108
Бұл жоғарыдан төменге қарай үйлесімділікті қамтамасыз етеді.
Тікелей
қол жеткізуге болмайтын атаулардың болғанын қаламайтындар үшін жаңа
тақырыптық файлы анықталған:
// cstdio
namespace std{
int feof(FILE *f);
...
}
Егер программаға
файлы қосылған болса,
атаулар кеңістігінің
атын айқын түрде көрсету керек:
std::feof(j);
Атаулар кеңістіктерінің механизмі
#include
директивасымен біріге оты-
рып, байланысқан шамаларды логикалық топтастыру
мен олармен қатынасуды
шектеуді үйлестіру арқылы көлемді программалар жазу кезінде қажетті
икемділікті қамтамасыз етеді.
Көбінесе программаның кез келген функционалдық тұрғыдан аяқталған
үзіндісінде осы үзіндіні қолдану үшін қажетті интерфейстік бөлікті (мысалы,
функциялардың
тақырыптары, типтердің сипаттамалары) жəне оны жүзеге
асыру бөлігін, яғни қосалқы айнымалыларды, функцияларды жəне сырттан
қол жеткізуге болмайтын басқа да құралдар бөлігін жекелеп көрсетуге болады.
Атаулар кеңістіктері жүзеге асыру ерекшеліктерін
көрсетпеуге, яғни програм-
ма құрылымын жеңілдетуге жəне қателер санын азайтуға мүмкіндік береді.
Программаны модульдерге жоспарлы түрде бөлу, интерфейстерді айқын түрде
спецификациялау жəне оларға қол жеткізуді шектеу программалаушылар
тобының жоба бойынша тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.