Кифоздың жастық ерекшеліктері - Жас балалық кифоз- рахит әсерінен дамиды. I- III бел омыртқалары қисаюынан көрінеді.
- Балалық кифоз- 2 түрлі себептен пайда болады. 1- Омыртқа денесіндегі ақау кесірінен. 2- бұлшық еттердің балада дұрыс жетілмеуінен (бала денсаулығы әлсіз болғанда).
- Жас өспірімдерде арқасы дөңгелек тәрізді болады.
- Үлкен адамдарда анкилозирлеуші спондилит немесе прогресирлеуші спондилеартрит (Бехтерев ауруы) көрінеді. Омыртқа жотасы шүйдеден сегізкөзге дейін толық қисайып, доғаға айналған.
- Қарттыққа дейінгі кезең формасы, әйелдерде, минструальді цикл тоқтағасын басталады, себебі гормональді жүйе бұзылады. Соған байланысты остеопароз жүреді.
- Қарттық кифоз- омыртқа аралық диск дегенерациясы және езілуінен пайда болады. Кифоз жоғарыдан төмен бағытталып дамиды.
- Кифозды емдеу тәсілі комплексті болуы қажет: массаж, ФТО, гимнастикалық жаттығулар. Олардың арқайсысы кифоздың даму деңгейіне, бұлшықет жүйесінің жағдайына, таға да басқа сырқаттарына қарай таңдалады.
- Сколиоз – ол көбінесе жас өспірімдер мен мектепке дейінгі балаларда кездесетін омыртқа жотасының ауруы. Егер сыртынан карасақ омыртқа жотасының иілуі байламдар мен сүйекке байланысты S тәрізді болып келеді. Сколиозды омыртқа бұзылысымен жиі шатастырады. Бірақ сколиоз омыртқа бұзылысының күрделі түрі. Омыртқа жотасының бұзылысы: баланың дұрыс отырмауын, қозғалуын қадағаламаса немесе кальций жетіспесе, бұлшықет әлсірегенде байқалады. Қазіргі жас өспірімдердің, оқушылардың біриықты сумкалары, ауыр кітапты көтерулері, ыңғайсыз парталар сколиоздың дамуына алып келеді.
- Сколиоздар адамда туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді:
- Туа пайда болған- ұрықтың жатырда дұрыс дамымауы кесірінен болады. Оның себептері: анасының дұрыс тамақтанбауы, жағымсыз әдеттері, физикалық жұмыс жасамауы, емдік дене тәрбиесімен айналыспауы.
- Жүре пайда болған сколиоздар- ауру кесірінен (рахит, полимелит, туберкулез), жарақат алудан (омыртқа денесі сынуы), денені қалыпты ұстамаудан дамиды.
- Жүре пайда болған сколиоздардың түрлері
- Жүре пайда болған сколиоздар негізгі 4 топқа бөлінеді:
- Ревматизмдік- кенеттен пайда болады. Себебі, бұлшық ет немесе омыртқа аралық буынның аурулары (миозит, спондилоартрит) әсерінен сау жақтағы бұлшық еттін қатты жиырылып қалуы.
- Рахиттік- бұлшық ет әлсіздігінен туады. Ауыр затты үнемі көтеруден, қисық отыру кесірінен дамиды.
- Параличтік- бала кездегі параличтен және басқада жүйкелік аурулардан кейін пайда болуы мүмкін.
- Әдеттік- негізгі себеп қалыпты дене қалпын дұрыс сақтап жүрмеу.
|