Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқыту. Үштілдік (көптілді) білім беру ерекшеліктері
Тақырып 4
Жоспар
1. CLIL-технологиясын қолданудың мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары.
2. CLIL –технологиясы аясында жағдайында тілдік және тілдікемес пәндердің өзара байланысын ұйымдастыру жолдары.
3. CLIL контекстінде білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерін бағалау ерекшеліктері.
4.CLIL-технологиясын қолданудағы табысты тәжірибелердің үлгілері.
Жоспар
1. CLIL-технологиясын қолданудың мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары.
2. CLIL –технологиясы аясында жағдайында тілдік және тілдікемес пәндердің өзара байланысын ұйымдастыру жолдары.
3. CLIL контекстінде білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерін бағалау ерекшеліктері.
4.CLIL-технологиясын қолданудағы табысты тәжірибелердің үлгілері.
Қолданылатын әдебиет:
«Мектептердің оқу үдерісінде clil-технологияны қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар» атты жинақпен танысып, бұл технологияның ерекшеліктерін атаңыз (Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018).
Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) кіріктіріп оқыту. Оқу-әдістемелік құрал.–Астана:Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016.–94б.
Handbook for teachers TKT: CLIL (Content and Language Integrated Learning).
Жетписбаева Б.А. Полиязычное образования: теория и методология. – Алматы: Білім, - 343 с.
Оқытудағы кіріктірілген пәндік-тілдік әдіс (ары қарай - CLIL) – кең түсінік, ол пәнді шет тілдері арқылы меңгерудің оқыту әдісін сипаттау үшін қолданылады, оның негізгі мақсаты - пәнді меңгеру және шет тілі бойынша тілдік дағдыларды жетілдіру. CLIL материалдық мазмұн мен тіл үйрену арасындағы теңгерімді талап етеді, онда тіл мазмұнды оқыту құралы ретінде пайдаланылады, ал мазмұн, өз кезегінде, тіл үйрену үшін ресурс ретінде қолданылады.
CLIL терминін (Content and Language Integrated Learning) Д. Марш енгізді, оның келесі анықтамасы берілді: «Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту кез-келген екі пәндік білім мәнмәтініне бағытталған, онда оқыту тілі ретінде қолданылатын қосымша тіл, яғни негізгі емес/шет тілінде оқытудың курсы жүргізіледі».
CLIL оқыту әдіснамасы бойынша келесі қағидат негіз болып табылады, ол бойынша білім алушылар үшін пәндер ана тілі болмайтын тілде оқытылады. Мақсаты тіл оқу материалын меңгерудің құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |