Программа негізінен екі бөлімен түрады


Берілгендер қоры туралы мӘлiмет



бет2/4
Дата05.03.2016
өлшемі469.5 Kb.
#42504
түріПрограмма
1   2   3   4

Берілгендер қоры туралы мӘлiмет


    1. Берілгендер қорында кестені құру


БҚ, кестесі Delphi құрамына енгізілген Database Desktop (Берілгендер қоры жұмыс столы) қосымша програмасы арқылы құралады. Ол мына амалдар арқылы жасалады:

  1. Tool - Database Desktop (Сервис-БҚ жұмыс столы / қабықшасы) командасын беру. Қабықша программасы көрінеді.

  2. Терезеден FileNew - Table (Файл — Жаңа - Кесте) командасын беру. Create Table (Кесте құру) сұхбаттық терезесі шығады. Онда ашылатын тізімнен қажетті кесте форматында таңдалып (Paradox). Алғашқы рет Paradox_7 форматы іске қосылып, терезе өрісінде осы атау көрінеді.

  3. Paradox_7 форматымен таңдап, Ok түймесін шерту (онда пайдалануға болатынын өріс типтерін жеткілікті). Бірінші бағанында автоматты түрде өрістің нөмірі жазылып қойылған кесте өрісі атауын сипаттау терезесі көрінеді.

  4. Екінші бағаннан бастап ретімен өріске берілетін атауды (FieldName), өріс типін (Type), өлшемін (Size) енгізу (өлшем өріс симвоолдық типті болса ғана енгізіледі). Өрісіті кілттік ету қажет болса, оны бесінші бағанды (Key) көрсетілуі тиіс. Ол "*" символы арқылы белгіленеді (жалпы, кілт Delphi-де және MS Access сияқты арнайы БҚБЖ-лерінде кеңінен пайдаланылады).

Database Desktop арқылы Нөмірі, Шығарған завод, Маркасы, Шығарған жылы, Түсі, Бағасы, Көліктің сипатамасы, Cypemi, Тұтынушы аты-жөні, Мекен жайы, Сымтетігі (N, Shigargan zavody, Marcasy, Shikan jily, Tusy, Bagasy, Kolik sipatamasy, Surety, Tutunushy aty-joni, Meken jaiy, Simtetic) құрамында төмендегі кестені құру үшін алдымен өріс атауын сипаттау терезесін толтыру керек. Өріс атауларын қазақ алфавиті шрифтерімен теруге болады, бірақ олар формада дұрыс көріне берілмейді.

  1. Өріс атауының ортасында нүкте (.) символы енгізілгені жөн;

  2. Өрістерді сипаттау не дайындау терезесінің бірінші бағанында автоматты түрде атаулардың реттік нөмірлері көрсетулі тұрады. Оларға көңіл бөлмеу керек. Кезекте өріске мән енгізілген соң КҚ не сәйкес курсорды басқару пернесінің тиіс. Kypcop келесі өріске орналастырылып қойылады;

  3. Үшінші бағанға өріс типінің (Type) енгізілуі тиіс. Ол үшін курсор бағанда орналасқан соң Бос орын пернесін басу керек.

Тип

Белгісі

Мән

Alpha

A

Символдық жол. Ұзындығы [1..255] аралығында.

Number

N

Мәні [10308,10308] аралығында алынатын 15 мәнді цифрлық нақты сан.

Short

S

Мәні [-3278-67..32767] аралығында алынатын бүтін сан.

Long Integer

I

Мәні [-2147483647..2147483647] аралығында алынатын ұзындығы 4 байттық бүтін сан.

Memo

M

Alpha-нің мәндер аралығынан үлкен болатын (> = 255 байттық) символдық жол.

Money

$

Соңына $ символы қойылатын ақшалық форматты сан.

Date

D

Дата

Logical

L

Мәні ақиқат (True) не жалған (False) болатын логикалық типті сан.

Auto increment




Кестеге жол қосылған сайын мәні бірге өсіп отыратын бүтін сан.




  1. Өріс сипаталып болған соң терезенің Save As... түймесін шерту. Құрылатын кесте атауы сүралатын Save table as... терезесі көрінеді.

  2. Терезеде кесте атаулары сақталатын ішкі бума (мысалы, My Databases) құрып, оны ашу (егер ішкі бума бұрын құрылған болса, оны ашу жетлкілікті). Файл атауы өрісіне кесте атын енгізу (мысал, Rousl.db) және каталог алиасы үшін терезеде көрінген WORK: атауын қалдырып, Сақтау түймесін шерту. Кесте құрылымы Rousl.db атауы бойынша My Databases бумасында сақталып қойылады.

  3. Терезені жабу керек.

Өрістер сипатталып болған соң кестені құру қиын емес:

  1. Database Desktop терезесінің мәзірінен FileOpenTable (Файл — Ашу - Кесте) командасын беру. Open Table терезесі көрінеді. Терезеден MyDatabases ішкі бумасын ашып және каталог алиасы үшін жүйе дайындаған WORK: атауын қалдырып, бума ішіндегі қажетті өріс сипаттамалары жазылған кесте атауын (Rousl.db) таңдап, одан әрі Ашу түймесін шерту керек. Өрістер енгізілген терезе ашылады.

  2. Кестені толтыруға, берілгендерді редакциялауға мүмкіндік беретін TableEdit Data (Кесте — Берілгендерді редакциялау) командасын беру (аспаптар панелінің аттас пернесін басуда болады). Rousl атауының астына 1 саны жазылып, (+) өрісіне курсор орналастырылып қойылады.

  3. Өрістерді толтыру.

  4. Терезені жабу.

Кестені қазақ алфавиті әріптерімен теру тәсілі әдеттегідей. Егер бұл тәсіл жүрмесе, Data Desktop мәзірінен Edit — Preferences (Редакциялау – (Ұнамды) командасын беріп, ашылған терезенің Generel (негізгі) қосымша бетінен Change (Өзгерту) түймесін шерту керек. Change Font (Шрифті өзгерту) терезесі көрінеді. Терезеден қажетті шрифті таңдап, Ok түймесін шертеміз. Сосын Database Desktop жұмыс столын жауып, оны қайта қосуымыз керек. Сонда ғана амалымыз орындалады.

Алиас құру. Берілгендер қорымен жұмыс істеу кезінде кестеге қол жеткізетін жолды енгізу көп қиындық туғызатыны белгілі. Delphi-гe жолды тек берілгендер қорының атауымен алмастыратын тәсіл енгізілген. Мұндай атау бүркеншік атау не алиас (aIias) деп аталады. Арнайы құрылған БҚ бумасын алиас түрінде қарастыру үшін Delphi құрамына енгізілген DBE утилитасы пайдаланылады (BDE Borland Database Engine - Borland корпорациясының берілгендер қоры құрамы).

Жалпы, BDE Delphi-дің құрылған қосымшамен берілгендер қоры арасында байланыс орнату, олармен жұмыс істеу жүйесі. Ол Paradox, dBase берілгендер қоры жүйелері үшін, ал соңғы кездегі Access, FoxPro үшін де басқару жүйесі болып табылады. Бірақ соңғы жүйелерге қол жеткізу үшін арнайы программаны пайдалану керек.



BDE утилитасы берілгендер қоры кестелерімен жұмыс істеу үшін драйверлер деп аталатын арнайы программаларды пайдаланады. Оларға БҚБЖ-лерінің атауларымен бірдей атаулар берілген, мысалы, Paradox__7, dBase_IV. Олардың бірін таңдау үшін сәйкес БҚБЖ-сінде құрылатын кестенің өріс типтерін білу жеткілікті. Мысалы, Paradox жүйесі үшін пайдаланылатын типтер жоғарғыдағы кестеде көрсетілген.

BDE-де драйверлер екі түрлі жиынтықты. Біріншісі — жергілікті деп аталатын Paradox, dbase, FoxPro, Access жүйелерімен.

Екіншісі — күрделі SQL — серверлік InterBase, т.б. жүйелерімен жұмыс істеу үшін бірінші жиынтықтың Paradox драйверлермен жұмыс тәсілі көрсетілген.



Delphi құрамында берілгендер қоры алиасын дайындауға арналған екіутилита бар:

  1. SQL Explorer(SQL зерттеушісі (браузері));

  2. BDE Administrator (BDE басқарушысы);

  3. SQL Explorer-ді пайдаланып, алиас дайындау технологиясы:

  4. Database — Explore (Берілгендер қоры - Браузер) командасын беру.

SQL Explorer терезесі шығады. Терезенің сол бөлігінде көрінгені — BDE жүйесінде тіркелген барлық берілгендер қорының тізімі (тізімінен ағымдық қор таңдалған кезде оң жағында оның қасиеттері көрінеді).

Терезеден ObjectNew (Объект-Жаңа) командасын бер. New Data Alias сұхбаттық терезесі ашылады. Алғашқы рет онда көрінетіні Paradox форматында құрылатын STANDARD алиасы таңдап аламыз. Садан кейін Ok түймесін шертеміз. SQL Explorer терезесінде көрінген тізімге төртбұрыш ішіне алынған жаңа алиас кірістіріліп қойылады. Төртбұрыш - алиас үшін пайдаланылатын БК, құрудың әлі аяқталмағандығының белгісі. 3. STANDARD1 алиас Database Desktop терезесінің ішінде құрылған берілгендер қоры атауын My Databases деп алмастырамыз. Ол үшін STANDARD1 атауын таңдап, Object — Rename (Объект — Атын өзгерту) командасын беру және пернетақта арқылы My Databases атауын енгізіп, кез келген пернені басу керек. Егер дайындалған алиас таңдалса, тізімнен терезенің қасиеттер жазылған бөлігінде DEFAULT DRIVER (үндемелер кездегі драйвер) қасиетіне PARADOX форматы жазулы тұруы тиіс. Оның PATH (Жол) қасиетіне толық жолды енгізіп қоюға болады. Толық жолы PATH қатарының оң жағын шертіп, ашылған терезеден таңдауға болады. Таңдау тәсілі Select Directory сұхбат терезесі арқылы орындалады. Терезеде көрінген My Databases бумасы таңдалған кезде терезенің оң жағында онда сақтаулы кестелер тізімі көрінеді. Дайындалған кестені Database Desktop утилитасының My Databases бумасында (Берілгендер қоры файлында) сақталған жөн. Оны іске қосу үшін файлға баратын жолды көрсету керек (PATH).

Мысалы, My Databases-ке баратын жол: C:\ ProgramFiles\ Borland\ DatabaseDeasktop\ MyDatabases

BDE жүйесіне енгізілген алиасты BDE-де тіркеу (сақтау). Ол үшін тізімнен My Databases атауын таңдап, Object — Apply (Объект - Қолдану) командасын орындау керек. Алиасты өзгеру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Оның Ok түймесін шертеміз.

SQL Explorer терезесін жабу алдын My Databases алиасының ерекшеліну белгісін алып тастаған жөн. Алиасты формаға кестені не сұранысты шығару үшін пайдалануға болады. Оны төменде қарастырып кетеміз.
2.2 Алиасты BDE Administrator арқылы дайындау
1.Windows терезесінен Программы — Borland Delphi 3 — BDE Administrator командасын орындаймыз. BDE Administrator сұхбаттық терезесі көрінеді. Оның сол жақ бетінде көрінгендер - SQL Explorer терезесінде көрінетін BDE жүйесінде тіркелген барлық берілгендер қорының тізімі.

2.Терезеден ObjectNew (Объект-Жаңа) командасын бер. New Data Alias сұхбаттық терезесі ашылады. Алғашқы рет онда көрінетіні Paradox форматында құрылатын STANDARD алиасы таңдап аламыз. Садан кейін Ok түймесін шертеміз. BDE Administrator терезесінде көрінген тізімге төртбұрыш ішіне алынған жаңа алиас кірістіріліп қойылады. Төртбұрыш алиас үшін пайдаланылатын БК, құрудың әлі аяқталмағандығының белгісі.

3. STANDARD1 алиас Database Desktop терезесінің ішінде құрылған берілгендер қоры атауын My Databases деп алмастырамыз. Ол үшін STANDARD1 атауын таңдап, ObjectRename (Объект — Атын өзгерту) командасын беру және пернетақта арқылы My Databases атауын енгізіп, кез келген пернені басу керек. Егер дайындалған алиас таңдалса, тізімнен терезенің қасиеттер жазылған бөлігінде DEFAULT DRIVER (үндемелер кездегі драйвер) қасиетіне PARADOX форматы жазулы тұруы тиіс. Оның PATH (Жол) қасиетіне толық жолды енгізіп қоюға болады. Толық жолы PATH қатарының оң жағын шертіп, ашылған терезеден таңдауға болады. Таңдау тәсілі Select Directory сұхбат терезесі арқылы орындалады. Терезеде көрінген My Databases бумасы таңдалған кезде терезенің оң жағында онда сақтаулы кестелер тізімі көрінеді. Дайындалған кестені Database Desktop утилитасының My Databases бумасында (Берілгендер қоры файлында) сақталған жөн. Оны іске қосу үшін файлға баратын жолды көрсету керек (PATH).

Мысалы, My Databases-ке баратын жол:



C:\ProgramFiles\Borland\DatabaseDeasktop\MyDatabases

4.BDE жүйесіне енгізілген алиасты BDE-де тіркеу (сақтау). Ол үшін тізімнен My Databases атауын таңдап, Object — Apply (Объект - Қолдану) командасын орындау керек. Алиасты өзгеру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Оның Ok түймесін шертеміз.

5. BDE Administrator терезесін жабу алдын My Databases алиасының ерекшеліну белгісін алып тастаған жөн. Алиасты формаға кестені не сұранысты шығару үшін пайдалануға болады. Оны төменде қарастырып кетеміз.

Database Desktop утилитасында сақтаулы кестені экранға шығару үшін оның терезесін ашу керек. Ол мыны амал арқылы орындалады: File — Open — Table (Файл — Ашу - Кесте). Open Table (Кестені ашу) терезесі көрінеді. Терезенің My Databases бумысын ашып, әдеттегідей, онда жазылған кесте атауын таңдау керек. Одан кейін Ашу түймесін шерту жеткілікті.

Database Desktop утилитасында сақталған кестені редакциялау қажет болса, кестені ашып, жөнделетін өріске курсорды орналастыру керек. Одан кейін Table-Edit Data, беріп, өрісті редакциялап шығу қиын емес.

Кестеге жаңа жазу қосу үшін кестені ашып, курсорды соңғы жазудың бірінші өрісіне орналастыру және Table — Edit Data комндасын орындау керек. Одан кейін кестеге жаңа жазуларды әдеттегідей енгізіп, кестені жабу жіткілікті.

Кестені жаратудың екінші бір түрі бар. Ол программа бойынша жарату.

Database Desktop утилитасы арқылы дайындалған бос кестені программа арқылы (динамикалық түрде) дайындауға болады. Мысалы, Paradox типті My Databases алиасында Нөмірі, Шығарған завод, Маркасы, Шығарған жылы, Түсі, Бағасы атаулы алты өрістен түратын Rous5.db кестенің өріс тақырыптарын дайындау тәсілі мына амалдар арқылы орындалады.

1. Жаңа проект ашып, формада Tablel, Buttonl компоненттерін орнату.

2. Код терезесінде Buttonl компонентінің OnClick оқиғасын өңдеуіш процедурасын құру керек.

Procedure Tforml.ButtonlCIick(Sender:TObject)

Begin

With Table do Begin

DatabaseName: = 'My Databases';

TableType:=ttParadox;

TableName: = 'Rous5.db';

With FieldDefs do

Begin

With AddFieldDef do

Begin

Name: = 'Шығарған завод';

DataType:=ftString;

Size:=20; End;

With AddFieldDef do Begin

Name: = 'MapKacbi'; DataType:=ftString; Size:=20; End;

With AddFieldDef do Begin

Name: = 'Tyci';

DataType:=ftString;

Size:=20;

End;

End;

CreateTable;

End;

End;

мұндағы Create Table (Кесте құру) - TTable компонентінің кесте құру әдісі. Ол таңдалған құрылым бойынша бос кесте құрады (әдісті Paradox не dBase форматында ғана пайдалану мүмкін); Table — берілгендер қоры кестесіне қол жеткізу компоненті. Программада пайдаланылған қасиеттер: DatabaseName — алиас атауын анықтау; TableType — кесте типі; TableName — кесте атауы;



FieIdDefs — кесте өрістерін массив ретінде сипаттау;

AddFieIdDef - өріс қосу;

Процедура өрістер string типті етіп сипатталды.

1) Программада Create Table әдісі барлық қасиеттерді орындап, Add әдісін енгізген соң ғана жазылады.

2) TableType қасиеттерінің мүмкін болатын мәндерін анықтауға арналған TTabIeType типінің сипаттамасы DBTabIes модулінде сақталған. Ол модульдің Uses бөліміне кірістіріліп қойылуы тиіс (оның автоматты түрде кірістірілуі де мүмкін).

3) Процедураны іске қосып, көрінген форманың Button 1 түймесін шерту. Кесте алиас түрінде сақталған берілгендер қорына жазылып қойылады. Оны ашып, толтыру тәсілін жоғарыда айтып кеткенбіз.
2.3 Формада берілгендер қорымен объектілерді

байланыстыру.
Формада Database Desktop утилитасында құрылған кестеге қол жеткізу компоненттер панелінің Data Access (Берілгендерге кіру) қосымша бетіне енгізілген Table, DataSource және Data Controls (Берілгендерді басқару) қосымша бетіне енгізілген DBGrid компоненттері арқылы орындалуы мүмкін. Формаға орнатылған төмендегі компоненттердің негізгі іс-әрекеттері.

TTabIe (Кесте)-кез келген БҚ кестесіне қол жеткізу;

TDataSource (Берілгендер көзі) - DataSet (Берілгендер жиынтығы) қасиеті арқылы нақты кестемен байланыс орнату;

TDBGrid (Берілгендер кестесі)- DataSource қасиетіне DataSource берілгендер көзін меншіктеп, терезесіне нақты берілгендерді (кестені не сұранысты) енгізу. Ол үшін алдымен Tablel, DataSourcel компонентеріне ретімен төмендегі кестеде көрсетілгендей, қажетті қасиеттерді меншіктеп алса болғаны.

Осы амалдарды орындау төмендегі жолдарды іске асыру қажет.

1. Жаңа проект ашу.

2. Формаға Tablel, DataSourcel, DBGridl компоненттерін енгізу.

3. Төмендегі кестеде жазалған ретімен компоненттер қасиеттерін орнату:

Компонент

Қасиет

Мән

Table 1

Name

Table 1




DatabaseName

My Database ▼




TableName

Rousl.db ▼




Active

True

DataSourcel

Name

DataSourcel




DataSet

Table 1

DBGridl

Name

DBGridl




DataSource

DataSourcel




Font

Times Kaz, 10

Мұндағы Tablel компонентінің DatabaseName, TableName қасиеттерінің мәндері мәндер тізімдерінен (▼) таңдалу тиіс (DatabaseName қасиетінің мәні — кесте сақталған берілгендер қоры атауы (алиасы). Оның орнына БҚ-на баратын жолды енгізген де мүмкін).

DBGridl компонентінің DataSource (Берілгендер көзі) қасиетіне DataSourcel мәні меншіктелген кезде, Tablel объектісінің Active қасиетіне True мәні меншіктелуіне байланысты, DBGrid компоненті терезесінің ішіне Rousl.db кестесі енгізіліп қойылады.

Жалпы, Active қасиеті арқылы берілгендер Rousl.db жиынтығы ашылады және жабылады. БК, - мен жұмыс істейтін қосымшасының құрамына бір Table және бір DataSource компоненттерінің болуы қажет. Олар формада орнатылған соң қасиеттеріне мәндер жоғарыда кестеде көрсетілген ретпен меншіктелуі тиіс.

DataSourcel компоненті өзінің DataSet (Берілгендер жиынтығы) қасиеті арқылы нақты кестемен байланысады. Ол — Tablel және DBGridl компоненттерін келістіруші де.

Delphi-де TDataSet класы берілгендер қоры объектілерінің негізгілерінің бірі. Ол кестені ашуға пайдаланылады, яғни, Table компаненті — TDataSet класының мүрагері DataSet DataSource компонентінің қасиеті ретінде пайдалануы да мүмкін.

Сұранысты формаға түсіру. Delphi-де сұраныс құрудың көп пайдаланатын тәсілі — формаға орнатылған Query, Table, DataSource, DBGrid компаненттерін пайдалану. Құрылған сұраныс DBGrid терезесіне енгізіледі.



Database Desktop-та құрылған Rousl.db кестесінен + + + және онан кейінгі жылдары туылған адамдардың тізімінен тұратын сұраныс құру керек.

1. Жаңа проект ашып, формасына TabIel, DataSOurcel, Queryl, DBGridl компоненттерін орнату.

2. Ретімен компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:

Компонент

Қасиет

Мән

Table 1

DatabaseName

My Databases




TableName

Rousl.db

DataSourcel

Name

DataSourcel




DataSet

Queryl

Queryl

DatabaseName

MY Databases




SQL

[Tstring]

DBGridl

DataSource

DataSourcel

Form 1

Font

Times Kaz, 10

3. Tstring типі SQL қасиеті Tquery компонентінің ең қажетті бөлімі. Жоғарыда кестеде көрінген көп нүкте енгізілген Tstring қатары шертілген кезде String List editor (редактордың жолдық парағы) терезесі көрінеді. Терезеге SQL тілінде орындалатын сұрыныстың командалық мәтіні (оператор) енгізілуі тиіс. Берілген мысалдың орындалуын қанағаттандыру үшін енгізілетін сұраныс:

SELECT* FROM WHERE Sigargan

jiIy>=01.01.01

(erep Sigargan jily String типімен сипатталған болса, 01.01.01 санын тырнақшаларға не дәйекшелерге алып жазу керек).

4. Терезеге операторды енгізген соң, оның OK түймесін шерту. Forml терезесі қайта көрінеді.

5. Query1 компонентін қайта таңдап, оның Active қасиетіне True мәнін меншіктеу. Сұраныс DBGrid1 компоненті терезесіне енгізліп қойылады

Сұраныс енгізілген DBGrid1 терезесін тазалау үшін Query1 компонентінің Active қасиетіне False мәнін меншіктесе болғаны.

Сұранысты сақтау тәсілі DBGrid компонентінің терезесіне енгізілген кестені сақтау тәсілі сияқты.

Сұраныс құру үшін SQL Builder (Сұраныс құрастырушы) программасын пайдалану ыңғайлы және оны мына амалдар арқылы орындауға болады:

1. Жаңа проект ашып, Forml терезесіне DataSource1, Query1 компоненттерін орнату.

2. Компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:

Компонент

Қасиет

Мән

DataSourcel
Queryl

DataSet

Name


DatabaseName

Query 1

DataSource 1

My Databases


3. Query 1 компонентін оң түймемен шертіп, көрінген контексті мәзірден SQL Buelder қатарын таңдау.

Сұраныс құрастырушы программасы іске қосылып, терезесі экранға шығады. Алғашқы терезе бос болып, оның жоғарғы қатарындағы Database өрісіне алиас атауы жазылғаны көрінеді. Table өрісінен қажетті кесте атауын таңдау. Төртбұрыш ішіне алынған кесте (кесте жөнінде мәлімет) терезенің жоғарғы қабатына енгізіліп қойылады.

4. Кесте өрістерін таңдау. Ол үшін көрінген белгілегіштердің жоғарғысын таңдау жеткілікті.

5. Criteria (Іріктеу шарттары) қосымша бетін ашып, төменгі панельдің сол жақ өрісіне керекті кесте және өріс атауын, орта (Compare) өрісіне >= операторын, сол жақ өрісіне керекті мәліметті енгізуіміз. Егер кесте құруда сәйкес өріс символдық типі етіп (A) белгіленген болса, санды тырнақшаларға алып енгізу керек.



6 Query-Run командасын беру. Қажетті сұраныс Query ResuIts терезесінде көрінеді. Ол DBGrid компоненті терезесіне енгізілген сұраныспен бірдей.

Есепті формаға түсіру. Мысалы, My Databases бумасында (алиасында) сақтаулы қарапайым Rousl.db кестесін форматты түрде басып шығу керек.



  1. Жаңа проект ашып, форманың жоғарғы қатарына Tablel, Buttonl компоненттерін орнату. Tablel компонентінің қасиетерін беру: DataBaseName — My Databases; TableName — Rousl.db; Active — true.

  2. QuickReport бетінің Tablel компонентінің астына QuickRepl компонентін орнатып, оны барынша созу. Оның 1-жолына QRSubDetaill компонентін орнатып, қасиеттеріне мәндерін меншіктеу:

Қасиет

Мән

Font

Times Kaz, 10

Bands HasHeader

True

DataSet

Tablel

QRSubDetaiIl компоненті терезесінің бірінші, екінші қатарлары ерекшеленіп, GroupHeader, SubDetaile сөздері жазылып қойылады.

  1. Бірінші жолға QRLabell, компонентін орнатып, оның Font қасиетіне Times Kaz, 12 мәндерін меншіктеу, Caption қасиетіне B u p a ж сөзін енгізу.

  2. Екінші жолға QRDBText1, QRDBText2, QRDBText3 компоненттерін орнатып, олардың DataSet қасиетіне ретімен Tablel атауын, DataField қасиетіне сәйкес өріс атауларын ++ меншіктеу.

QuickRep терезесінің оң түймесін шертіп, ашылған мәзірдің Preview (Көріп шығу) қатары арқылы дайындалған есепті арнайы терезеде көріп шығуға болады.

5. Buttonl түймесін екі рет шертіп, код терезесінде процедура құру:



Procudure Tforml.ButtonlClick(Sender: TObject);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет