Программалау тілінің орны «Visual Basic»



бет29/34
Дата02.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#452980
түріПрограмма
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
VB

Лекцияның мәтіні:

ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚАРАП ШЫҒУ ТЕРЕЗЕСІ

Жобаның құрамына енетін барлық элементтерді қарап шығу үшін Visual Basic 6 ортасы өте ынғайлы мүмкіндік Объектілер­ді қарап шыгу терезесі, басқаша айтқанда, Oбъектілер браузері (Браузер объектов - Object Browser) деп аталатын терезені үсынады.

Бұл терезе арқылы жобаға кіретін барлық элементтерге ғана емес олардың қасиетгеріне, әдістеріне, оқиғаларына қатынас жасауға болады.

Объектілерді қарап шығу терезесінің түрі мына төменде көрсетілгендей болады.

Бұл терезені сипаттамаларды қарап шығу терезесі деп те атайды. Оны мынадай тәсілдермен ашуға болады:

> жобаның Басты панеліндегі Түрі (Bид - View) мәзіріндегі Объектілер браузері (Браузер объектов - Object Browser) командасы­ның көмегімен;

> Саймандар панеліндегі Объекттер браузері (Браузер объек-тов-Object Browser) батырмасын шерту арқылы.

Объектілер браузері (Браузер объектов-Object Browser) терезесі-нен Сіз екі тізімді көресіз:


  • Кластар (Классов- Classes) тізімі;

  • Таңдалынган кластың сипаттамасы (Характеристика вы-
    бранного класса-Members of Class) тізімі.

Белгілі класты, яғни бірінші тізімдегі қатарды бөліп алып Сіз бірден екінші тізімге, яғни бөлініп алынған кластың сипаттамалар­мен қатынас жасай аласыз. Бұл сипаттамаларға мысалы, мыналар жатады:


  • I
    қасиетінің әдістері;

  • сіздің таңдап алған класыңызға қатысты оқиға.

Айтайық, Сізді Командалық батырма (Командная кнопка-Сот-mandButton) класы объектілеріігің сипаттамалар тізімі қызықтырады дейік. Ал Бұл тізімнен Сіз осы кластага объектілермен өтетін Click оқиғасын тапкыңыз келеді.

Объектілер браузері (Браузер объектов - Object Browser) терезе-сінен Сіз өзіңіздің сипаттамаларды қарап шығу терезесімен жасаған қатынасыңыздың нәтижесін коресіз. Олар мыналар:



  • программалық модульдар (мысалы, Constants модулі);

  • кластар тізімінің үзіндісі;

  • объеюгілер класы (мысалы, ComboBox класы);

  • өзіңіздің жобаңыздағы нақтылы объекгілердің аттары (мысалы, Сынау Ғобъектісі);

  • түрақтылар класы (мысалы, ColorConstants класы).

  • қасиеті бар ерекшеленген кластың сипагтамалары тізімнің
    үзіңдісі (мысалы, Caption қасиеті);

  • оқиғалар (мысалы, Click оқиғасы);

  • әдістер (мысалы, Drag әдісі).

Әрбір тізімнің кез келген катары тек кластың атын және осы кластың сипаттамасының атын ғана қамтымайды, сонымен бірге сәйкес таңбашаны да қамтиды. Жоғарыда келтірілген мысал осы таңбашалардың кейбіреулері туралы түсінік береді.

Объектілер Браузері (Браузер Обьектов - Object Browser) терезе-сінің төменгі бөлігінен Сіз берілген мезетте оң жақтағы тізінде ерекшеленген сипаттамалар туралы анықтамалық информациясы бар (біздің жағдайымызда — бұл осы оқиғанын; нені білдіріп түр-ғандығының қысқаша аннотациясы яғни басқаша айтқанда — Click оқиғасы туралы мәлімет) мәтінді көресіз.

ЖОБА СІЛТЕУІШІНІҢ ТЕРЕЗЕСІ

Жоба сілтеуішінің терезссі (Project) Басты панельдің жоғарғы оң жақтағы бұрышына орналасқан.

Ол ағымдағы жобаның (берілген жағдайда Project1) барлық қүрамды бөліктерін иерархиялык каталог түрінде бейнелейді және олардың арасында ауысып қосылуға мүмкіндік береді.

Ол пішіні бойынша және атқаратын қызметі бойынша Windows операциялық жүйесінің Сылтеуішіне үқсас.

Қосымшаны қүрайтын барлық объектілер жобага бірігеді. Жоба дискіде кеңейтілуі .vbp болатын Visual Basic жобасы (Проект Visual Basic-Visual Basic Project) жеке файл ретінде көрініп түрады. Жобадағы объекгілер тізімін Жоба сілтеуішінің терезесінен көруге болады.

Ең қарапайым жоба әдетте бір ғана пішіннен, яғни қосымша пайдаланатын терезеден түрады.

Жоба сілтеушінің терезесі Windows жүйесінің осы тәрізді терезесіне өте үқсас және тандалынған жобаның құрамын және қаси-еттерін оңай әрі тез қарап шығуға, егер олар бірден бірнешеу болып ашылса жобалар арасында орын ауыстыруға Windows жүйесінің сілтеуішінде жүзеге асырылғандарға үқсас қажетті объектілерді бір жобаның терезесінен басқасына көшіруге мүмкіндік береді.

Жоба сілтеушінің терезесінде Visual Bade 6 ортасына жетілдіру немесе түзету үшін жүктелген бүрыннан бар, не жасактала бастаған жаңа жобаның, не жобаның ішіндегісінің графикалық көрсетілуі көрініп түрады.

Графикалық көрсетілу дегеніміз сол жобаға жататын барлық файлдардың бүтағы немесе тізімі. Бұл файл бір ғана пішіннен түрады немесе жобада бірнеше пішін болса, онда мұндай файлдар бірнешеу болады.

Бұл бұтаққа немесе тізімге өзіне пішінді немесе бірнеше пішінді қосып алатын жобаның файлы енуге тиіс екендігі табиғи нәрсе.

Жобаға типтері басқа файлдар да ене алады, мысалы, программа­лық модульдердің файлдары. Программалық модуль файлдары атының кеңейтілуі bas болады.

Жоба сілтеуіші терезесін мына төмендегідей тәсілдермен ашуға болады:



  • жобаның басты панеліндегі Түрі (Bud-View) мәзірінің Жоба
    сілтеуіші (Проводник проекта - Project Explorer) терезесі командасы­ның көмегімен;

  • Басты панельдегі саймандар панелінің Жоба сілтеуіші
    (Проводник проекта - Project Explorer) терезесінің батырма­сын шерту арқылы.

Біз жұмысты "нөлден ", яғни жаңа жобаны жасай бастаған бір-інші жағдайда осы терезенің саймандар панелінің үшінші батырмасы, атап айтқанда, Қапшықтарды ауыстырып қосқыш (Toggle Fol­ders) басамыз және ішіндегісі файлдар бутағы тұрінде көрсетіледі.

Ал екінші жағдайда бұл батырма басылмайды және ішіндегісі файлдар тізімі түрінде көрсетіледі.

Әзірше жоба ешқандай элементгермен толтырылмаған, бір пішіннен басқа ештеңе жоқ.

Біз жобаның өзін және пішінді ешқандай атпен атамағандықтан Visual Basic 6 ортасы оларға Project1 және Ғоrm1 деп ат қояды.

Егер біздің жобалау ортамыз бос болмай және онда қандай да бір жоба болса, онда Жоба сілтеуішінің терезесі мына төмендегідей болып көрінеді.

Жоба сілтеуіші терезесінің басқару панелінде қызметтері мына кестеде келтірілген үш батырма бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет