Программаларды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу (информатика, 8-сынып) Педагогтің аты-жөні



Дата05.09.2023
өлшемі0.78 Mb.
#476628
түріПрограмма
5-ші сабақ Алгоритмді программалау 2


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Бөлім:

Программаларды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу (информатика, 8-сынып)

Педагогтің аты-жөні

Толқын Жақсылық, №68 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі

Күні:




Сынып:

8

Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді программалау

Оқу мақсаты:

8.3.1.1- өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
8.3.3.2- программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін білу және қолдану
8.3.3.1- таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану

Сабақтың мақсаты:




Сабақтың кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Тақырып: Алгоритмді программалау
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
-есепті шешудің жолдарын ұсына алу;
- есепті шешу үшін интерфейс құрастыру;
- есепті шешу тиімділігін арттыру үшін алгоритмдік құрылымдарды қолдану;
- есепті шешуді алгоритм трассировка арқылы ұсыну.

Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу




Презентация (1-3 слайдтар)

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты түсіндіру

«Программаны құрудың кіріктірілген ортасында есептер моделін қалай құруға болады?»


Проблеманы анықтағаннан кейін компьютерлік модельдеу көмегімен есептерді шешуге өтеміз.
Компьютерлік модель – бұл объект элементтері арасындағы өзара байланыс пен құрылымды бейнелейтін программа түріндегі объектінің шартты белгісі.
Компьютерлік модельдеу – бұл модельді қолдану негізінде күрделі жүйені талдау немесе жинақтау есептерін шешу әдісі.
Компьютерлік модельдеудің міндеті модельдеу негізінде сандық және сапалық нәтижелерді алу болып табылады. Құрылған компьютерлік модель негізінде программаны құрудың кіріктірілген ортасында есептеуіш эксперименттерінің сериясы жүргізіледі. Компьютерді қолданып, объектілердің немесе физикалық процестердің қасиеттерін зерттеу кезеңі модельмен жұмыс жасау режимдерін, тиімді параметрлерді табуға мүмкіндік береді.
Программалау ортасында программаны құру процесін қарастырамыз. Python ортасында программаны орындау үшін бірнеше кезеңдерден өту қажет.

Жаңа тақырыпты меңгеру




Презентация (4-6 слайдтар)

Практикум





Жаңа тақырыпты мұғаліммен бірге практикада қолдану арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация (7-10 слайдтар)

Бекіту

Тақырыпты меңгергенін анықтау
Тапсырма.
Алгоритмдік сөзтізбекті толтырыңдар. Cуретте берілген блок-сызбаларға тапсырма ойластырыңдар. Оған программа жазыңдар. Программаға трассировка жасаңдар.

Бекіту сұрақтары


1. Компьютерлік модельдеу не үшін қолданылады?
2. Программаны құрудың кіріктірілген ортасына есептерді шешудің қандай кезеңдері енеді?
3. Программаны құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешудің ықшамдалған сызбасын келтіріңдер.
4. Программаны құрудың кіріктірілген ортасында программаны жазу үшін қандай ерекшеліктерді сақтау керек?

Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация (11-12 слайдтар)

Қорытынды

Сабақты қорытындылау, рефлексия







Презентация (13 слайд)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет