Презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»



бет35/36
Дата04.10.2023
өлшемі152.27 Kb.
#479732
түріПрезентация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәнÑ

Командалық жұмыс:
 бірлескен жоспарлау бойынша жүйелі жұмыс (ортақ тақырыптарды жоспарлауды, ҚМЖ, оқу тапсырмаларын және бағалау критерийлерін әзірлеуді және жұмысты талдауды (оқу жетістіктері, оқу үдерісіндегі білім алушылардың қиындықтары және т. б.);
 ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды анықтауды, осы категориядағы білім алушыларға қолдау көрсету стратегиясын белгілеуді;
 мұғалімдердің табысты тәжірибелерін таратуды;
 өзара сабаққа қатысуды;
 бейнежазба жасауды және сабақты талдауды;
 оқу материалдарын әзірлеуді;
 сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыруды;
 ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруды;
 менторлықты іске асыруды, ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді қолдауды көздейді.
Қазақстан Республикасында педагогикалық кадрларды аттестаттау мұғалімдердің кәсібилігін бағалау бойынша маңызды рәсім болып табылады.
2018 жылдан бастап аттестаттаудың жаңа ережелері анықталды (№ 152. 12.04.2018), оларға сәйкес мұғалім бес санатты: педагог, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер лауазымдардың нақты
белгіленген құрылымы шеңберінде жұмыс істейді.
Аттестаттау педагог қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіптік құзыреттілігін бағалау негізінде біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін өткізіледі.
Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың негізгі мақсаттарына:
- педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейін, олардың әдіснамалық мәдениетін, тұлғалық кәсіби өсуін, олардың заманауи педагогикалық технологияларды қолдануын мақсатты, үздіксіз арттыруды ынталандыру;
- педагогикалық еңбектің тиімділігі мен сапасын арттыру;
- педагогикалық қызметкерлердің әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалану перспективаларын анықтау;
- негізгі білім беру бағдарламаларын іске асырудың Кадрлық жағдайларына мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарын есепке алу;
- педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру қажеттілігін анықтау;
- педагогикалық қызметкерлердің еңбекақы деңгейін саралауды қамтамасыз ету жатады.
Сұрақтар
1. Оқытушылардың іс-әрекетін жетілдірудің стратегиялық бағыттары ретінде негізгі қағидаларына (үздіксіз білім алу, ашықтық, тұтастық, тәлімгерлік және т.б.) сипаттама беріңіз.
2. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі және оның құрылымы.
3. Шетел тілін оқыту үдерісінде мұғалім мен оқутышылардың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері.
Тапсырмалар
1. Қазіргі заманғы шетел тілі мұғалімінің қажетті қасиеттері мен біліктерін зерделеп, пікір білдіріңіз.
2. Педагогтың жаңашылдық логикасындағы кәсіби қызметін жобалау бойынша мәселелерді (Soft skillsдағдылары, коучинг, Action research және т.б.) зерделеп, баяндама жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет