Программа Форма ф со пгу 18. 2/06



бет4/4
Дата20.06.2016
өлшемі407 Kb.
#149653
түріРабочая программа
1   2   3   4

19-тақырып. Қасым Аманжолов

Қасым Аманжолов (1911-1955). Шығармашылық өмірбаяны. Ақын өміріндегі Орал кезеңінің (Оралда тұрған жылдары) – шығармашылық лабораториясында айрықша мәні бар. Қ.Аманжолов өмір уақиғаларын сырттай бейнелеуден лирикалық кейіпкер ішкі әлемі мен сезім сырларына, ойларын бейнелеуге көшеді. Арман, махаббат жырларына көңіл қояды.

Тұңғыш өлеңдер жинағындағы ақын шеберлігінің көріністері «Өмір сыры» (1938). Соғыстан кейінгі өлеңдері. 1955-56 жылдары ақынның үш томдық «Шығармаларының толық жинағы» шығарылуы. Шығармаларының төрт томдық жинағы (1977-80).

Қасым Аманжолов поэзиясындғы Отан соғысы тақырыбы. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Үстімде сұр шинелім», «Жеңіс даусы», «Дариға сол қыз», «Қызғалдақ», «Ақын өлімі туралы аңыз»,т.б.

Поэмалары: «Жамбыл тойында» (1939), «Бикеш» (1939-44), «Құпия қыз» (1939), «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943), «Біздің дастан» (1947).

Аудармалары: «Полтава» (Пушкин), «Маскарад» (Лермонтов), Низамиден, Некрасовтан, Шевченкодан, Маяковскийден, Твардовскийден қазақшалаған аударма туындылары. Қ.Аманжолов творчествосының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.



20-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов

Әбдіжәміл Нұрпейісов. Көрнекті қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов әдебиетке Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жазылған «Курляндия» романы арқылы келуі. Кейін романды қалмгер қайта өңдеп, «Күткен күн» деген атпен жариялауы.

Мемлекет, халықтар арасындағы соғыс сұмдығы, өмір-өлім туралы тынбай ойланған қаламгер өзі куә болған уақиғалармен бірге от кешкен адамдар туралы, толғана, толқи жазады. Баяндаудан гөрі суреттеуге ден қояды. Есей, Денисов, Қожақ образдарын жазу барысында қаламгердің шынайы тірліктен толғамы бар көркем бейнеге ұмтылуы да байқалады. Ә.Нұрпейісовтің алпысыншы, жетпісінші жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихында «Қан мен тер» трилогиясының алатын орны ерекше. Роман бірден қоғамдық санада елеулі серпіліс тудырып, әдеби сынның, зерттеу мен талқылаудың обьектісіне айналды, шет тілдерге аударылды. Кино, дармалық сценарилерге көшірілді. Романдағы Тәңірберген, Ақбала, Еламан, Мөңке, Қасен, Сүйеу, Судырақмет, қара қатын әркеттерінің жүйесіздеу жүретін бей-берекет тұстары.

Ә.Нұрпейісовтің Аралдағы ел, адамдар туралы «Сең» романы қоғамдық сана назарын аударуы. Қаламгер трилогиясында байқалған көркемдік ізденістері соңғы романдарында жалғасып келеді.

Ә.Нұрпейісов шығармашылығының ірі бір саласы аударма, әдеби-сын, публицистика.

21-тақырып. Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев (1931-1976). Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Ақынның лирикасы. Табиғат лирикасы. Махаббат лирикасы. Философия лиркасы. Сурет пен суреттілік. Бейне мен бейнелілік. Көркемдік бейнелеу құралдары. Сыр мен сыршылдық. Ақын шығармаларындағы өмір мен өлім, жарық пен қараңғы, бақи мен жалған туралы ойлардың көріністері. Ақын шығармаларындағы Ұлы Отан соғысы жылдары шындықтарының суреттері, жесір мен жетім бейнелері. Поэмалары: «Өмірдастан», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт», «Жан азасы», т.б. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел тірлігі мен адамдар рухының биік келбетінің ақын шығармашылығындағы бейнеленуі. Жастай еңбекке араласқан бала мен майдандағы баласын күткен кемпір-шал, жарын күткен әйелдер бейнесі. Олардың нұрлы мұраттары мен биік адамгершіліктерінің, ақын жан дүниесіндегі сақталған үндерінің өрнектері мен көркемдік жаңа ізденістер жан-жақты ашылуға тиісті.

Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы табиғат көріністері, жыл мезгілдерінің бейнеленуі, және олардың құрылымдық поэтикалық ерекшелігі. Өлең, дастандар өзегіндегі психологиялық параллельдер. Қарапайым ауыл, адамдар бейнесі.

Ақын поэзиясындағы ірі обьектінің бірі – оның поэмалары. Мұқағали Мақатаевтың «Армысыңдар достарым», «Қарлығашым келдің бе?», «Дариға жүрек», «Шуағым менің», «Өмір өзен», «Бәсіре», «Соғады жүрек», «Шолпан» , т.б. өлең, поэма, кітаптары мен прозалық шығармалары топтастырылған. «Қош махаббат» жинағы, шығармаларының таңдамалы толық жинақтары жарық көрді.

Мұқағали Мақатаевтың ақындық даралығы және қазақ әдебиеті тарихындағы орны.
3.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

2-тақырып. Әл-Фараби. Ахмет Иассауи. Махмұт Қашқари. Жүсіп Баласағұни

Ислам дәуіріндегі әдебиет және әл-Фараби. Ахмет Йасауи және «Хикметтер» кітабы. Ахмет Йүгінеки және «Ақиқат сыйы». Жүсіп Баласағұни және «Құтты білік» дастаны. Махмұд Қашғари және «Диуани лұғатит түрік» сөздігі



3-тақырып. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Асанқайғы Сәбитұлы. Қыдан Тайшы. Қазтуған жырау. Шәлгез жырау. Доспамбет жырау. Жиембет, Марғасқа жыраулар

Жыраулар шығармашылығы. Сыпыра жырау мұрасы. Асанқайғы Сәбитұлы және қазақ әдебиеті. Қыдан тайшы, Қазтуған жырау шығармашылығы.. Шалкіз (Шәлгез) Тіленшіұлы мұрасы және оның негізгі ерекшелігі. Доспамбет жырау және оның өмір сүрген дәуірі. Есім хан заманының бірегей жыршылары Жиембет пен Марғасқа туындыларының қазақ әдебиетінен алатын орны.



4-тақырып. Бұқар жырау Қалқаманұлы. Ақтамберді жырау Сарыұлы. Тәтіғара жырау, Үмбетей Тілеуұлы. Шал ақын Құлекеұлы.

Бұқар жырау Қалқаманұлы және жыраулық мұра. Тәтіғара, Үмбетей Тілеуұлы, Ақтамберді Сарыұлы шығармаларында көрініс тапқан тарихи оқиғалар. Шал ақын Құлекеұлы шығармашылығы. Көтеш Райымбекұлы, Қобылан Бөрібайұлы, Абыл Тілеуұлы шығармашылықтары және оларға тән ерекшеліктері.



5-тақырып. XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Дулат Бабатайұлы. Махамбет Өтемісұлы. Шортанбай Қанайұлы. Мұрат Мөңкеұлы. Сал-серілер

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің өлең үлгілері. Қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы. Дулат Бабатайұлы Абайға шейінгі қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі. Шортанбай және оның зар заманы. Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы. XIX ғасырдағы айтыс. Сал-серілер шығармашылығы.



6-тақырып. Шоқан Уәлиханов. Ыбырай Алтынсарин. Абай Құнанбаев.

Абайдың ақындық шәкірттері. Ақылбай Абайұлы. Мағауия Абайұлы.

XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиет. Дәстүр сабақтастығы.. Шоқан Уәлиханов – қазақ әдебиетін зерттеуші. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы. Абайдың өмірі. Шығармашылық мұрасы. Абайдың қарасөздерін талдау

8-тақырып. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)

Ш.Құдайбердиев – Абай дәстүрін жалғастырушы суреткер. Көңіл-күй, табиғат, азаматтық, философиялық шығармаларына талдау.. Ақын поэзиясының ірі саласы – поэма, дастандарына талдау.



9-тақырып. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)

А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, ғылыми-әдеби еңбектері. А.Байтұрсынов лирикасы. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі» өлеңдеріне талдау.



10-тақырып. Міржақып Дулатов (1885-1935)

М.Дулатовтың шығармашылығы. М.Дулатовтың лирикасына талдау. «Бақысыз Жамал» романындағы кейіпкерлер жүйесі. Роман тақырыбы мен идеясы.



11-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Ж.Аймауытов – ақын, прозашы, драматург, ғалым. «Ақбілек», «Қартқожа» романдарын талдау.



12-тақырып. Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

М.Жұмабаев лирикасының жанрлық, тақырыптық ерекшелігі. «Туған жерім –Сасықкөл», «От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Жаралы жан» өлеңдерін талдау. «Батыр баян», «Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертек», «Шын ертек» поэмаларының тақырыбы мен идеясы. Кейіпкерлер жүйесі.



13-тақырып. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

С.Торайғыровтың өмірі мен қаламгерлік қызметі. Өнер-білімге арналған өлеңдері. «Кім жазықты?» романының тақырыбы мен идеясы. Кейіпкерлер жүйесі. «Адасқан өмір» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Сюжеті мен композициясы.



15-тақырып. Мұхтар Әуезов

М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. М.Әуезов және әлем әдебиеті. М.Әуезов «Жетім», «Кінәмшіл бойжеткен» әңгімелерін талдау. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы. Құнанбай бейнесіне жаңаша көзқарас. Роман-эпопеядағы образдар жүйесі.



16-тақырып. Сәбит Мұқанов

С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. С.Мұқановтың романдары. «Ботагөз» романындағы Ботагөз, Асқар бейнесі.



17-тақырып. Ғабит Мүсірепов

Ғ.Мүсіреповтің творчестволық өмірбаяны. «Оянаған өлке» романының тақырыбы, идеясы. Сюжеті мен композициясы. Кейіпкерлер жүйесі. Ғ.Мүсіреповтің драмалық шығармалары



20-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов

Ә.Нұрпейісовтің романдары. «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкрелердің сомдалуы. Жазушы шеберлігі.



21-тақырып. Мұқағали Мақатаев

М.Мақатаевтың поэтикасы. «Қарлығашым келдің бе», «Дариға -жүрек». «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір-дастан» т.б. жыр жинақтарының мәні. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын талдау.


3.4 СӨЖ мазмұны




СӨЖ мазмұны

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

30 (1х30)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

26

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

15

5

Бақылау шараларына дайындық




РК 1, РК 2

4




Барлығы







90


Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1. Ежелгі ғұн, үйсін дәуіріндегі әдебиет. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.

Оғыз дәуіріндегі әдебиет және «Қорқыт ата кітабы». «Оғыз қаған» жыры.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 5-100-бет, [9], 5-80-беттер, [18], 5-90-беттер, [28], 10-59-беттер.

2. Ислам дәуіріндегі әдебиет және әл-Фараби. Ахмет Йасауи және «Хикметтер» кітабы. Ахмет Йүгінеки және «Ақиқат сыйы». Жүсіп Баласағұни және «Құтты білік» дастаны. Махмұд Қашғари және «Диуани лұғатит түрік» сөздігі. Төлтума әдебиет және «Махабат нама» дастаны. Әлидің «Қисса Жүсіп» дастаны. Сайф Сараидің «Гүлістан бит турки» дастаны. Құтыбтың «Хұсрау-Шырын» дастаны. Рабғузи және «Қисса-ул әнбийа» ескерткіші.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 5-130-бет, [9], 5-100-беттер, [18], 5-60-беттер, [28], 10-106-беттер.

3 Жыраулар шығармашылығы. Сыпыра жырау мұрасы.

Асанқайғы Сәбитұлы және қазақ әдебиеті.Қыдан тайшы, Қазтуған жырау шығармашылығы. Шалкіз (Шәлгез) Тіленшіұлы мұрасы және оның негізгі ерекшелігі Доспамбет жырау және оның өмір сүрген дәуірі. Есім хан заманының бірегей жыршылары Жиембет пен Марғасқа туындыларының қазақ әдебиетінен алатын орны.

Ұсынылатын әдебиет: [16], 5-100-бет, [21],5-150-беттер, [26], 3-79-беттер, [27], 15-75- беттер.

4 Бұқар жырау Қалқаманұлы және жыраулық мұра. Тәтіғара, Үмбетей Тілеуұлы, Ақтамберді Сарыұлы шығармаларында көрініс тапқан тарихи оқиғалар. Шал ақын Құлекеұлы шығармашылығы. Көтеш Райымбекұлы, Қобылан Бөрібайұлы, Абыл Тілеуұлы шығармашылықтары және оларға тән ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [16], 5-100-бет, [21],5-150-беттер, [26], 3-79-беттер, [27], 15-75- беттер.

5 XIX ғасырдағы қазақ тарихы. Махамбет – бостандық күрес жыршысы.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің өлең үлгілері. Қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы. Дулат Бабатайұлы Абайға шейінгі қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі. Шортанбай және оның зар заманы. Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы. XIX ғасырдағы айтыс. Сал-серілер шығармашылығы.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 5-200- бет, [26], 3-90-беттер, [27], 15-175- беттер.

6 XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиет. Дәстүр сабақтастығы. Шоқан Уәлиханов – қазақ әдебиетін зерттеуші. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы. Абайдың өмірі. Шығармашылық мұрасы.

Ұсынылатын әдебиет: [2],3-100- бет, [3], 3-150-беттер, [4], 5-50-беттер, [20], 3-90-беттер, [32], 3-90- беттер, [37], 3-100- беттер

7. Қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (XX ғасырдың басы). Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму жолдары. Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті. Жамбылдың ақындық өнері мен шығармашылығы.

Ұсынылатын әдебиет: [11], 3-50-бет, [15], 3-150-беттер, [26], 5-80-беттер

8 М.Ж.Көпеевтің замана тақырыбына арналған шығармалары. М.Ж.Көпеевтің қазақ әдебиеті тарихына қатысты еңбектері.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 3-150-беттер, [4], 5-50-беттер, [20], 3-90-беттер

9 Ш.Құдайбердиев аудармалары. А.Байтұрсыновтың -әдебиеттанушы. М.Дулатовтың зерттелуі.

Ұсынылатын әдебиет: [26], 3-90-беттер, [27], 5-195- беттер.

10 Ж.Аймауытов – ақын, прозашы, драматург, ғалым. М.Жұмабаев лирикасының жанрлық, тақырыптық ерекшелігі. С.Торайғыровтың өмірі мен қаламгерлік қызметі.

Ұсынылатын әдебиет: [13], 3-150-беттер, [29], 5-50-беттер

11 Б.Майлиннің прозалық шығармалары. С.Сейфуллиннің өмір мен шығармашылығы І.Жансүгіровтің ақындығы.

Ұсынылатын әдебиет: [13], 3-150-беттер, [29], 5-50-беттер, [38], 3-150-беттер

12 М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының зерттелуі.

Ұсынылатын әдебиет: [2],3-100- бет, [3], 3-150-беттер, [4], 5-50-беттер, [20], 3-90-беттер, [32], 3-90- беттер, [37], 3-100- беттер

13 С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. С.Мұқановтың романдары. Ғ.Мүсіреповтің творчестволық өмірбаяны. Ғ.Мүсіреповтің драмалық шығармалары.

Ұсынылатын әдебиет: [13], 3-150-беттер, [29], 5-50-беттер, [38], 3-150-беттер

14 Ғ.Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы. Ғ.Мұстафиннің романдары.

Ұсынылатын әдебиет: [13], 3-150-беттер, [29], 5-50-беттер, [38], 3-150-беттер

15 Ә.Тәжібаевтің лирикалық шығармалары, поэмалары. Қ.Аманжоловтың ақындық шеберлігі.

Ұсынылатын әдебиет: [26], 3-90-беттер, [27], 5-195- беттер.

16 І.Есенберлиннің шығармашылық өмірбаяны.

Ұсынылатын әдебиет: [13], 3-150-беттер, [29], 5-50-беттер, [38], 3-150-беттер

17 Х.Ерғалиевтің өмірі мен шығармашылығы. Ж.Молдағалиевтің сюжет, композиция түзу шеберлігі. С.Мәуленовтің ақындығы.

Ұсынылатын әдебиет: [26], 3-80-беттер, [27], 5-95- беттер.

18 Т.Ахтановтың прозалық шығармалары. Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Ұсынылатын әдебиет: [26], 3-120-беттер, [27], 5-175- беттер.

19 Ә.Нұрпейісовтің романдары.

Ұсынылатын әдебиет: [26], 3-110-беттер, [27], 5-75- беттер.

20 З.Қабдолов – ұстаз, ғалым, жазушы. М.Мақатаевтың поэтикасы. Ж.Нәжімеденовтің ақындығы. С.Жиенбаевтың лирикалық шығармалары.О.Бөкей және қазіргі қазақ прозасы.

Ұсынылатын әдебиет: [26], 3-90-беттер, [27], 5-105- беттер




Выписка из рабочего Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10

специальности(ей)


050504- «Журналистика» мамандықтарының оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Пәннің атауы Қазақ әдебиетінң тарихы


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОСӨЖ

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Күндізгі

ЖОБ негізін



де

4
















135

45

90

3-семестр

4- семестр













30

15

22,5

67,5



Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:


  1. Абай энциклопедиясы. –А., 1995

  2. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. –А., 1973

  3. Әуезов М. Әдебеит тарихы. –А, 1991

  4. Әуезов М.Абайтанудан жарияланбаған материалдар–А, 1968

  5. Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті–А, 1988

  6. Байтұрсынов А. Ақжол–А,1991

  7. Жолдасбеков М.Асыл арналар. –А6 1985

  8. Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті–А,1967

  9. Келімбетов Н. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті–А, 1991

  10. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. –А, 1974

  11. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті–А, 1993

  12. Қырабайқызы А. Ежелгі әдебиет–А,1996

  13. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті–А, 1998

  14. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет–А, 1992

  15. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры–А, 2000

  16. Сүйіншәлиев Х. XIII -XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті–А, 1989

  17. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет–А, 2001

Қосымша:

  1. Абайдың өмірі мен творчествосы. А,1964

  2. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. –А, 1986

  3. Абай тағылымы. –А, 1987

  4. Алдаспан. –А, 1971

  5. Бабатайұлы Дулат. –А,1991

  6. Біржан сал Қожағұлұлы. –А,1992

  7. Бұқар Жырау қалқаманұлы. –А,1992

  8. Дәдебаев Ж., Сағындықов Н. Қазақ әдебиеті. Ежелгі дәуір. –А,2002

  9. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-Том, 2 -том. –А, 1965

  10. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 -томдық. –А,1967

  11. Қыраубаева А.Ғасырлар мұрасы. –А,1996

  12. Қирабаев С.Әдебиеттегі ақтаңдақтар. –А,1995

  13. Қожа Ахмет Иассауи. Диуани хикмет. –А,1993

  14. Марғұлан Ә.Ежелгі жыр-аңыздар. –А,1985

  15. Мырзахметов М. Мұхатар Әуезов және абайтану проблемалары. –А,1982

  16. Нұрғалиев Р. Арқау. –А,1970

  17. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. . –А,1983

  18. Сәтбаева Ш.Шоқан Уәлиханов-филолог. –А,1985

  19. Сейфуллин С. Шығармалары том. –А,1964


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет