Программа по специальности «5В050300 психология»



Pdf көрінісі
бет36/231
Дата10.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462341
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   231
5В050300-Психология

 
 


36 
OP1204 - ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ 
Көлемі 3 кредит 
 
Авторлары: 
Кабакова М.П. – психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.
Бердібаева С.Қ. - психология ғылымдарының докторы, профессор 
Пікір жазғандар: 
Перленбетов М.А. – психология ғылымдарының докторы, профессор, 
«Кайнар» Академиясының оқу-әдістемелік жұмысының проректоры 
Ким А.М. – психология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби
Атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы 
психология кафедрасының профессоры 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
Жалпы психология-өзінің ұзақ даму тарихы, зерттеу әдістері мен пәні 
бар психология ғылымының фундаменталды салаларының бірі болып 
саналады. 
Жалпы психология антикалық уакыттан бастап психологиялық 
зерттеулердің саласы ретінде барлық ғылымдарды туғызушы философия 
аясында қалыптасты. Өз беттілі тәуелсіз ғылым ретінде ХІХ ғасырда дүниеге 
келді және Лейпцигте әлемдегі бірінші эксперименттік психология лабора-
ториясы құрылып, 1879 жылы ғылымда мойындалған мәртебеге ие болды. 
Жалпы психологияның пәні туралы жалпы бекітілген түсінік әлі күнге 
дейін жоқ. Психологиялық феномендер мен заңдылықтардың интегралды 
табиғатымен, жүйелілігімен, жоғарғы күрделілігімен шарттанады. Алайда 
осы күндері тұжырымдалған ықпалдар аясында, отандық ғылымда жалпы 
психологияның пәніне адамдардың іс-әрекеті, қарым-қатынасы мен мінез-
құлқының психологиялық механизмдері мен фундаменталды фактілерін 
зерттеу мойындалған.
Сонымен 
қатар 
жалпы 
психологияның 
пәніне 
психология 
ғылымдарының әдіснамасы, оның пәнаралық байланыстары мен құрылымы; 
тұлғаның индивидуалды-типологиялық ерекшеліктері; психикалық 
процестердің дамуы мен заңдары да кіреді. 
Жалпы психологияның қазіргі заманауи сатыдағы дамуының маңызды 
мәселелері-оның теориялық-әдіснамалық негіздерін нығайту; құрылымдарын 
зерттеу; зерттеудің жаңа заманауи әдістерін жасау; тіршіліктің табиғи және 
жасанды (лабораториялық) жағдайында адамның психикалық процестерінің 
дамуын, қызметін зерттеу; тіршілік іс-әрекетінің субъектісі адам тұлғасының 
дамуы мен өмір сүруін, құрылымдардың заңдылықтарын табу; әлемдік 
психология ғылымының көп қырлы зерттеушілік тәжірибелерін жалпылау. 


37 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет