Презентация тақырыбы : Омыртқа бағанасының физиологиялық және патологиялық иілімдері Орындаған: Асембекова А., Алихан Ж.,Алайдарова Б. Қабылдаған: Рысқұл Е. А. Тобы: вм-пқ-02-23 «Морфофизиология»



бет2/4
Дата13.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#498605
түріПрезентация
1   2   3   4
анат 1срс

Омыртқа жотасының қисаю түрлері
  • Сколиоз
  • Лордоз
  • Кифоз
  • Паталогиялық лордоз
  • Қалыпты лордоз иілімдері бала 1 жасқа толғанша пайда болады. Ал паталогиялық лордоз 2 түрлі болады:
  • Омыртқадағы ісіктер әсерінен пайда болған- бірінші реттік лордоз;
  • Ортан жіліктің туа біткен таюы және кеуде кифозы әсерінен- екінші реттік лордоз дамиды.
  • Лордоз қатты білінгенде, тұрған қалыпта, тізе буыны бүгулі, дене мен жамбас алдыға шығыңқы, ал жүрген кезде- тізе қатты бүгіліп, дене алдыға қисаяды.
  • Жүре пайда болатын лордоз- ұршықты буынның таюынан, іш аймағында артық майдың жинақталуынан және де аяғы ауыр әйелдерде жиі байқалады. Мойындық және белдік лордоздың азаюы- остеохондроз, омыртқа туберкулезы, остеохондропатия, омыртқа денесінің сынуында пайда болады.
  • Лордоздың клиникалық көрінісі омыртқа жотасының деформациясы және қатар жүретін зақымдалған аймақтағы ауырсынудан көрінеді.
  • Сыртқы көрінісі- бас пен қарын алға шығынқы, кеудесі тегіс.
  • 1 реттік лордозды тек хирургиялық жолмен, ал 2 реттік лордозды бандаж салып емдеуге болады.
  • Кифоз
  • Кифоз- омыртқаның артқа шығыңқы болуы, бүкірлік. Сыртқы көрінісі- иық алға және төмен түсіңкі, кеуде тыныс шығарғанда тар, қарын сәл шығыңқы, тепе- теңдік ортасы артқа ығысқан, дененің жоғарғы жағы алға қисаяды, жауырындар қанат тәрізді пішін алады. Кеуде қуысының тарылуына байланысты өкпенің тіршілік сиымдылығы азаяды, соған байланысты тыныс алу және жүрек жұмысы бұзылады.
  • Кифоз туа және жүре пайда болады. Пішініне қарай доға тәрізді және бұрыш тәрізді деп бөлінеді.
  • Туа пайда болған кифоз омыртқа аралық дискілердің жетілмей қалуынан және омыртқа денесінің дұрыс дамымауынан болады.
  • Жүре пайда болған кифоз- зақымдалу, ісік, рахит, остеохондропатия, остеопороз, спондилоз, лейкемия, дистрофия, миатония, т.б.себептерден дамиды.
  • Кифоз зақымдау аймағына байланысты- кеуделік және кеуде- белдік болып бөлінеді:
  • Кеуделік кифоз- IV- X кеуде омыртқаларының қисаюы.
  • Кеуде - белдік кифозда- XI- XII кеуде омыртқалары және I- II бел омыртқалары зақымдалады.
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет