Нашар көрінетін қолдың майлы іздерінің фототүсірілімі (эйнек, пластмасса, жылтыр бетті заттарда қалдырылған) қараңғы бөлмеде күңгірт әйнекті фотоқамерамен 1:1 масштабымен жүзеге асырылады. Қолдың іздері аз форматты аппаратпен («Зенит») ұзартқыш сақиналарды пайдалану арқылы түсіріледі. Күн сәулесінің зиянды әсерін жою үшіи, затқа із үшін кесілген кескіні бар қара қағаздың парағын салу қажет. Ізді жарықтандырғыш рефлекторына жарық өткізбейтін қара қағаздан жасалған конусты кигізу арқылы алынатын сәулені қырынан түсіру жолдары ұсынылады. Егер із түссіз материалдарда орналасса, онда оған қарама-қарсы жағынан белгілі бір қашықтықта қара түсті мата немесе қағаз қою қажет. Әйнекте орналасқан із өтпелі жарықтықпен түсірілуі мүмкін. Бұл жағдайда тік тұрған ұстағыш аркылы әйнекті бекітеді және оның үстін із үшін кесілген «маскамен» жабады.
Достарыңызбен бөлісу: |