"Биология негіздері" элективті курсы
Түсінік хат
Адамның өз ана тіліне қанық білуімен қатар өзге бір ұлттың тілін жетік игеріп, сол ұлт азаматтарымен өзара түсінісе алатыны үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады. Өмірде өзге бір ұлттың тілін білетін адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, барлық мәдени қүндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. Азаматтарымыздың қазіргі ай сайын алға қадам басып, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен дамып бара жатқан өзгерістерге толы өмірге ойдағыдай сәйкесуі үшін қос тілді болып қана қалмай, сонымен қатар көп тілді болуы басты қажеттілікке айналуда. Бұл іс әр азаматтың өзіне де, өзгеге де тиімді. Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді меңгеру кез келген адамды жарқын болашаққа бастайтын жол іспеттес. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, осыдан 12 ғасырдың алдында жасаған энциклопедист ғалым, әлемде Аристотельден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Наср Әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жеттік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігі анық.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.
Қоғамның бүгінгі әлеуметтік тапсырысы – жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндер бойынша ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету; сонымен қатар білім беруде осы бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру. Ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі.
Мектеп-лицейдің 9-сыныпқа арналған биологиядан электив курс бағдарламасы құрылды.
Биология пәні жалпы биология негіздерін, организмдер тіршілігінің жалпы заңдылықтары туралы түсініктерді қарастырады,заман талабына сай 9 сынып бағдарламасының негізінде құрылды."Biology grade 9" оқулығына сүйене отырып.
Бағдарламаны ағылшын терминдар үйрену мақсатында,элективті курс бағдарлама ретінде жасалды.
9-сыныпта биологияны оқытудың негізі - эволюция ілімі, генетика және селекция негіздері, организмдер мен ортаның арақатынасы туралы білім беру, сонымен қатар тірі организмдердің негізгі құрам бөліктері және қасиеттері туралы біліктіліктерін қалыптастыру, тірі организмдер жасушасының құрылысы мен қызметі, реттелуі және гомеостаз, көбейуі мен дамуы ұғымдары бойынша Жалпы биология білімдерін оқушылар меңгереді
Элективті курс бағдарламасының өзектілігі биологиялық терминдерді ағылшын тілінде білім беру,кеңейтуге жіне биологияға қызығушылығын арттыруға негізделген.Мектеп бағдарламасының жаңарту мақсатында білім жүйесіне жаңалық енгізілуде.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,жан-жақты білім беру мақсатында ағылшын тілінде биологиялық терминдерді меңгерту.
Достарыңызбен бөлісу: |