Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


monstr класынан мұраланған өрістерді туынды класс функциялары пай- далана алмайды, өйткені олар базалық класта  private



Pdf көрінісі
бет198/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

monstr
класынан мұраланған өрістерді туынды класс функциялары пай-
далана алмайды, өйткені олар базалық класта
 private
түрінде анықталған. 
Егер 
daemon
класында анықталған функциялардың осы өрістермен жұмыс 
істеуі қажет болса, онда оларды базалық класта 
protected 
түрінде анықтауға 
немесе оларды 
monstr 
класындағы функциялар көмегімен пайдалануға бола-
ды, немесе оларды осының алдындағы бөлімде көрсетілгендей, нақты түрде 
daemon
класында қайта анықтау керек (218 б.).
Əдістердің мұралануын қарастыра отырып, 
daemon
класында 
сипатталған 
draw
əдісі 
monstr
класында дəл осы атауға ие болған əдісті 
қайта анықтайтынына назар аударыңыз (себебі əртүрлі кейіпкерлерді бей-
нелеу əртүрлі орындалады). Осылайша, туынды класс базалық кластың іс-
əрекеттерін тек толықтырып қана қоймай, сонымен қатар түзете де алады
1

Базалық кластың қайта анықталған əдісіне туынды кластан қол жеткізу көріну 
аймағына қол жеткізу операциясының (
::
) көмегімен нақтыланған оның 
атауы арқылы орындалады.
Виртуалды əдістер
Объектілермен жұмыс көбінесе нұсқауыштар арқылы орындалады. 
Базалық класс нұсқауышына кез келген туынды кластың объектісі адресінің 
мəнін меншіктеуге болады (ашық мұралау кезінде):
1
Туынды класта тек виртуалды əдістерді қайта анықтаған жөн (келесі бөлімді қараңыз).


222
// Базалық класқа нұсқауыш сипатталады:
monstr *p;
// Нұсқауыш туынды класс объектісіне сілтеме жасайды:
р = new daemon;
Объектінің əдістерін шақыру нұсқауыш сілтеме жасайтын объектінің 
нақты типіне емес, нұсқауыштың типіне сəйкес орындалады, сондықтан опе-
ратор орындалғанда, мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет