Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-нұсқа Матрицадағы А ij элементінің көршілері деп  i-1 ≤ k ≤ i+1, j-1 ≤ l ≤ j+1



Pdf көрінісі
бет139/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

9-нұсқа
Матрицадағы А
ij
элементінің көршілері деп 
i-1 ≤ k ≤ i+1, j-1 ≤ l ≤ j+1, 
(k, l) ≠ (i, j)
теңсіздіктері орындалатын А
kl
элементтерін атаймыз. Мат-
рицаны тегістеу операциясы деп өлшемі бастапқы матрицамен бірдей, бірақ 
оның əрбір элементі бастапқы матрицаның сəйкес элементі көршілерінің 
арифметикалық ортасы ретінде анықталатын жаңа матрицаны айтады. 
Берілген 10х10 өлшемді нақты матрицаға тегістеу операциясын қолданып, 
жаңа матрица құру керек.
Тегістелген матрицадағы бас диагональдан төмен орналасқан элементтер 
модульдерінің қосындысын табыңыз.
10-нұсқа
Егер матрицаның элементі оның барлық көршілерінен міндетті түрде кіші 
болып келетін болса, онда ол жергілікті минимум деп аталады. Берілген 10х10 
өлшемді матрицаның жергілікті минимумдарының санын табыңыз.
Матрицаның бас диагоналынан жоғары орналасқан элементтері модуль-
дерінің қосындысын табыңыз.
11-нұсқа
Сызықтық теңдеулер жүйесінің коэффициенттері тікбұрышты матри-
ца түрінде берілген. Орындауға болатын түрлендірулер көмегімен жүйені 
үшбұрышты түрге келтіріңдер.
Матрица элементтерінің арифметикалық ортасы берілген шамадан кіші 
болатын жолдар санын табыңыз.
12-нұсқа
Берілген матрицадағы нөлдерден тұратын жолдар мен бағаналарды алып 
тастау арқылы оны тығыздап ықшамдау керек. 
Кемінде бір оң элементі бар алғашқы жолдың нөмірін табыңыз.
13-нұсқа
Тікбұрышты матрица элементтерін n элементке оңға немесе төмен қарай 
(көрсетілген бағытқа байланысты) циклдік түрде ығыстыру керек. n санының 
мəні жолдағы немесе бағанадағы элементтер санынан артық болуы мүмкін.


154
14-нұсқа
MxN өлшемді квадрат матрица элементтерін элементке оңға қарай циклдік 
ығыстыруды келесідей түрде жүзеге асыру керек: 1-ші жол элементтері соңғы 
бағанаға жоғарыдан төмен қарай орналастырылады, сол бағана элементтері 
соңғы жолға оңнан солға қарай, сол жол элементтері бірінші бағанаға төменнен 
жоғарыға, сол бағанадағы элементтер бірінші жолға ығыстырылып орналасты-
рылады; қалған элементтер үшін дəл осы үлгідегі əрекеттер орындалуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет