Із жағынан әйнекке қарсы фотоаппарат қояды, қарама-қарсы жағынан қара экран, ал қырынан жарықтандырғыш орналастырылады. Жарық (сәуле) әйнекке 45-60 - бұрышта бағытталады
Заттар яғни, заттай дәлелдемелер - біріншіден табылған жерінде, ал одан кейін қарама-қарсы (контрастылы) түстегі ортада түсіріледі. Заттың айналасында көлеңкелердің пайда болуын болдыртпау үшін мата немесе қағазды төсеп, мықты қондырғылардың көмегімен түссіз эйнектерді белгілі бір арақашықтыққа орналастырады. Суретке түсірілетін объект әйнектің бетіне қойылады. Жазықтықта түсірілетін заттың жанына миллиметрлік масштаб қойылып фотосуретке түсіріледі. Заттарды түсіру кезінде екі жарықтандыру көздерін қолдану қажет, тікелей - объектінің жалпы контурын керсетіп және қырынан бедерлі белгілері көрінетіндей етіп түсіру керек. Заттай дәлелдемелердің жалпы түрін түсірумен қатар олардың белгілері (шығарылған фабрика маркасы, оның иесінің атауы, нөмері, зақымданған жерлері және т.б.) ipi масштабта түсіріледі.