Баланың бейнелеу іс-әрекетінің негізгі түрлері болып саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді. - Баланың бейнелеу іс-әрекетінің негізгі түрлері болып саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |