктарға топталады. Әр блокта бірнеше блокқа ортақ болуы мүмкін ас үйі мен санитариялық торап, себезгі бөлмелері көзделеді.
Отбасылық үлгідегі жатақханаларда балалардың ойын бөлмелері жобаланады.
Жатақхана ғимараттарында:
1) тұрғын бөлмелердің үстіңгі қабаттарында және оларға тікелей жапсарлас санитариялық тораптар, қол жуғыштар, себезгі бөлмелерін орналастыруға;
3) қоқыс салғыш құбырлар мен электр қалқандарын тұрғын бөлмелерге жанастыруға;
Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Моншалар мен сауналар жеке тұрған ғимараттарда немесе жеке кіретін есігі болған жағдайда кір жуу орнымен бір ғимаратта, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрмыстық корпустарында орналастырылады. Монша мен сауналарды тұрғын ғимараттарда орналастырған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс.
Монша және сауна үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, шешіну-киіну бөлмесі, санитариялық тораптар, жуынып-шайыну және себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар кіреді.