Ситуациялық есеп №12
Емханаға көру жітілігінің төмендеуімен әйел қаралды. Анамнезінен кішкентай кезінде тізе буынының қабыну ауруымен ауырған. Тексергенде: OU – әлсіз жарықтан қорқу, көз алмасының инъекциясы, пальпация жасағанда көздің ауру сезімі жоқ, қасаң қабықтың ленте сияқты дистрофиясы, майда преципитаттар, жұлдыз тәрізді көздің қарашығы. Көру жітілігі OU - 0.2. Диагноз:
Увит. Бехчет ауруы.
Туберкулезді-аллергиялық кератоувит.
Увит. Стилла ауруы.
Увит. Рейтер ауруы.
Увит. Стивенса – Джонса.
Ситуациялық есеп №13
25 жасар әйел көру жітілігінің тез арада төмендеуін, қара дақтың пайда болуын байқады. Оң көз өзгеріссіз, пальпациялағанда ауру сезімінсіз, бірақ көзді қозғалтқан кезде ауырады. Көз түбінде самай жақтан көру жүйесінің дискісі әлсәз бозарған. Болжамалы диагноз:
Іркілген көру жүйесінің дискңсі.
Көру жүйесінің невриті.
Ретробульбарлы неврит.
Көру жүйесінің атрофиясы.
Көру жүйесінің дискісі глаукоматозды экскавациясы.
Ситуациялық есеп №14
50 жастағы науқас түнде пайда болған сол көзінің көру жітілігінің төмендеуіне, ауру сезіміне және бастың сол жағының ауруына шағымданады. Бірнеше күн бұрын ауыр эмоциялық толқу болған. Тексергенде: Vis OD - 0.5 коррек. (+)2.0=1.0 / OS = 0.4 коррекцияланбайды. Т – 17 мм.рт.ст. Сол көзі – көз саңылауының тарылуы, қасаң қабықтың преципиттаттар, алдыңғы камера орташа тереңдікте, көздің қарашығы тарылған, дұрыс емес формалыайқын іркілген көру жүйесінің дискісі. Оң көзі жасына сай. Диагнозды таңдаңыз.
Гипертоникалық криз.
Глаукоманың жедел ұстамасы.
Жедел конъюнктивит.
Жедел иридоциклит.
Ісінген катаракта.
Достарыңызбен бөлісу: |