Презентация Тақырыбы: Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың ерекшеліктері



бет5/10
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Криминалистикалық фотография және бейнетаспаға жазу.

Түйінді түсіру - оқиға болған жердің жеке учаскілерін және ондағы қылмыстық материалдық белгілерінің барынша көп шоғырланған жерлерін ipi масштабта түсіру әдісі (мысалы: қылмыстың материалдық басым бөлігі, яғни мәйіттің жатқан жері, өрт ошағы және т.б. көрсетіледі).

Детальды түсіру - бұл жеке іздерді және заттарды өлшеу масштабымен тусіру әдісі. Заттай дәлелдемелер мен іздердің сыртқы белгілерін бейнелеп көрсету үшін детальды түсіру әдісі қолданылады. Детальды түсіру әдісінің объектілеріне: қару-жарақ, оқ, гильза, қылмыс құралдары мен олардың іздері, қол, аяқ, көлік-құралдарының іздері, ұрланған заттар мен өзге де объектілер жатады. Детальды түсіру кезінде фотоаппаратты объектінің тек өзі немесе оның қажетті бөлігі ғана кадрға сиятындай қашықтықта орналастыру қажет.Жергілікті жерде детальды түсіру барысында күн сәулесі түсірілетін объектінің алдына немесе артына емес, тек жанына тұскен кезде ғана нақты, әрі айқын фотосуреттер алынады. Қысқы уақытта фотосуреттер алу үшін сары және қызғылт-сары жарық-фильтрлері қолданылады.

  • Детальды түсіру - бұл жеке іздерді және заттарды өлшеу масштабымен тусіру әдісі. Заттай дәлелдемелер мен іздердің сыртқы белгілерін бейнелеп көрсету үшін детальды түсіру әдісі қолданылады. Детальды түсіру әдісінің объектілеріне: қару-жарақ, оқ, гильза, қылмыс құралдары мен олардың іздері, қол, аяқ, көлік-құралдарының іздері, ұрланған заттар мен өзге де объектілер жатады. Детальды түсіру кезінде фотоаппаратты объектінің тек өзі немесе оның қажетті бөлігі ғана кадрға сиятындай қашықтықта орналастыру қажет.Жергілікті жерде детальды түсіру барысында күн сәулесі түсірілетін объектінің алдына немесе артына емес, тек жанына тұскен кезде ғана нақты, әрі айқын фотосуреттер алынады. Қысқы уақытта фотосуреттер алу үшін сары және қызғылт-сары жарық-фильтрлері қолданылады.

Ғимарат, тұрғын-жай және т.б. жабық жер-лерде детальды түсіру кезінде күн сәулесі терезеден түсіп тұрған жағдайда терезеге мата іліп, қараңғы жерлерді түсіруге есептелген ұстау (вьщержка) қолданылады.

Оқиға болған жерді түсіру көп жағдайларда электрлік тұтану шырағы арқылы жарықтандырылады.



Мәйітті түсірудің де өзіндік әдістері бар. Алғашқыда мәйітті коршаган ортамен қамти отырып бірнеше жағынан түсіреді. Кейіннен мэйіт қоршаған ортасыз тек өзі ғана түсіріледі. Оны түсіру барысында орналасу жай-күйі жағдайьш, денесінің ашық жерлерін және киімін толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл белінуі керек. Мэйіт қоршаған ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде фотоаппарат объективінің негізгі оптикалық осі мэйіттің ү.зына бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар, аппарат объективін төмен қаратып мэйітті жоғарғы жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мэйіт табылған ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол панорамалық әдісті немесе кең бұрышты объективті қолдану арқылы түсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет