Проблемалық оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. - Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады.
- Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.
Проблемалық оқыту əдісі негізінен екі функциясымен анықталады: 1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудің амалдарын іздестіруі. 2.Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу əрекеті белседілігін қалыптастыру. Проблемалық оқыту əдісі негізінен екі функциясымен анықталады: 1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудің амалдарын іздестіруі. 2.Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу əрекеті белседілігін қалыптастыру. Программалап оқыту әдісі Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады. Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді. Оқытудың бұл түріне негіз болған оу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |