Артериялық қысым - Артериялық қысым - артерияда қан тудыратын қысым; жүрек жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсірентін қысымы. Қан қысымы жүрек циклінің әр түрлі кезеңдерінде өзгереді. Ең көп қысым қарыншалар жиырылған кезде, ал ең аз қысым жүрек босаңсығында болады. Олардың арасындағы айырмашылық тамыр соғуының қысымы деп аталады.
- Артериялық қысым жүрек-тамыр жүйелері жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қысым өзгерген кезде жүрекке жүктеме, сондай-ақ ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету деңгейі өзгереді.
Артериялық қысым - Адамның артериялық қысымын тонометр арқылы өлшейді. Дені сау адамның ең көп қысымы 100-120 мм сын. бағ.,ал ең аз қысымы 70-80 мм сын. бағ. құрайды.
- Қан қысымының 150 мм сын. бағ. артуы гипертония деп аталады. Бұған жүйке жүйесінің зорығуы, қажу, эмоциялық күйзеліс және т.б себепші болады. Гипертонияның алдын-алу үшін тамақтану және ұйықтау режімін қадағалап, жұмыс пен демалысты кезектестіріп, салауатты өмір салтын сақтау керек.
- Иық артериясында қысымның 70-80 мм сын. бағ. дейін төмендеуі гипотония деп аталады. Бұл-адам өміріне қауіпті,организмнің әлсіреген іс-әрекетінің көрсеткіші болып табылады.
Артериялық пулсь - Жүректің ырғақты соғуына (жиырылып босауына) байланысты қолқадағы қан қысымының жоғарылап-төмендеуі артерия тамырларын лүпілдетіп тұрады. Мұны артерия пулсьі деп атайды. Систола кезінде жүректен шыққан қан қолқаны кеңейтеді, ал диастола кезінде қолқадағы серпімді талшықтардың серпінісі ішіндегі қанды қысып қолқа түтігін бұрынғы қалпына келтіреді де, қанды сырып қолқадан әрі артерияға ысырып жылжытады.
- Жүректен шыққан қанның ықпалынан пайда болған осы қолқа қабырғасының толқыны пулсьтік толқын деп аталады. Ол артерия тамырларының бойымен лезде шетке тарап кетеді. Артерия тамырын саусақпен ұстап басқан кезде осы пулсьтік толқын сезіледі.
- Пулсь көбінесе қатты сүйектің үстінде теріге жақынырақ орналасқан артерияларда байқалады. Мысалы, адамда самай, білезік, білек, ұйқы артерияларының бас бармақтан басқа төрт саусақпен басып анықтайды.
- Пулсьті белгілі аспаппен сфигмографпен жазып алуға болады. Тамырдың соғуын көрсететін қисық сызық - сфигмограмма анакроттық көтерілу және катокроттық төмендеу сызықтарынан тұрады. Катокроттық төмендеу кезінде ойыс (инцизура) кездеседі. Одан кейін дикроттық тіс пайда болады (қайта көтерілу). Анакротта қан қысымының систолалық көтерілуіне, ал катокротта оның диастолалық төмендеуіне сәйкес келеді. Ал дикроттық тіс диастола мезгілінде қолқаның айшық қақпашаларының алдымен қарыншаға қарай созылып ауытқуынан, кейін бұрынғы қалпына келіп, бастапқы орнына түсуіне байланысты қанның біресе қарыншаға ауытқып, содан соң қайтадан қолқаға өтуінен пайда болатын қосымша толқын.
Достарыңызбен бөлісу: |