Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты сколиоздардың жіктелуі - Құрылымдық емес- жалпы анатомиялық құрылысты өзгертпейді, тек омыртқа жотасы бүйірге қисаяды, негізгі ерекшелігі ротациялық айналу жоқ.
- Дене қалыптық- 8-11 жас аралығындағы балаларда денесін дұрыс ұстамағасын қалыптасады. Әдетте сколиоз доғасы солға шығынқы.
- 2. Компенсаторлық- бір аяқтың қысқа болуынан дамиды. Скалиоз шығыңқысы қысқа аяқ жаққа қарап, жамбас қисайып аяқ қысқалығының орнын толтырмақ болғандықтан дамиды.
- 4. Ауырсынулық сколиоз- ішкі бір мүшедегі ауырсыну әсерінен пайда болып, ол ауру емделгенде жоғалады.
- 3. Рефлекторлық сколиоз- кейбір неврологиялық аурулар кесірінен денені түзу ұстай алмағасын пайда болады (омыртқа аралық жарық).
- Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты сколиоздардың жіктелуі
- Құрылымдық сколиоз бала кезде пайда болып, омыртқа жотасының ерекше иілуі, ротациямен ерекшеленеді. Омыртқалар шығыңқы жақта қабырғалар артқа көтеріліп, қабырғалық өркеш түзеді. Ал келесі жағында қабырғалар ішке қартай қисаяды. Құрылымдық сколиоздың пайда болу себебі өсу кезінде сүйек қалыптасуының бұзылуы болып табылады.
- Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты сколиоздардың жіктелуі
- Әдетте балаларда омыртқа жотасының паталогиялық қисаю себебі- төсегінің дұрыс болмауы. Ең дұрысы ортапедиялық төсек болып табылады. Күнделікті өмірде төсек орынды, әсіресе балалардікін ыңғайлы ету керек.
- Аздаған дене деформациясы барлық адамда бар. Ал олар айқын көріне бастаса ортапетке қаралу керек.
- Дене түзулін тексерудің қарапайым әдісі: тік қабырғаға арқамен тұрып, шүйде, жауырын, жамбас, балтырды қабырғаға тигізгенде- қабырғамен мойын және бел лордоздары арасы 2-3 елі болуы тиіс.
- Емдеу тәсілдері:
- емдік массаж
- мануальді терапия
- физиотерапия
- емдік физкультура
- емдік дәрілердің көмегімен
- Ең бастысы омыртқа жотасының ауырсынуы кезінде дәрігерге дәл уақытында бару болып табылады. Себебі: егер ауру аскынған болса ол басқа жүйелердің де бұзылуына алып келеді.
- Омыртқа жотасының аурулары кезінде көбінесе жоғарыда айтып кеткендей комплексті емдеу тәсілдерін қолданады. Егер ауру тым асқынып кеткен болса онда операциялық жолдарды қолданады
- Омыртқа арасында шеміршек пен сіңір болады. Жарақат алғанда, ауыр көтергенде шеміршек жарылып кетеді де, омыртқа арасындағы жүйке тамырлары мен қан тамырлары қысылып қалады. Екі аяққа күш түсіп, шыдатпай ауырады. Омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын адам ағзасының ең маңызды органы. Жұлыннан қан тамырлары мен жүйке тамырлары шығады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де, со сонын салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады. Яғни, ішкі органдардын холестицит, белсіздік, жүректің, ішектердің, зәр жүру жолының ауруларын асқындырады.Омыртқа жотасының ауруларының қай-қайсысы болса да өте зиян болып табылады. Себебі: оның бұзылыстары жұлынның зақымдануына алып келеді. Егер жұлынның кеуде аймағы зақымданса колдардың, кеуде-бел аймағында зақымданса ішкі ағзалардың, егер бел аймағы зақымданса аяқтардың жұмысының бұзылысына алып келеді. Сол себепті де ертерек аурудың алдын алған абзал!
- Пайдаланылған әдебиеттер:
- “Омыртқа жотасының аурулары мен зақымдалулары” В.Л. Анддриянов, Г.А. Баиров, В.И. Садофьева, Р.Э. Райе
- « Травматология и ортопедия» Корнилов-2016ж. С-102-110.
- А.Рақышев «Адам анатомиясы» Алматы , 1994 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |