Презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»


Инклюзивті білім беру саласын дамытуда негізгі бағыттар



бет18/36
Дата04.10.2023
өлшемі152.27 Kb.
#479732
түріПрезентация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәнÑ

Инклюзивті білім беру саласын дамытуда негізгі бағыттар
● Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.
● Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.
● Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.
● Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.
● Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы.
● Инклюзивті білім берудің көп аспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.
● Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;
● Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.
● Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.
● Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.
● Кіші жастағы балаларды дамыту қызметіжүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.
● Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.
● Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата-анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас қалыптастыру.
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру еліміздің білім беру жүйесін
дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Сапалы білім алуға қол жеткізу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен барлық білім алушыларға, жеке мүмкіндіктеріне қарамастан, ерекше білім беру қажеттілігінің (ЕБҚ) әртүрлілігін ескере отырып кепілдік берілген. ЕБҚ бар азаматтардың сапалы оқытуға тең қол жеткізуге жағдайларын жасау болашақта үлкен артықшылықтарға ие. Бұл, ең алдымен, табысты әлеуметтік бейімдеу және өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі. Инклюзивтік ортада білім ала отырып, ЕБҚ бар балалар ашық болуға, өмірлік қажетті коммуникация дағдыларын, қоршаған адамдармен өзара іс-әрекет жасауға үйренеді. Ерте әлеуметтік инклюзия болашақта заманауи өмірге бейімделе алатынына сенімділіктің кепілі болып табылады.
Инклюзивті білім беру әрбір адамның қандай да бір кемсіту білім алу
құқығын жүзеге асырудың дамыған халықаралық қоғамдастықта танылған
құралы, сондай-ақ, әлемнің көптеген елдерінде білім беру жүйесін дамытудың
негізгі бағыты болып табылады.
Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің маңызды міндеті әрбір
баланың сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
Әрбір педагогикалық ұжым жоғары инклюзивті мәдениетті қалыптастыру
жолында инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асырудың күнделікті
тәжірибесі мінез-құлықтың әдеттегі схемасына айналуына ұмтылуы тиіс.
Білімнің базалық негізі инклюзивті білім беруді нормативтік құқықтық
қамтамасыз етуді білуі тиіс. Білім беру ұйымдарының басшылығы қызметтін
жоспарлау кезінде білім беру процесінің барлық қатысушыларын халықаралық және отандық деңгейде инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттармен ақпараттандыру мәселелерін ескеруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет