Программа дисциплины для студентов


Төртінші кезең (1980-жылдан қазіргі кезге дейін)



бет10/44
Дата14.03.2023
өлшемі1.8 Mb.
#470786
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
БА дарламасы ( Syllabus ) Павлодар, 2014ж П н ба дарламасы (Syll

Төртінші кезең (1980-жылдан қазіргі кезге дейін).
Дербес компьютерлер. Классикалық, желілік және таратылған жүйелер
Есептеу жүйесіндегі эволюцияның келесі кезеңі интегралды сұлбалар (ҮИС) пайда болуына байланысты. Бұл жылдары интеграция дәрежесінің күрт өсуі және микросхемалар құнының төмендеуі болды. Сәулеті бойынша PDP-11-ден ерекшеленбейтін компьютерге бағасы мен пайдалану қарапайымдылығы бойынша кәсіпорын бөлімі немесе университет бөлімі емес, жеке адам қол жеткізе алды. Дербес компьютерлер эрасы басталды. Басында дербес компьютерлер бірпрограммалық режимде бір пайдаланушы пайдалануына арналды. Бұл ЭЕМ сәулеті мен олардың операциялық жүйелерінің құлдырауына әкелді (оның ішінде, файлдар мен жадыларды қорғау, тапсырмаларды қорғау қажеттілігі жойылды және т.б.).
Компьютерлерді мамандардан да басқа адамдар пайдалана бастады. Бұл «достық» программалық қамтамасыз етуді даярлауды талап етті.
Дербес компьютерлерде шешілетін тапсырмалардың күрделілігі мен сан алуандығы, олардың жұмысының сенімділігін арттыру қажеттілігі үлкен есептеу жүйелерінің сәулетіне тән барлық нышандарының қайта пайда болуына әкелді.
80-жылдары компьютерлер желісі, оның ішінде желілік немесе таратылған операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейтін дербес компьютерлер желісі күрт дами бастады.
Желілік операциялық жүйелерде пайдаланушылар басқа желілік кңомпьютер қорларына қол жеткізе алады. Тек олардың бар-жоқтығы туралы және оны орындай білулері керек. Желідегі әр машина автономды компьютерлердің операциялық жүйесінен қосымша құралдардың барысымен ерекшеленетін өз жергілікті операциялық жүйесі басқаруымен жұмыс істейді (желілік интерфейстік құрылғыларға және алысталған қорларға жол ашуға арналған бағдарламалық сүйеумен), бірақ бұл қосымшалар операциялық жүйе құрылымын өзгертпейді.
Таратылған жүйе, керісінше әдеттегі автономды жүйе сияқты көрінеді. Пайдаланушы файлдарының қай жерде - жергілікті немесе алысталған машинада орналасқанын, программасы қай жерде орындалып жатқанын білмейді және білмеуі тиіс. Ол жалпы компьютердің желіге қосылғанын білмеуі де мүмкін. Таратылған операциялық жүйенің ішкі құрылымы автономды жүйеден маңызды түрде ерекшеленеді.
Бұдан былай біз автономды операциялық жүйелерді классикалық операциялық жүйелер деп атаймыз.
Есептеуіш жүйелері дамуының кезеңдерін қарастырып болып, біз эволюция барысында классикалық операциялық жүйесі орындаған алты ­ негізгі функцияларды бөліп көрсете аламыз.

  • Тапсырмаларды жоспарлау және процессорды қолдану.

  • Программаларды коммуникация және синхронизация құралдарымен қамтамасыз ету.

  • Жадыны басқару.

  • Файлдық жүйені басқару.

  • Енгізу – шығаруды басқару.

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Келтірілген функциялардың әрқайсысы әдетте операциялық жүйесінің құрылымдық компоненті болып табылатын ішкі жүйе түрінде іске асырылған. Әр операциялық жүйеде осы функциялар, әрине, өзінше, түрлі көлемде іске асырылды. Олар басынан операциялық жүйелердің құрамдас бөлігі ретінде ойлап табылмады. Есептеу жүйелері ыңғайылырақ, тиімдірек және қауіпсіздеу болғанына қарай, даму үрдісінде пайда болды. Адам ойлап тапқан есептеу жүйелерінің эволюциясы осы жолмен кетті. Бірақ әлі ешкім, бұл олардың дамуының жалғыз мүмкін жолы деп дәлелдей қойған жоқ. Операциялық жүйелер, олардың өмір сүруі есептеу жүйелерін пайдаланудың саналы жолы болғандықтан ғана қолданылып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет