Презентация тақырыбы: «Буаздықты анықтаудың клиникалық және зертханалық әдістері»



бет2/4
Дата09.03.2024
өлшемі0.66 Mb.
#494754
түріПрезентация
1   2   3   4
stud.kz-23233

Буаздықты анықтау.

  • Әдетте буаз малдың жем-шөпке тәбеті жақсы, мінезі тыныш бірқалыпты, еркек малға көңіл аудармайды, тіпті одан қашып аулак жүруге тырысады. Құрсағы ұлғая бастайды. Төлдеуге жақындағанда артқы аяқтарында, желінінде сондай-ақ құрсақ қабырғасының төменгі жағынан аздаған ісіктерді байқауға болады. Буаз мал тез шаршайды, терлегіш келеді. Сауын сиырлардың буаздықтың соңғы мезгілдерінде сүті азайып, суалып кетеді. Төлдеуге 2-3 апта қалғанда малдың сарпайы ісінеді.
  • Буаздықтың екінші жартысында төлді құрсақ қабырғасының сыртынан қолмен басып анықтауға да болады. Ол үшін дәрігер сиырдың оң жағынан келіп, сол қолын сиырдың арқасына салады да, оң қолының алақанымен құрсақ қабырғасын аш өзектің тұсынан қабырғаның төменгі жағына ала ішке қарай бір-екі дүркін итеріп қалады. Егер сиыр буаз болса төлдің қайта келіп, алақанға соғылғаны байқалады. Биені осындай әдіспен сол жағынан тексереді.

Ұсақ және ірі малдың буаздығын анықтау

  • Ұсақ малды (қой, ешкі, мегежін т.б.) тексергенде малдың құрсағының астынан кұтеріп байқайды немесе екі жағынан бірдей қысып, екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізуге тырысады. Егер мал буаз болса төл екі қолдың арасында қаттылау дене болып білінеді.
  • Ірі малдың буаздығын анықтаудың ең дәл көрсететін әдісі - қолды сиырдың немесе түйе мен биенің тік ішегіне қол салып жатырды, жыныс бездерін, жатыр қан тамырларын сипап, олардағы физиологиялық өзгерістерді білу арқылы анықтау. Бұл әдіспен тәжірибелі мамандар сиырдың 30-45 күндік буаздығын анықтап алады.
  • Ауыл шаруашылық малдарының буаздығын жоспарлы анықтаудың үлкен өндірістік мәні бар мәселе.

Буаздықты анықтау үшін мына төмендегідей әдістер қолданылады:


1. сырт жақтан анықтау әдісі, іштің қабырғасын сипалау «ұрпақты» - төлді табу
2. тік ішекке қол салу (т.қ-с) - ректальді - жыныс мүшелердің өзгеруін тексеру;
3. вагиналды (жатыр вагинасыныц сағанасы) тексеру - жатыр сағанасы-ның кілегей қабығын, сағанадан кілегей сұйық бөлуін және жатыр мойынын тексеру;
4.зертханалық тексеру - сағана кілегейін, сұйықтық сапасын, қанды, зәрдегі гормондарды тексеру (буаз болғанда бөлінетін). Буаздықты анықтаудың негізгі әдісі тік ішекке қол салу (ректальді әдіс).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет