Мониторингтің негізгі міндеті:
- Қоршаған орта жағдайын тексеру.
- Қоршаған орта жағдайына баға беру жəне оны болжау.
- Антропогендік іс-əрекеттің қоршаған ортаға тигізетін əсерінің деңгейін анықтау.
- Факторлар мен көздерді тауып, тигізетін əсерінің анықтау
Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:
Биологиялық мониторинг - биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.
Базалық мониторинг – жалпы биосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.
Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың температурасының, қысымның, ылғалдықтың өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі, қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін яғни тұрақтылық шегінен шыққанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырады. Табиғи факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады.
Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі 1970 жылы құрылған.
Бұл жүйенің мақсаты:
— қоршаған ортаның жай күшінің халықаралық мониторигі мен бағалауын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу.
— мониторингтің жаңа станцияларын құруда көмек көрсету
—атмосфера мен климаттың жай-күйі, қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтерді жинау және тарату.
- Биологиялық мониторинг – биоиндикаторлар көмегімен жүргізетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін ағзалардың күйі мен жүріс–тұрысына қарап пішіп кеседі.)
- Экобиохимиялық мониторинг – қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға арналған мониторинг.
- Дистанциялық (аралық) мониторинг – зерттейтін объектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық, космостық мониторинг.
Достарыңызбен бөлісу: |