Proanamnesis Малдың түрі – Жынысы – Жасы – Түсі – Ен-таңбасы – Тұқымы – Мал иесі – Anamnesis vitae et morbid



бет2/6
Дата04.03.2024
өлшемі32.11 Kb.
#494124
1   2   3   4   5   6
Ауру тарихы

Жүрек- қантамыр жүйесі
Тамыр соғуы: ( ырғағы, тамырлардың қанға толу дәрежесі, тамырлар қабырғасының серпімділігі) , тамыр соғуының күші.
Жүрек түрткісінің күші және оның білінетін жері;
Жүрек саздары: дыбыстылығы – көмескі, қатты ( сыңғырлаған);
Жүрек саздарының тазалығы ( I және II саздардың жарықшақтануы, екіленуі, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар).
Жүрек шекарасы – жоғарғы және артқы.
Веналар мойын көк тамыры (қанға толу дәрежесі, вена қантамырларының соғу сипаты – оң, теріс).
Тыныстану жүйесі
Тыныстану түрі ( аралас, көкіректік, құрсақтық) ырғағы, ендікпе ( инспираторлы, экспираторлы ). Жөтел (жиілігі, күші ауырсынуы, ылғалдылығы, дыбыстың сипаты). Танау ақпасы ( біржақты немесе екіжақты), олардың мөлшері, консистенциясы , түсі, иісі, бөгде қоспалар).
Маңдай, жоғарғы жақ қуыстары, ауа қапшықтары (пальпация перкуссия).
Көмей және кеңірдек ( пішіні, ауырсынуы, жергілікті қызуы, көмей рефлексі).
Өкпені аускультациялау: тыныс шуылдары (күші, сапасы, орны және өзгерістері), бөгде шуылдар ( сырыл, қытырлау, плевраның үйкеліс дыбысы, шылпыл дыбысы және т.б.) , кеудені сынама тесу.
Өкпелерді перкуссиялау : перкуссиялық дыбыстың сипаты ( атимпаниялық тимпаниялық, бәсеңдеу, бәсең, орналасқан естілу орны) шекарасы.
Азық қорыту жүйесі
Азыққа тәбеті ( зауқы) (сақталған, нашар, жоқ) шөлдеу, азық пен суды қабылдау тәсілі, шайнау сипаты, жұтыну, кекіру, күйіс қайыру және құсу.
Ауыз қуысы: жоғарғы таңдайдың, жақтың, қызыл иектің, тілдің еріннің кілегей қабықтарының жағдайы , ауыздан шыққан иіс, сілекей бөлу, тістердің жағдайы.
Жұтқыншақ ( пішіні, ауырсынуы).
Өңеш ( пальпация және зонд еңгізу қорытындылары).
Күйіс қайыратын малдардың ұлтабаралды қарындары (іш қабырғасының пішіні, мес қарынды пальпациялау қорытындысы, оның жынының сипаты, басқа ұлтабаралды қарындарды аускультациялау және перкуссиялау көрсеткіштері).
Қарын: зонд енгізу.
Ішектер: қарау, пальпациялау, аускультациялау-перистальтикалық шуылдардың күші, олардың сипаты және естілетін орны.
Ректальды (тік ішек арқылы) зерттеу: сфинктердің және тік ішектің тонусы (жоғарылауы, төмендеуі, атония, шектен тыс толуы) . ішектердің орналасуы, шажырқай артериясының жағдайы.
Қолқаны, көк бауырды, бауырды пальпациялау( сипау).
Нәжіс бөлу актісі: жиілігі, ұзақтығы, іш өту, іштің бітелулері , ауырсынуы, тенезмдер.
Ауырсынуға диагностикалық сынама.
Бауырды зерттеу: пальпациялау (сипау) перкуссиялау, қорытындылары.
Қан сары суын билирубинге зерттеу.
Несеп жүйесі
Несеп бөлу актісі: кейпі, жиілігі, несептің мөлшері, несеп бөлу кезінде ауырсынуы .
Бүйректер және қуық : пальпациялау (сипау) кезінде ) көлемі, пішіні, консистенциясы, ауырсынуы, қуықта бөгде заттың барлығы).Катетер енгізу.
Жүйке жүйесі
Бас сүйек пен омыртқа бағанының ( жотасының ) жағдайы ( пішіні, перкуссиялау кезінде ауырсынуы, кейбір бөліктердің деформациялануы). Ауырсыну және түйсіну сезімталдығы ) гиперестезия , анестезия, гипоестезия, парестезия олардың естілу орны мен таралуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет