Программа вступительного экзамена для приема в резидентуру



бет9/18
Дата12.12.2022
өлшемі281 Kb.
#467124
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
2021-programma-dlya-postupleniya-v-rezidenturu-po-speczialnosti-oftalmologiya 2

Ситуациялық есеп №22
Науқас К, 26 жаста. Оң жақ көзіне доғал затпен соққы алды. Содан кейін оң көз көруі кенеттен нашарлады. Объективті: көз жітілігі 0,04 н/к. Офтальмоскопта: көз түбінде шамалы көлемді қызыл дақ, айналасынба тор қабаттың белдікшесі сұр түстес. Диагноз? Не тағайындау керек?

  1. Гемофтальм. Жайылу терапиясы.

  2. Тор қабатының орталық артериясының жедел өтпеуі. Офтальмология бөлімшесіне жатқызу.

  3. Тор қабатының орталық венасының жедел өтпеуі. Жедел түрде офтальмология бөлімшесіне жатқызу.

  4. Тор қабатының жыртылуы. Жедел түрде офтальмология бөлімшесіне жатқызу.

  5. Гипертоникалық ангиоретинопатия. Жайылу терапиясы.


Ситуациялық есеп №23
Науқас 30 жаста. Көз бұршағына ойық жара алғанан кейін сары-жасыл гүлденген күнбағыс сияқты лайлану пайда болды. Қандай диагноз?

  1. Сидероз

  2. Асқынған катаракта

  3. Халькоз

  4. Көз бұршағының сублюксациясы

  5. Эндофтальмит


Ситуациялық есеп №24
Науқас көзіне соққы алғанан кейін заттарды екеу болып көруіне, экзофтальм, көздің жоғары қыймылдауының шектелуіне, төменгі қабақтың және бет аймақтар терінің сезімталдықтың төмендеуіне шағымданады. Бұл көрініс неге тән?

  1. Көз ұясының жоғарғы қабырғасы

  2. Көз ұясының төменгі қабырғасы

  3. Көз ұясының ішкі қабырғасы

  4. Көз ұясының сыртқы қабырғасы

  5. Барлығы


Ситуациялық есеп №25
Көз дәрігер қабылдауына 32 жастағы көлік жүргізушісі келді. Шағымдары: сол көздің ауру сезімі, жарықтан қорқу, көздің қызаруы. Айтуы бойынша 2 сағат бұрын көліктің желді әйнегі сынып, көзіне әйнектің сынығы түсті. Объективті: vis OD – 1,0 OS – 0,7 н/к. Оң жақ патологиясыз. Сол жақ көз жарығы шамалы тарылған, жарықтан қорқу, көз жасының ағуы, көз алмасының шамалыаралас инъекциясы байқалады. Қасаң қабағында 3 сағатта лимбқа жақын шамалы көлемді сызықты жара көрінеді, ұзындығы 3-4 мм, терең қабатқа дейін жатпеген. Алдыңғы камера ортаңғы тереңдікте, бір тегіс, көз түбі рефлексі алқызыл, көз түбі патологиясыз. Көз ішілік қысым пальпациялағанда қалыпты. Сіздің диагнозыңыз?

  1. Қасаң қабықтың өткір жарасы

  2. Қасаң қабықтың өткір емес жарасы

  3. Қасаң қабықтың ойық жарасы

  4. Көз ұясының сыртқы қабырғасы

  5. Иридоциклит




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет