• Көлемдік желдамдық деп (Q) құбырдың (тамырдың) берілген ауданы бойынша бірлік уақыт ішінде ағатын сұйықтың көлеміне тең шаманы айтады. • Сызықтық жылдамдық деп қан бөлшектерінің бірлік уақыт ішінде жүріп өткен жолын айтады.
Қан ағысының сызықты жылдамдығы
Капиллярлардың әрқайсысы өте жіңішке болғанымен бүкіл денедегі капиллярлардың жалпы жинақ саңылауы қолқа диаметрінен 500-600 есеге артық. Сондықтан капиллярларда қан ағысының сызықтық жылдамдығы қолқадағыдан сонша есе баяу.
Капилляр қан тамырында қанның қозғалыс жылдамдықтары арқылы қан және ұлпа арасында зат алмасу жүреді. Бұлардың қабырғалары өте жұқа, капилляр бір –ақ қабат эндотелийден тұрады, сондықтан да сұйықтар мен ерітінділер, қоректік заттар қаннан ұлпаға, ұлпадан қанға диффузия, сүзгі арқылы өтеді.
Қан ағысының көлемдік жылдамдығы
Тамырдың жарық саңылауының азаяуы қан тамырларындағы қан ағысының бірден түсуіне ықпал етеді. q' –дің сызықты емес d –дан тәуелділігі. (d=0) тарылу болмаған кезде, онда түтікте қан ағысы өзгермейді:
q' / q0 = 1. Егер жарық саңылауы нолге азаятын болса, (тромб түтікті толығымен жабады, d = D), онда бұл түтікте қан жүрмейді
q' = 0.
Артерия немесе қызылтамыр — қанды жүректен алып шығып, дене мүшелеріне тарататын тасымалдаушы ірі қан тамыры; оттегімен байытылған қанды жүректен ішкі мүшелерге тасымалдайтын қантамырлар. - Артерия немесе қызылтамыр — қанды жүректен алып шығып, дене мүшелеріне тарататын тасымалдаушы ірі қан тамыры; оттегімен байытылған қанды жүректен ішкі мүшелерге тасымалдайтын қантамырлар.
- Адам артериясының диаметрі 0,4-2,5 см-қабырғасының калыңдығы 0,8-0,9 мм артерия жүйеде жалпы қан көлемі (орташа есеппен) 950 мл.
- Артерия қабырғасы 3 қабаттан құралған. Сыртқы (адвентиция) дәнекер ұлпадан тұрады. Ол өте берік ішкі қысымға төзімді, сонымен қатар созылмалы қан тамырлары мен жүйке жүйесі жақсы жетілген. Ортаңғы қабаты тегіс бұлшық ет және созылмалы талшықтардан құралған. Оның жиырылып созылуы нәтижесінде артерия қуысы ұлғайып кішірейеді. Соның нәтижесінде ағзаларға келетін қан мөлшері реттеліп тұрады. Ең ішкі қабаты интима эндотелий мен дәнекер ұлпадан тұрады. Ол қан тамырларына қосымша беріктік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |