Программа Форма ф со пгу 18. 2/06


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/5
Дата20.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
#148727
түріРабочая программа
1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығына тәжірибешілік сабақтарға арналған


Әдістемелік нұсқау


Павлодар 2007




Лист утверждения к Форма

методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05

БЕКІТЕМІН


ФЖиӨ факультетінің деканы _____________ Ж.Т.Сарбалаев

«___»_____________2007 ж

Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Г.К.Қажыбаева

Қазақ филологиясы кафедрасы



Әдістемелік нұсқау

Тәжірибешілік сабақтарға арналған

«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін

Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2007ж. мәжілісінде ұсынылды.

Хаттама №__


Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп

Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2007 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___



ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова




1 Пәннің мақсаты мен міндеттері


«Жалпы тіл білімі» пәнінде филолог-студенттердің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдету, тіл теориясының өзекті мәселелері бойынша білімдерін

жинақтау, тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, лингвистикалық мектептердің қалыптасуы жолдарын, лингвистикалық бағыттардың мәнін ұғындыру, сонымен қатар лингвистикалық талдаудың әдістерін меңгеру.



Пәнді оқыту мақсаты:


    Лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсінуге, яғни тілдің мәні, тілдің және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен тілдің коммуникативтік қызметі, тіл-ойлау-ақиқат, тіл және қоғам, тіл және басқа коммуникативтік құралдар және т.б. мәселелер.



Пәннің міндеттері:


    - тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатыларын, бағыттары және концепцияларын түсіну;

    - қазіргі тіл білімінің «портретін» қалыптастыратын негізгі лингвистикалық пәндермен-әлеуметтік тіл білімі, психолингвистика, когнитивтік лингвистика және т.б. танысу.





Студенттер білуі тиіс:


    - Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдау;

    - тілді талдаудың негізгі әдістерімен танысып, оларды практика жүзінде қолдануға шыңдалу;





Студенттер істей білуі тиіс:


    - Тілдің әртүрлі субстантивтік және реляциялық мағына элементтерін ажырата білуі және топтастыра білу дағдысын;

    - Жалпы тіл білімі теориялық курсының алғы шарттарын білуі тиіс.

    - Тіл байлығын, ой-өрісін дамытуға арналған жаттығуларды орындай алуы тиіс;

    - Тілдік нормаларды сақтай білуі тиіс.





2 Пререквезиттер:


Әлеуметтік тіл білімі

Психолингвистика

Когнитивті лингвистика

Фонетика.

Лексикология

Морфология.

Синтаксис
Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Ежелгі дәуір тіл білімі

Тіл білімі тарихының негізгі әдістемелері. Ғылым тарихының жасалу принциптері. Тіл білімі тарихының негізгі кезеңдері. Ежелгі классикалық филологиядағы тіл білімі мәселелері. Панини грамматикасы. Зат пен атау туралы Ежелгі Греция философтарының көзқарастары. Логика мен Аристотель поэтикасындағы тіл білімі мәселелері. Александрия грамматистері сегіз табы туралы. Рим тіл білімі. Араб тіл білімі.



Мақсаты: Ежелгі дәуір тіл білімінің лингвистикалық мәселелерін тану. Ежелгі дәуір тіл білімі өкілдерінің еңбектерінмен танысу.

2-тақырып. ХVI-XVIII ғасыр тіл білімі.

Орта ғасырдағы Европа ғылымы. ХVII-XVIII ғасыр тіл білімі. Сөздіктер түрлері. Г.Лейбниц, Ж.Руссо, И.Гердердің лингвистикалық көзқарастары. Философиялық және нормативтік грамматикалар. Универсалды грамматика.



Мақсаты: ХVI-XVIII ғасыр тіл білімінің лингвистикалық мәселелерін игеру. Лингвистикалық көзқарастарды саралау, түйін жасау.

3-тақырып. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі мен методтың пайда болуы. Ф.Бопптың лингвистикалық концепциялары. Салыстырмалы тіл білімі. Салғастырмалы тіл білімі.



Мақсаты: Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің лингвистикалық мәселелерін игеру.Ф.Бопптың лингвистикалық тұжырымдарын меңгеру, түйін жасау.

4-тақырып. В.фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары.

В.фон Гумбольдтың лингвистикалық концепциялары. В.фон.Гумбольдтың лингвистикалық зерттеулерінің маңызы.

Мақсаты: В.фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастарын игеру, тұжырым жасау.

5-тақырып. ХІХ ғ. 2-жартысындағы пайда болған лингвистикалық мектептер.

А.Шлейхер және салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Лингвистикалық мектептердің қалыптасу жолдары, олардың лингвистикалық зерттеулерінің мәні.



Мақсаты: ХІХ ғ. 2-жартысындағы пайда болған лингвистикалық мектептердің мақсатын, зерттеу мәселелерін меңгеру.

6-тақырып. ХІХ ғ. 2-жартысындағы компаративистиканың қалыптасуы

Компаративистиканың дамуы. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің бағыттары. К.Аделунг зерттеуі. Р.Раск тіңграмматикалық талдау әдісі. Я.Гриммнің зерттеуі.



Мақсаты: ХІХ ғ. 2-жартысындағы компаративистиканың қалыптасуы жолдарын меңгеру. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің бағыттарын игеру

7-тақырып. ХІХ ғ. тіл біліміндегі универсалды-логикалық бағыт. Натуралистік бағыт. Психологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт.

ХІХ ғ. басындағы тіл біліміндегі логикалық-грамматикалық бағыт. ХІХ ғ. тіл біліміндегі психологиялық бағыт. Жас грамматикалық мектеп өкілдері және олардың концепциялары.



Мақсаты: ХІХ ғ. тіл біліміндегі универсалды-логикалық бағыт, натуралистік бағыт, психологиялық бағыт, жас грамматикалық бағыттардың мәнін, маңызын, ғылыми құндылығын тану, саралау

8-тақырып. Москва мектебі.

Ф.Ф.Фортунатов және Москва лингвистикалық мектебі. А.Шахматов пен А.Пешковскийдің лингвистикалқ теориялары.



Мақсаты: Москва мектебінің лингвистикалық бағытын тану, негізгі бағыттарын ажырата білу,.

9-тақырып. Харьков лингвистикалық мектебі.

А.А.Потебня және Харьков лингвистикалық мектебі. Харьков лингвистикалық мектебінің мәселелері, оның ғылыми мәні.



Мақсаты: Харьков лингвистикалық мектебінің пайда болуын, өкілдерінң лингвистикалық көзқарастарын, тұжырымдарын меңгеру.

10-тақырып. Қазан лингвистикалық мектебі.

Бодуэн де Куртенэ және Қазан лингвистикалық бағыт. В.Н.Крушевский және В.А.Богородицкийдің лингвистикалық концепциялары.



Мақсаты: Қазан лингвистикалық мектебінің бағытын игеру, өкілдерінің (И.бодуэн де Куртенэ, Крушевский, Богородицкий, Радлов, Булич т.б.) ғылыми тұжырымдарын, зерттеулерінің мәнін игеру.

11- тақырып. Эстетикалық мектеп. «Сөздер және заттар» мектебі. Ареалды (кеңістік) лингвистика.

Жаңа дәуірдегі лингвистикалық бағыттар мен мектептер. Неограмматизм –социологиялық, психологиялық, формалды грамматикалық концепциялардың синтезі және негізгі мектептер.



Мақсаты: Эстетикалық мектеп, «сөздер және заттар» мектебі, ареалды (кеңістік) лингвистиканың зерттеулерін меңгеру.

12- тақырып. ХХ ғ. 1-жартысындағы шетел лингвистикасы.

Копенгаген структуралық мектебі және глоссематика (Л.Ельмслев).Структуралық мектептердің лингвистикалық зерттеулерінің ғылыми маңызы.



Мақсаты: ХХ ғ. 1-жартысындағы шетел лингвистикасының маңызын, мәнін ашу.

13 -тақырып. Ф.де Соссюр және ХХ ғ. лингвистикасы.

Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары. Н.С.Трубецкойдың фонологиялық ілімі.



Мақсаты: Ф.де Соссюрдің зерттеулерінің ғылымыи құндылығын меңгеру.

14 -тақырып. Америка этнолингвистикасы. Неогумбольдшылдық.

Семантикалық өріс теориясының ғылыми мәні. Ой мен таным және тіл.



Мақсаты: Америка этнолингвистикасын бағытын, неогумбольдшылдық. зерттеулерінің мәнін саралау.

15 -тақырып. Структурализмнің негізгі бағыттары.

Структурализмнің пайда болуы мен қалыптасуы. Структурализм өкілдерінің лингвистикалық зерттеулері, ғылыми құндылығы. Америка дескриптік лингвистикасы.



Мақсаты: Структурализмнің негізгі бағыттарын меңгеру.

16 -тақырып. Лондон лингвистикалық мектебі.

Лондон лингвистикалық мектебінің ХХ ғ. 40-шы жылдарында қалыптасуы. Лондон лингвистикалық мектебінің негізін қалаушы –Дж.Р.Ферс. Әкілдері: У.Аллен, М.Халлидей, Р.Хоббинс, У.Хаас,т.б. л ингвистикалық көзқарастары. Лондон лингвистикалық мектебінің мақсаты, зерттеулері.



Мақсаты: Лондон лингвистикалық мектебінің қалыптасу кезеңін, негізін қалаушылардың лингвистикалық көзқарастарын, тұжырымадырын меңгеру.

17-тақырып. Ресей тіл білімі. Қазіргі Россия тіл білімі (ХХ ғ.).

ХХ ғ 20-60 жылдардағы тіл білімі. ХХ ғ. 20-40 жылдарындағы Россия тіл білімі. Л.В.Щербаның жалпы лингвистикалық және фонетикалық көзқарастары. И.И.Мещаниновтың типологиялық концепциясы. В.В.Виноградовтың концепциясы.



Мақсаты: Ресей тіл білімінің қалыптасуын, лингвистикалық даму бағытын, лингвистикалық зерттеулерінің мәнін, маңызын меңгеру. Қазіргі Россия тіл білімінің даму жолдарын, бағыттарын, мақсатын игеру.

18-тақырып. Қазақстан тіл білімі.

Қазақ тіл білімінің тарихы. Қазақ тілін жүйелі зерттеу. Қазақ тілінің даму заңдылықтары айқындаудағы қазақ лингвистерінің ғылыми еңбектері, құндылығы.



Мақсаты: Қазақстан тіл білімінің даму бағыттарын, қалыптасу жолдарын, қазақ ғалымдарының лингвистикалық көзқарастарын, тұжырымдарын меңгеру.


Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:


1. Айғабылов А. Қазақ тілінің морфонологиясы. Алматы, 1995.

2. Аманжолов А.С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы, 1996.

3. Аманжолов С. Вопросы диалектологии истории казахского языка. Алматы, 1959.

4. Аханов К.А. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993.

5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1990.

7. Бенвенист Э. Общая лингвистика. Москва, 1974.

8. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. Москва, 1963.

9. Бюлер К. Теория языка. Москва, 1992.

10 Гумбольдт В. Фон. Избаранные труды по языкознанию.-М.,1984

11 Гумбольдт В. Фон. Язык и философия культуры. –М.,1985

12. Курилович Е. Очерки по лингвистике. Москва, 1962.

13. Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңа көзқарас. Алматы, 1993.

14 Леонтьев А.А. Психолингвистика. –М., 1967

15. Мамудян М. Лингвистика. Москва, 1985.

16 Соссюр Ф.де. Труды по языкознанию. –М.,1977

17 Соссюр Ф.де.. Заметки по общей лингвистике. –М.,1990

18 Хасенов Ә.Тіл білімі.-А., 1986

19 Хасенов Ә. Тіл біліміне кірспе. –А.,1990

20 Хасенов Ә. Тіл білмінің теориялық және практикалық меселелері. –А.,1990

21 Этнолингвистика.-М., 1988



Қосымша:


22 Аманжолов А.С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдер. Алматы, 1997.

23 Ахманова О.О. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1969.

24 Бредихина В.П., Глазман М.А. Словарь справочник лингвистических терминов для студентов-филологов нацинальных групп педвузов. Алматы, 1988.

25 Булахов М.Г. Восточнославянские языковеды: Библиографический словарь. Минск, 1976. т1. 1977. т 2.

26 Васильева В.П., Виноградов В.А. Краткий словарь лингвистических терминов. Москва, 1995.

27 Вахек Й. Лингвистический словарь Пражской школы. Москва, 1964.

28. Қазақ тілі: Энциклопедия. Алматы, 1998.

29. Лингвистический энциклопедический словарь. Москва, 1990.

30. Марузо Ж. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1960.

31. Розенталь Д.Э., Теленкова М.Э. Словарь-справочник лингвистических терминов. Москва, 1976.

32. Русский язык: Энциклопедия. Москва, 1979.

33. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы, 1998.

34. Сүлейменова Э.Д., Мәдиева Г.Б. Тіл білімі сөздігі. Алматы, 1998.

Методические указания Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/05



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет