Презентация тақырыбы: «Буаздықты анықтаудың клиникалық және зертханалық әдістері»


Буаздықты тік ішекке қол салу арқылы анықтау



бет4/4
Дата09.03.2024
өлшемі0.66 Mb.
#494754
түріПрезентация
1   2   3   4
stud.kz-23233

Буаздықты тік ішекке қол салу арқылы анықтау

  • Сиырдың буаздығын тік ішек арқылы анықтау жұмысын ертеңгілікте малдың ашқарын кезінде жүргізген дұрыс.
  • Оның алдында қолдың тырнақтарын қысқа етіп алып, шетін мұқият тегістеу керек. Олай етпесе өткір тырнақтын ұшымен тік ішектің ішкі кілеген қабатын жырып жарақаттап алуымыз мүмкін. Осыдан кейін қолды сабынды сумен, бір рет жуып тастап, құрғақтап сүрткен соң шынтаққа, дейін вазелинмен майлаған дұрыс немесе сабынды көпіртіп жақса да болады.
  • Осылай дайындалған қолды тік ішекке ақырындап ары-бері ырғап сұғады. Көбінесе тік ішек нәжіске толы болады. Оны қолмен сыртқа ысырып тазалап алмаса ішкі жыныс арзаларын зерттеуге, ондағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік бермейді.
  • Тек ішекті нәжістен тазартып болған соң жамбас қуыста орналасқан ағзаларды зерттей бастайды. Қысыр сиырдың жатыры түгелдей жамбас қуысында орналасқан. Көлемі үлкен кісінің жұдырығындай, ұстап сипай бастағанда босаңдау жатқан жатыр тітіркенеді де, тез жиырылып домалақ шар тәрізді денеге айналады. Жыныс бездері де жамбас қуысында, жатыр түтіктерінің ұшында орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет