Топтастыру: «Молекулалар» әдісі
Мұғалім оқушыларға енді олардың атомдар екенін айтады. Содан соң «10 атомнан молекулаға бірігіңдер!» деген тапсырма береді. Осылайша, атом санын азайта береді. Мұғалім өзінің қанша оқушыдан бірігетінін айтып топтастырады.
І топ: Атомдар
ІІ топ: Молекулалар
Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста - бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
Роботтар жайлы қандай әдеби шығармалар оқығансың?
Роботтар жайлы ең көп шығарма жазған жазушыларды білесің бе? (1-сурет)
Роботты қозғалысқа келтіретін қандай моторлар бар? Есіңе түсір.
|
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|