Программа по специальности «5В050300 психология»



Pdf көрінісі
бет42/231
Дата10.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462341
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   231
5В050300-Психология

ПСИХИКА ЖӘНЕ САНА 
 
Психиканың туындауы мен эволюциясы. Адам психикасының 
пайда болуы мен дамуы 
Психология тарихында психиканың белгілерін іздеу. Психиканың 
барлығы туралы объективті және субъективті белгілері. Психиканың 
элементар формасы ретінде сезгіштік ұғымы (А.Н. Леонтьевтің гипотезасы). 
Тітіркендіргіштік психиканың элементар формасы ретінде (В.А. Вагнердің 
гипотезасы).
Іс-әрекет пен психиканың даму сатылары. Туылған және индивидуалды-
өзгергіш мінез-құлық. Инстинкт ұғымы, жануарлардағы интеллект пен 
үйрену. 
Мінез-құлықтың рефлекторлық теориясы. Р. Декарттың рефлекс идеясы.
И.М. Сеченов, Ч. Шеррингтон, И.П. Павлов, П.К. Анохин, Н.А. 
Бернштейннің жұмыстарындағы рефлекторлық теорияның дамуы.. 
Жануарлардың іс-әрекеті жайлы түсінік, оның эволюция барысындағы 
күрделенуі. Жануарлардың іс-әрекетінің заттық мазмұны мен құрылысының 
өзара қатынасы. Жануарлардағы бейнелеу формалары. Жанауарлар мінез-


42 
құлқының мотивациясы. Биологиялық мағына ұғымы. Мінез-құлықтыың 
топтық формалары және жануарлардағы коммуникативті процесстер. 
Адам психикасының қоғамдық-тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи 
дамуға ауысуы. Қоғамдық өндіріс адамның тіршілік тәсілі ретінде. Еңбекке 
өтудің биологиялық алғы шарттары. Еңбек іс-әрекетінің сипаты: ұжымдық, 
қарулық, өнімділік (жаңа заттардың өндірісі). 
Еңбек іс-әрекетінде тілдің пайда болуы мен дамуы. Тілдің функциясы. 
Қарым-қатынасты адам белсенділігінің ерекше формасы ретінде бөліп алу. 
Адамдағы бейнелеудің деңгейлері. Сананың пайда болуы мен дамуы. 
Психологиядағы сана мәселесі. Сана және ұғынылмаған 
психикалық процесстер 
Сана психикалық бейнелеу мен өзіндік реттелудің жоғарғы деңгейі 
ретінде. Белсенділік және интенционалдылық. Сананың қасиеттері мен 
функциялары.
Сана және ұғынылмаған психикалық процестер. Ұғынылмаған 
психикалық процестердің мәселелерінің жалпы сипаттамасы. Ұғынылмаған 
процестердің жіктемесі. Д.Н. Узнадзенің ұғынылмаған ішкі дайындалу 
концепциясы ұғынылмаған процестерді З. Фрейдтің зерттеуі. Адам 
санасының күйі. Ұйқының физиологиясы. Іс-әрекетті реттеудегі ұғынылған 
және ұғынылмаған процестердің арақатынасы. 
Психология мен философиядағы сана мәселесі. Қоғамдық және 
индивидуалды сана. Сананың пайда болу шарттары: ұжымдық еңбек іс-
әрекеті және сөз. Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі.
Сананың нақты психологиялық сипаттамасы. Саналы бейнелердің 
құрылымы: сезімдік ұлпа, мән және жекелік мағына. Олардың саналы әлем 
көрнісін құрудағы рөлі (А.Н. Леонтьев). 
Жоғарғы 
психикалық 
функцияларды 
қалыптастыру. 
Жоғарғы 
психикалық процестердің әлеуметтік, жанмаланған, ерікті сипаты және 
олардың жүйелік құрылысы (Л.С. Выготский). Интериоризация түсінігі. 
Сананың дамуы мен іс-әрекет субъектісі (С.Л. Рубинштейн). Сананың және 
адам тұлғасының дамуы. (А.Н. Леонтьев). Адамзат тарихы мен 
онтогенезіндегі тұлғаның санасының дамуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет