Программа дисциплины для студентов



бет12/44
Дата14.03.2023
өлшемі1.8 Mb.
#470786
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
БА дарламасы ( Syllabus ) Павлодар, 2014ж П н ба дарламасы (Syll

CreatProcess (fork) - жаңа үрдісті құру
ExitProcess (exit) - үрдісті аяқтау
CreatFile (open) - файлды ашу
CloseHandle (close) - файлды жабу
ReadFile (read) - мәліметтерді файлдан буферге оқу
WriteFile (write) - мәліметтерді буферден файлға жазу
CreatDirectory (mkdir) - жаңа каталог құру
RemoveDirectory (rmdir) - каталогты жою
SetCurrentDirectory (chdir) - жұмыс каталогын өзгерту



Win32 API интерфейсі программаларға Windows –тың барлық версияларында жұмыс жасауға мүмкіндік береді.


Операциялық жүйелердің құрылымы
Ұйтқылы (монолитті) жүйе
Жүйе құрылымы:

  1. Талап етілген сервистік процедураларды шақыратын негізгі программа.

  2. Жүйелік шақыруларды іске асыратын сервистік процедуралардың жиынтығы.

  3. Сервистік процедураларға қызмет ететін утилиттер жиынтығы.


Монолитті жүйенің қарапайым моделі
Бұл үлгіде әрбір жүйелік шақыруға бір сервистік процедура берілген (бар), мысалы, файлдан оқу. Утилиттер бірнеше сервистік процедураларға қажет функцияларды орындайды (мысалы, файлды оқу және жазу үшін дискімен жұмыс жасау утилитасы керек).



Шақыруларды өңдеу кезеңдері:

  • Шақыру қабылданады

  • Пайдаланушы режимінен түйін режиміне ауысу орындалады

  • Қандай жүйелік шақыру орындалуы тиісті екенін анықтау үшін, операциялық жүйе шақыру параметрлерін тексереді

  • Осыдан кейін, операциялық жүйе процедуралар сілтемесінен тұратын кестеге қатынап, өзіне лайықты (сәйкес) процедураны шақырады.
    Операциялық жүйенің көпдеңгейлік құрылымы

Алдындағы амалдардың жалпы қорытындысы - операциялық жүйені деңгейлер иерархиясы ретінде ұйымдастыру. Деңгейлер операциялық жүйенің функцияларының топтары – файлдық жүйе, үрдістерді және құрылғыларды басқару және де осы сияқтылар арқылы құрылады. Әрбір деңгей өзінің тікелей көршісімен – жоғарырақ немесе төмендеу орналасқан деңгеймен әрекет қыла алады. Операциялық жүйенің қолданбалы программалары немесе модульдері осы деңгейлер бойынша сұраныстарды жоғары және төмен жіберіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет