Қытай қазақтары ұлттық музыкалық аспап – домбыраны Гиннестің рекордтар кітабына тіркеді. Шыңжаң өңіріндегі Толы ауданының 10 мың домбырашысы жексенбі күні бір сәтте қазақ халқының «Кеңес» күйін орындады. Толы аудандық мәдениет мекемесінің бастығы Гүлістан Хамитқызының айтуынша, қара домбыраны рекордтар кітабына тіркеуге дайындық шамамен екі жыл бұрын басталыпты. Аудандық халық өкіметі мұндай бастамаға қолдау көрсеткен. Науқанға аймақтағы ең мықты деген домбырашылар тартылған. Ұйымдастырушылар ақылдаса келе қазақ халқының «Кеңес» күйін таңдап алыпты. Биылғы мамырдың 30-күні қазақтың ұлттық киімін киген 10450 домбырашы аудандық орта мектептің үлкен спорттық алаңына жиналды. Олардың ішінде 28 ұлттың өкілдері болған, әйткенмен дені қазақтар екендігі хабарланып отыр. Ұйымдастырушылар алаңды безендіру, домбырашыларды көркемдеп отырғызу жағына ерекше көңіл бөлген. Таңертең сағат 10-да «Кеңес» күйі орындалды.
- Кері уақыт саналып, бәрі бір сәтте бастады. Дәл сол сәттегі жағдайды тілмен сипаттап жеткізу қиын: домбыраға тағылған үкілердің тербелісі, әуенде қалықтаған саз… Гиннестің рекордтар кітабына тіркеуге келген адамдардың өздері сондай тебірентерлік сәттің куәсі болғандықтарын айтып жатыр. 10 мың домбырашының күй орындау сәтін жоғарыдан қарағанда керемет көріністі тамашалауға болар еді, – дейді Гүлістан Хамитқызы.
«Кеңес» күйі орындалған соң Гиннес рекордтар кітабының өкілдері рекорд тіркелгендігін растайтын куәлікті табыс етті.
Талғат Дүйсенбек
7. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мәтін не туралы?
2. Қазақ домбырасы Гиннес рекордына қалай енді?
3. Қандай күй орындалды?
4. Күйді орындауға қанша адам қатысты?
БӨЖ: Жоғарыда оқыған мәтінді пайдалана отырып, тақырып бойынша эссе жазыңыз.
Ағымдық бақылау тапсырмалары:
1. Ағашқа ою салу өнерi туралы пікіріңіз.
2. Домбыраның құрылысы туралы айтыңыз.
3. Қазақ домбырасының Гиннес рекордына енуі туралы айтыңыз.
5 апта
Бірінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның жер бедері»
Грамматика: Тәуелді септеу.
Сабақтың мақсаты: студенттерге Қазақстанның жер бедері жайлы мағлұмат беру, олардың кәсіби мәтін негізінде сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, сауатты жазуға дағдыландыру.
-
Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Қазақстанның жер бедері.
Қазақстанның жер бедері әр қилы. Ол палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерін басынан кешірді. Жер бедері теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник, қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан.
Республиканың орталық бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғары палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырады. Соның салдарынан қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай алқабы мен республиканың солтүстік-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары басып жатыр. Ал оңтүстік-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатыр.
Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңтүстік-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкіністері дәлел.
Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан. Соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.
-
Жаңа сөздермен танысыңыз.
палеографиялық даму –
варийлік (герциндік) –
мүжілу –
денудациялық жазықтар –
шығанақ –
құрлық –
жер сілкіністері –
мұздықтық аңғарлар
-
Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Неліктен Қазақстанның жер бедері әртүрлі?
-
Республиканың орталық бөлігінде жер бедерінің өзгеру жайы жайлы не білесіз?
-
Солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктерінің қандай айырмашылықтары бар?
-
Маңғыстау төңірегіндегі жер жағдайы қандай?
-
Таулы өңрдің жері жайлы не білесіз?
4. Төмендегі жай сөйлемдерді салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз. Олар қандай қатынастарды білдіреді (мезгілдік, мекендік т.б,).
1. Қазақстанның жер бедері әр қилы. Ол палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерін басынан кешірді.
2. Қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Ал оңтүстік-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатыр.
3. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкіністері дәлел.
5. Төменде берілген жай және тәуелді септеуді жалғастырып, есіңізге түсіріңіз.
Жай септеу Тәуелді септеу
А. Қазақстанның жер бедері А. Менің елімнің жер бедері
І. Қазақстанның жер бедерінің І. Менің елімнің жер бедерінің
Екінші сабақ
1. Мәтінді оқып, есте сақтаңыз. Өз сөзіңізбен мазмұндап айтыңыз.
Геодезия ғылымы туралы.
Геодезия грек сөзінен алынған, ge – жер және dai – бөлемін деген сөздерден тұрады. Жер туралы ғылымның бір саласы. Бұл ғылым жердің пішіні мен мөлшерін зерттейді, жер бетінің жоспары мен картасын салады. Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады.
Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде Ежелгі Египетте, Қытайда, Ежелгі Грекияда пайда болып, дами бастады. Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы І Петр кезінде жүзеге асырылды.
Жоғары геодезиялық міндеттерді шешу үшін геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыштық геодезия деген жеке пәндер қолданылады.
1) Геодезиялық гравиметрия. Ол жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердің пішінін зерттейді.
2) Геодезиялық астрономия жердің карталары мен пландарын жерден және әуеден түсірген фотосуреттер. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер түбінің табиғи қорларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін талдайды.
3) Ғарыш геодезиясы. Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер бетіндегі нүктелердің арақатынасын зерттейді. Геодезия жер телімдерін түсірсе, картография жер бетінің кескіндерін карталар түрінде жасау әдістері мен процестерін , оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.
2. Төменде берілген сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді табыңыздар. Олар бірыңғай қай мүшелер және қандай сұрақтарға жауап береді?
-
Жер бедері теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник, қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан.
-
Соның салдарынан қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды.
-
Тек қана Торғай алқабы мен республиканың солтүстік-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары басып жатыр.
4. Ал оңтүстік-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатыр.
5. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды.
6. Соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.
3. Төменде берілген сөздермен мәтіннен тыс сөйлемдер құраңыздар.
Бедер, даму, климат, мүжілу, жазық, шығанақ, алап, қалдық, теңіз, жапсарлас, құрлық, қуаңшылық, қалыптасу, сілкініс, өңір, аңғар.
БӨЖ: Өзіңіздің туған жеріңіз жайлы еске түсіріп, ондағы жер бедерінің ерекшелігі жайлы айтыңыз.
Ағымдық бақылау тапсырмалары:
1. «Геодезия» қандай сөзден шыққан және қандай мағынаны білдіреді?
2. Геодезия нені зерттейді?
3. Ерте замандағы геодезия ғылымы.
4. Геодезия пәндері.
6 апта
Бірінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе?»
Грамматика: Мекенді білдіретін грамматика
Сабақтың мақсаты: студенттерге Сарыарқа даласының ерекшелігі жайлы мағлұмат беру, олардың кәсіби сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру.
1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе?
І Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі созылып жатыр. Алтай жер бедерінің құрылысы сатылы болып келеді. Оның жоталары жұмыр, тік шыңдары оқшауланып, жеке-дара тұрады. Бұл жүйенің орташа биіктігі 2500-3500 м., биік жері – Мұзтау – 4506 м. Алтайдың жағасы – Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. Қазақстан жеріне Тарбағатай тауының тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында.
ІІ Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы – Сауыр жотасы. Оның биіктігі – 3816 метр. Бұл жота Алакөл ойысы арқылы Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұзындығы 450 м., ені 100-250 м. Жетісу Алатауы оңтүстігінде Іле ойысымен шектеседі.
ІІІ Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын ірі тау жоталары жатыр. Хантәңірі шыңы – бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы. Солтүстік Тянь-Шаньнің ірі әрі биік тау жотасы – Іле Алатауы., оның ұзындығы 350 км., ең биік шыңы – Талғар шыңы 4951 м.. Қазақстанның оңтүстігінде Қырғыз Алатауының солтүстік беткейі, Талас Алатауы, Қаратау жотасы жатыр. Алдыңғы екеуінің дені (көп жері) Қырғызстанда орналасқан.
ІV Ұсақ шоқылы Сарыарқаның ең биік жері – Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы, биіктігі -1565 м. Таулық жер бедеріне Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Мұғалжар тауы - Орал тау жүйесінің тікелей жалғасы. Маңғыстау таулары 3 жотадан тұрады.
Балқаш-Алакөл ойысы құмды шөл боп келеді. Бұл өңірдегі сазды жазықтар Сарыарқаға ұштасады. Бұл жазықтар Ертіс жазығы мен Есіл жазығынан тұрады.
-
Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.
-
Қазақ жері жер бедерінің түрлеріне қарай қандай бөліктерден тұрады?
-
Алтай тау жүйесі жайлы не білесіз?
-
Тарбағатай тау жүйесінің қандай ерекшеліктері бар?
-
Тянь-Шань тауларының құрамы және ол неге жалғасады?
-
Сарыарқа даласындағы таулар мен жоталар, жазықтар жайлы айтыңыз.
Мекенді білдіретін грамматика.
Қазақ тілінде мекенді білдіретін грамматикаға қайда? деген сұраққа жауап беретін мекен үстеулер (жоғары, төмен т.т.), мекен мағыналы көмекші сөздер (астында, үстінде т.т.) және барыс, жатыс жалғаулы зат есімдер (ауылға, қалада) жатады.
Мысалы: Ұшақ бірден жоғары (қайда?) көтерілді.
Үйдің артында (қайда?) бір топ бала ойнап жүр.
Біздің қалада (қайда?) жаңадан цирк ғимараты салынып жатыр.
3. Жағдаяттық әңгіме.
А) Алыстан бірге оқыған студент досыңыз келді. Амандасыңыз, өзіңіздің туған қалаңыз, ауылыңыз жайлы хабардар етіңіз.
4. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1. Геодезия нені зерттейді?
А. Тауларды
Ә. Жер бедерін
Б. Өзен-көлдерді
2. Сөйлемді толықтырыңыз.
Шаруашылықтың түрлі салаларында геодезияның ... маңызы зор.
А. ғылыми
Ә. практикалық
Б. үйретуде
3. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібін көрсетіңіз.
Мемлекеттік қызмет қаражаты бюджет мақсаттағы есебінен қаржыландырылады және геодезиялық картографиялық.
А. 1,5,9,8,10,2,4,3,6,7.
Ә. 2,5.7,1,3,6,4,9,8,10.
Б. 10,3,4,2,7,9,1,5,8,6.
4. Сөйлемді аяқтаңыз.
Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес ... .
А. міндеттенбеген
Ә. шығын төлейді
Б. жауапты болады
5. «Жақын» сөзінің антонимі
А. алыс
Ә. Таяу
Б. алыс емес
7. Мақалды аяқтаңыз.
Көрмеген жердің .................
А. ой-шұқыры көп.
Ә. тау-тасы көп
Б. өзен-көлі көп
Екінші сабақ.
1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Қазақстандағы құрылыс
Адамзат өмірінің соңғы он жылдығында экономика мен тұрмыста түрлі технологиялық үдерістер күрт қаулап дамып келеді. Солардың алдыңғы қатарында құрылыс саласы бар. Құрылыстың қарқынды дамуының нәтижесінде жер бетінде жаңа қалалар пайда болып, олардың саны артуда. Сонымен қатар, қалалдардың қарқынды дамуы біздің Қазақстанымызда да аз емес. Мәселен, мұндай құбылыс қазіргі күні Алматы, Астана, Қарағанды мен Теміртау қалаларының бет-бейнелерінен байқалып отыр.
Әлемде құрылыс қарқынды дамып жатқандықтан, бұл салада жаңа технологияларға негізделген небір жаңа материалдар пайда болуда. Олар тұрғын үйлер мен ғимараттардың беріктігін нығайтып, сәніне сән қосуда. Ең бастысы, бұрын қиындықпен жүргізілетін күрделі құрылыстар жеңілдеп, олардың өзіндік құны төмендеді.
Міне, осындай жағдайларды қазіргі күні Астана қаласының көріністерінен анық байқаймыз. Бұл қалада бұрын біздің өңірімізде болмаған небір ғажайып ғимараттар мен сарайлар тұрғызылуда. Тұрғын үйлердің бойлары биіктеп барады. Қазіргі күні 100-120 қабаттық үйлер тұрғызу адамзат қауымына көп қиындыққа түспейтін болды. Тек жобасын талапқа сай дайындап, қажетті материалдарды пайдалана білсеңіз болғаны. Тәуелсіздігімізге ие болғанымызға 20 жыл ғана өткеніне қарамастан, біз бұл салада едәуір тәжірибе жинақтадық деп айта аламыз.
2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
Үдеріс – процесс
Күрт (шұғыл) - резко
Қарқынды –
Өзіндік құн – себестоимость
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіз Қазақстанның қай өлкесінде тұрасыз?
1.Сіздің облысыңыз үлкен бе?
2.Сіздің облысыңызда неше адам тұрады?
3. Сіз өз облысыңыздың тарихын білесіз бе?
4. Қазір сіздің облыс орталығыңыз қай қала?
5. Сіздің облысыңыздың орталығында құрылыс қалай жүріп жатыр?
6. Сіздің облысыңыздың жол құрылысы жайлы не айта аласыз?
4. Жоғарыда берілген мәтіннен мекенді білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін теріп көшіріңіз.
БОӨЖ: «Қандай көркем туған өлкем» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Ағымдық бақылау тапсырмалары:
1) Құрылыс неге байланысты дамуда?
2) Қазақстанда қай қалаларда құрылыс қарқынды дамып жатыр?
3) Жаңа құрылыс матеиалдарының құрылыс үшін қандай пайдасы бар?
7 апта
Бірінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ архитектурасы»
Грамматика: Мезгілге байланысты грамматика.
Сабақтың мақсаты: студенттерге қазақ архитектурасы жайлы мсағлұмат беріп, танымдық қабілетін арттыру, олардың сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша терминдермен таныстыру, сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру
1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
Қазақ архитектурасы
Қазақ сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешенін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетикалық көркемдік сипат беру өнерінің ұлттық саласы. Қазақ архитектурасы – материалдық игілікті жасаудың басты саласы. Ол қоғамның өндірістік-экономикалық дамуына, ғылым мен техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық–эстетикалық талғамына тығыз байланысты өркендейді.
Қазақтан аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан өңірін адамдар шелл-ашель дәуірінде (ерте палеолит кезеңі) қоныстана бастады. Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай кеңейді.
Қазақстан жерінде құрылыс салу жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің іздері сақталып қалды (Орталық Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы тұрақтары).
2. Жаңа сөздерді біліп алыңыз, олармен сөйлемдер құраңыз.
Материалдық игілік – материальная ценность
Жетістіктермен жарақтану – освоить передовые достижения
өркендейді – процветает
аумақ – территория
аймақ – местность
үңгір – пещера
қоныстану – поселиться
алғашқы қауымдық құрылыстар –
ошақ – печь
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Қазақтың сәулет өнеріне қандай анықтама беруге болады?
-
Неліктен қазақ архитектурасын материалдық игілік жасаудың басты саласы деген?
-
Қоғам дамуының архитектураға қандай қатысы бар?
-
Архитекторлардың дүниетанымдық-эстетикалық талғамының архитектураға қандай қатысы бар?
-
Адамдар Оңтүстік Қазақстанды қай кезеңде қоныстанды және ол кезде қандай құрылыс болды? Бұған дәлел не?
4.Еске түсіріңіз.
Мезгілді білдіретін грамматика.
Қазақ тілінде мезгілді білдіретін грамматикаға қашан? деген сұраққа жауап беретін мезгіл үстеулер (ерте, кеш т.т.), мезгіл мағыналы көмекші сөздер (соң, кейін т.т.) және жатыс жалғаулы есімшелі тіркестер (ауылға барғанда, үйге кіргенде) жатады.
Мысалы: Атам бүгін ерте (қашан?) тұрды.
Сабақтан соң (қашан?) кітапханаға бардық.
Біз келгенде (қашан?) сен жоқ екенсің.
5. Мәтіннен мезгіл мағыналы сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
М: шелл-ашель дәуірінде, ... .
6. Өзіңіз тұратын өңірде тарихи ескерткіштер бар ма, бар болса, ол туралы не білесіз? Айтып шығыңыз.
7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Менің туып өскен ауылым өте ертеден келе жатыр, ал, сіздің қалаңыз ше?
2. Біздің қаламызда тарихи ғимараттар көп, ал, сіздерде ше?
3. Астанада керемет жаңа құрылыстар салынып жатыр, ал сіздің облыс орталығында ше?
4. Маған архитектор мамандығы ұнайды, ал сізге ше?
Екінші сабақ.
1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
Қазақ архитектурасының даму тарихы
1. Қола дәуіріндегі кешендер тас тақталармен тік бұрышты етіп қоршалады. Кіре берісте галереялар салынды, төбесі бағаналармен жабылды. Б.э.д. 4 ғасырда құрылыста төбені күмбездеп жабу тәсілі, сондай-ақ оның алуан түрлері – цилиндр, сопақ, кеспек тәрізді түрлері кеңінен қолданылды.
2. Орта ғасырлардағы кешендердің құрылысы өзгерді. Ежелгі бекініс-қалалар бекініс-үйлерге, одан кейін бекініс қамалдарға айналды. Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда «шахристан» деп аталатын қалалар салынды. Олар бірнеше қорғаныс дуалдармен қоршалды. Шахристанда негізінен діни ғимараттар, базарлар, ақсүйектердің, әкімдердің, ірі қолөнершілер мен саудагерлердің тұрғын үйлері тұрғызылды.
Тараз қазбаларынан ірі діни ғимараттарды әшекейлеуге арналған пішімі алуан түрлі көптеген күйдірілген саз тақталар табылды. Тараз тақталары 5-7 ғасырларда Ақ-Тепедегі (Ташкент түбінде), Пенжикенттегі, Барахшадағы бекініс-үйлерінен табылған архитектуралық нақыштың осындай түрлерімен біртекті.
3. 15-18 ғасырлардағы Қазақстанның далалық аймақтарында салынған діни және мемориалдық ескерткіштер 3 негізгі топқа бөлінеді: 1) күмбезді мазарлық; 2) қоршаулар (сағанақ там, төртқұлақ там); 3) қабір үстіндегі ескерткіштер және қабір үстіндегі ұстындар (сыпа, үштас, бестас, қойтас, құлпытас т.т.). Олар мұнаралы, порталды-күмбезді, орталық білікті болып бөлінеді.
4. 30-жылдардың басында Алматы қаласында құрылыс кең өріс алды. Түркістан-Сібір темір жолын салу және республика астанасын Алматыға көшіру қаланың қауырт өсуіне жағдай жасады. 1926-34 жылдары Үкімет үйінің ғимараты, Байланыс үйі, Түрксиб темір жол басқармасы үйі салынды.
2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөздіктің көмегімен біліп алыңыз. Олармен сөйлемдер құраңыз.
Кешен, кіре беріс, бекініс, біртекті, күмбез, архитектуралық нақыш, қауырт өсу, мұнаралы.
3. Төмендегі сөз тіркестерін мезгіл мәнді тіркестерге айналдырып, олармен сөйлемдер құраңыз.
Қола дәуірі, орта ғасыр, ерте заман, 15-18 ғасыр, 30-шы жылдар.
4. Сұхбатты толтырыңыз.
-
Олжас, қазақтың сәулет өнері жайлы білесің бе?
-
-------------------------------------------------------------- .
-
Қазақ архитектурасы өз бетінше дамуы неге байланысты деп ойлайсың?
-
----------------------------------------------------------------- .
-
Қазақ архитектурасының дамуы кезеңдері жайлы оқыдыңыз ба?
-
--------------------------------------------------------------------------- .
-
Ол кезеңдер жайлы не білесің?
-
--------------------------------------------------------------------------- .
-
Сенің туған жеріңдғ тарихи ескерткіштер бар ма?
-
------------------------------------------------------------ .
БӨЖ: «Ш.Уәлиханов – ірі ғалым» деген тақырыпта эссе жазу.
Ағымдық бақылау тапсырмалары:
-
Қазақ архитектурасының даму кезеңі жайлы не айта аласыз?
-
Қола дәуіріндегі кешендер қалай салынатын болған?
-
Орта Азияда Шахристандар қалай орналасқан?
-
Тараз қазбаларынан табылған саз тақталар қандай нақышқа ұқсайды?
-
15-18 ғасырлардағы діни-мемориалдық ескерткіштердің қандай түрлері бар?
-
30-жылдардағы құрылыс жайлы не айта аласыз?
8 апта
Бірінші САБАҚ
Cабақтың тақырыбы: «Қ.А. Яссауи кесенесі . XIV - XV ғасыр құрылысы»
Грамматика: Зат есім жасайтын жұрнақтар.
Сабақтың мақсаты: студенттерге Қ.А. Яссауи кесенесі және XIV - XV ғасыр құрылысы жайлы м ағлұмат бере отырып, олардың сөздік қорын молайту, берілген ақпарат негізінде танымдық қабілетін, сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру.
-
Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Қазақстанның ежелгі қаласы Түркістан көбіне көне заманда салынып, біздің заманымызға дейін сақталған тамаша сәулет ескерткіштерімен әйгілі. Соның бірі – XII ғасырда өмір сүрген көне түркі ақыны, Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауидің қабірінің басына Ақсақ Темірдің әмірімен тұрғызылған зәулім ескерткіш.
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі - Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесі жоқ тарихи жәдігер. Ескерткіш 1396-1404 жылдары салынған. Ахмет Яссауи сәулет ғимараты құрылымдық жағынан және ерекше сәнділігімен көз тартатын аса күрделі туынды. Ғимаратты салуға күйдірілген қыш пайдаланылған, оның сырты бірнеше плиталармен безендірілген. Ғимараттың биіктігі 40 метрге таяу, ені – 46,5 м, ал ұзындығы – 62,5 м.
Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. Қ.А. Яссауи сәулет ғимараты айқын, дәл әрі үйлесімді жоспармен салынған. Деректерде Әмір Темір кесененің салынуына бұйрық беріп, әрі жобасын жасауға да өзі тікелей қатысқан.
Қожа Ахмет Яссауи сәулет ғимараты - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5м, ұзындығы - 65м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық аркасы - 18,2 м және биіктігі - 37,5м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Қ.А. Яссауи кесенесі жамағатхана, қабірхана, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана және бірнеше құжыра бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен ерекшеленеді.
-
Достарыңызбен бөлісу: |