242
далуы тоқтатылады да, соған сəйкес келетін өңдеуіш ізделіп,
оған басқару
беріледі. Көбінесе аластама тікелей
try
-блокта емес, оған тура немесе жанама
түрде қабаттастырылып енгізілген функцияларда генерацияланады.
Ішкі блокта пайда болған аластама əрқашан бірден дұрыс өңделе бермейді.
Мұндайда қабаттасқан бақылаудағы блоктар қолданылады да, аластама
параметрсіз
throw
түйінді сөзінің көмегімен жоғары орналасқан деңгейге
беріледі.
Аластамаларды
өңдеу
catch
түйінді сөзінен басталады да, оның арты-
нан өңделетін аластама типі жазылады.
Олар тікелей
try
-блоктан кейін ор-
наласуы тиіс. Өңделетін аластамалар типтеріне сəйкес бір немесе бірнеше
өңдеуіштерді жазуға болады. Өңдеуіштердің синтаксисі
аластама типіндегі
бір параметрі бар функцияның анықтамасына ұқсас болады. Өңдеуіштер
синтаксисін жазудың үш формасы бар:
catch(тип атауы){ ... /* өңдеуіш тұлғасы */ }
catch(тип){ ... /* өңдеуіш тұлғасы*/ }
Достарыңызбен бөлісу: