Презентация тақырыбы: «Буаздықты анықтаудың клиникалық және зертханалық әдістері»



бет3/4
Дата09.03.2024
өлшемі0.66 Mb.
#494754
түріПрезентация
1   2   3   4
stud.kz-23233

Буаздықты сырттан анықтау

  • Буаздықты сырттан анықтау келесілерден тұрады - малды сырттан көру, төлді сипалап табу, төлдің жүрегінің соғуын тыңдау. Малды сырттан тексергенде арт жақтан оның формасының (контурының) өзгеруін көреді. (41-сурет).
  • Сиырда тексеретін орынды былай табады: оң жақтан тізе буыннан омыртқаға параллель сызық жүргізеді, қабырға астына қарай, жылқы да, тізе буынынан крупаға қарай. Осы сызықтың шамасында (40, 41-суреттер) сиырды сол алақанмен, жылқыда оң алақанды жеңіл ғана ішке қарай итереді, алақандарды алмай, қояды да сәл босатады. Буаз жатыр өз орнына қайта, келгенде, төлдің қатты денесі қолға сезіледі. Бұл әдіспен 6-7 айлық төлді анықтауға болады.

Ешкінің төлін сипалап анықтау
Шошқаның төлін сипалап анықтау

Буаздықты рефлексологиялық әдіспен анықтау.

  • Бұл әдіс күйттеуші еркек малды қолдануға негізделген. Ұрықтандырылған сиырларды он күн өткен соң күнде ертеңгілікте 15-20 тәулік бойы күйттеуіштер қосу арқылы байқап отырады. Егер қашырылған малдың тоқтамағаны білінсе осы мерзім ішінде олар қайтадан күйге келеді, кұйттеуші малға жақындап оның үстіне асылып немесе артын тосып тапжылмай тұрып алады. Мұндай белгі көрсеткен сиырларды қысыр деп тауып, қайтадан ұрықтандыру керек.
  • Буаз сиыр күйттеуші малға жоламайды, өзіне жақындатпайды. Уақ малдың, биенің буаздығын анықтағанда да рефлексологиялық әдіс кеңінен қолданылады.

Сиырдың буаздығын тік ішеккке қол салып (реактально) анықтау


Буаздық

Жатырдың, жатыр
мойынының және
ұрықгықтың орналасуы

Жатыр айдаршасының өзгеруі

Орта жатыр
артериясының
соғуының
өзгеруі

Қысыр сиырда

Жатыр мойыны, денесі, айдаршасы және ұрықтық жамбас қуысында қасаға сүйектерінде орналасқан

Жатыр айдаршалары бірдей. Олардың арасында жырық анық білінеді, сипалағанда жиырылады. Айдарша домалақтанады, қатая түседі

Сезілмейді

1 -айлық

Жатыр мойыны, денесі, айдаршалары жамбас қуысында, бірақ қасаға сүйегінің шетіне сәл асылып тұрады. Ұрықтықта (буаз) сипалағанда сары денешік білінеді

Буаз айдарша жуандаған, диаметрі 3-4 см, былқылдақ, жиырылмайды ал буаз емес айдарша сипалағанда жиырылады

Қан тамырлары жуандаған, соғуы әлі білінбейді

2-айлық

Жатыр мойыны жамбас қуысынан ішке қарай жылжыған, айдаршалар қасаға сүйегіне асылып тұрады. Ұрықтықта сары денешік білінеді

Жатырдың буаз айдар-шасы 1,5 есе үлкейген (диаметрі 7-8 см), сипалағада флюктуация (ішінде сұйық бар екені) білінеді. Айдаршалар жиырылмайды, арасындағы жарық та білінбейді. Жатырдың жиырылмауы буаздықты танудың ең басты белгісі болып табылады

Тамырлар жуандай түскен, соғуы білінбейді

3-айлық

Жатыр айдаршасы ұзындығының үштен бір бөлігі іш қуысына түскен, ұрықтық та іш қуысында орналасқан. Сары денешік білінеді

Айдаршалар 3-4 есеге жуандай түскен, диаметрі 7-8 см.буаз емес айдарша да жуандаған. Айдарша аралық жырық тегістелген, білінбейді. Флюктуация және карункула(плацент түйіндері) ноқаттай болып білінеді

Буаз айдарша жағында орта артериясының жуандағаны байқалады. Сәл соғуы сезіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет