Тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы (ЖБС)- жиынтық бағалаудың мазмұны мен форматын көрсететін құжат. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы (ЖБС)- жиынтық бағалаудың мазмұны мен форматын көрсететін құжат. Тест спецификация тапсырмаларды бағалаудың мазмұны мен форматынан, сондай-ақ, тапсырмалардың негізгі мазмұнының сипаттамасынан тұрады. .
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Оқу бағдарламасы
Пән
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Әр тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары тест спецификациясына сәйкес құрастырылады. Спецификация ЖБ негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі болып табылады Әр пән және сынып бойынша тест спецификация келесі ақпараттардан тұрады: ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ - Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады.
- Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.).
- Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.
- Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі.
- Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды.
- Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |