Үй-жайларды тікелей функционалдық мақсатынан тыс пайдалануға тыйым салынады. Объектілердің барлық үй-жайларында жуу, тазарту құралдарын қолдана отырып күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, 7 күн сайын бір реттен сиретпей күрделі жинау жұмыстары жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, сөрелермен немесе стеллаждармен жабдықталған, арнайы бөлінген орында (үй-жайда) сақталады. Дәретханаларға арналған жинау мүкәммалы басқа жинау мүкәммалынан бөлек сақталады. - Үй-жайларды тікелей функционалдық мақсатынан тыс пайдалануға тыйым салынады. Объектілердің барлық үй-жайларында жуу, тазарту құралдарын қолдана отырып күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, 7 күн сайын бір реттен сиретпей күрделі жинау жұмыстары жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, сөрелермен немесе стеллаждармен жабдықталған, арнайы бөлінген орында (үй-жайда) сақталады. Дәретханаларға арналған жинау мүкәммалы басқа жинау мүкәммалынан бөлек сақталады.
Қонақүйлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар - Қонақүйлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- Қонақүйлер бөлек тұрған ғимараттарда орналастырылады немесе көп функциялы ғимараттар және жеке кіретін есігі бар өзге мақсаттағы ғимараттар құрамына енуі мүмкін. Көп функциялы ғимараттар құрамындағы қонақүйлерді жобалау кезінде және қонақүйлердің үй-жайлары басқа да ұйымдармен біріктірілген жағдайда, қонақүйлер жоспарлы түрде бөлектенеді, оқшауланады және жеке кіру есіктерімен қамтамасыз етіледі. Қонақүйлердің тұрғын үй-жайларын жертөле және цокольді қабаттарда орналастыруға тыйым салынады.
Үш және одан көп қабатты қонақүйлер ғимараттарында қоқыс салғыш құбырлар жобаланады. Қоқыс салғыш құбырлардың өзегі құрылыс конструкцияларынан ауа және дыбыс өтпейтіндей оқшаулануы тиіс және адамдар тұрақты тұратын тұрғын және қызмет үй-жайларына жапсарлас салынбауы тиіс. Қоқыс жинау камерасын тұрғын бөлмелер астына немесе олармен аралас және үнемі адамдар болатын үй-жайлар астына орналастыруға тыйым салынады. Нөмірлерде санитариялық торап, киім ілетін орындар көзделеді. Тұру алаңы бір тұрғынға шаққанда 6 шаршы метрден (бұдан әрі – м2) кем болмауы тиіс. Тұрғын үй-жайлардың шудан оқшаулануын сақтаған жағдайда қонақүйлердің тұрғын қабаттарында қоғамдық тамақтану үй-жайларын (барлар, кафелер, буфеттер) орналастыруға жол беріледі. - Үш және одан көп қабатты қонақүйлер ғимараттарында қоқыс салғыш құбырлар жобаланады. Қоқыс салғыш құбырлардың өзегі құрылыс конструкцияларынан ауа және дыбыс өтпейтіндей оқшаулануы тиіс және адамдар тұрақты тұратын тұрғын және қызмет үй-жайларына жапсарлас салынбауы тиіс. Қоқыс жинау камерасын тұрғын бөлмелер астына немесе олармен аралас және үнемі адамдар болатын үй-жайлар астына орналастыруға тыйым салынады. Нөмірлерде санитариялық торап, киім ілетін орындар көзделеді. Тұру алаңы бір тұрғынға шаққанда 6 шаршы метрден (бұдан әрі – м2) кем болмауы тиіс. Тұрғын үй-жайлардың шудан оқшаулануын сақтаған жағдайда қонақүйлердің тұрғын қабаттарында қоғамдық тамақтану үй-жайларын (барлар, кафелер, буфеттер) орналастыруға жол беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |